Кезең: дыбыс қою.Сабақтың мақсаты: Дұрыс артикуляция қалпы дағдыларын қалыптастыру. Фонематикалық қабылдауындамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Құрал - жабдықтар: айна, артикуляциялық жаттығулардың фото жинағы, заттық суреттер, белгі беретін жалауша.Сабақтың жоспары:1. Дыбысты қою. 2. «Л» дыбысын қоюға арналған дайындық артикуляция жаттығуларын жасау.3. Ұсақ моторикасын дамыту4. Ойын тапсырмалар орындау.5. Сабақтың қорытындысы.Сабақ барысы1. Мұғалім-логопед: Біз қазір «Л» дыбысын дұрыс айтып үйрену үшін тіл мен ерінді жаттықтыруымыз керек. Ол үшін алдымен «Л» дыбысының артикуляциялық қалпын үйренуіміз керек. Суретін көрсете отырып үйрету.