Просмотр содержимого документа
«Тоқым қағар салты»
Тақырыбы : Жыл басы – наурыз «Тоқымқағар»
Мақсаты; балаларды халқымыздың игі дәстүрлерін , ізгі қасиеттерін инабаттылық рухани адамгершілік қағидаларын ұстануға үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Қазақ халқының әдет ғұрпы мен салт дәстүрлері туралы кең көлемде мағлумат беру.
Балаларды білім білік дағдылырын дамыту, рухани кемелдендіру
Өзіне деген сенімділікке, этика, эстетика патриодтық тұрғыда тәрбиелеу
Көрнекілік: Отбасы мүшелерінің суреттері, ер тоқым , наурызға арнап жайылған дастархан
Тоқымқағарға қатысушылар: ұлттық киімдегі балалар, жолға шығатын бала
Сөздік жұмыс: отбасы, тоқым, ат
Оқу іс әркетінің барысы:
Хош келіпсіз біздерге,
Сәлембердік сіздерге.Балалар бүгін бізде ерекше оқу іс әрекет. Біз бүгін наурыз мерекесін тойлаймыз. Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз мерекесінде түрлі сал жэоралғылар жасалады. Соның бірі «Тоқымқағар» салты
Бүгін біз тоқымқағар салтын жасаймыз. Тоқымқағар – ойын сауық ,салт ойыны. Көбінесе жас баланың алғашт рет үйден жырақ , алыс сапар шеккенде немесе қызы ұзатылған үйге жыйылып , «Тоқым қағар» бастаған. Олай болса балар бізде тоқым қағар салтын бастайық.
Бүгін біздің Айтбек ұзақ уақытқа демалысқа алғаш рет алыс жаққа барғалы отыр. Біз оған жақсы тілектерімізді білдіріп өз өнерімізді көрсетіп көңілді шығарып салайық.