Просмотр содержимого документа
«Санамақ үрдісін дамыту»
Санамақ үрдісін дамыту.
Мақсаты: Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Дидактикалық
ойындар арқылы логикалық ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын дамыту.
Олардың 1-5 дейін тура және кері санауын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Сандық үлестірме, сіріңке қорабындағы сандар, ертегі кейіпкерлері, доп,
көкөністер, жәндіктер суреттері.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, жақсы тілектер айтады.
Психолог - Қайырлы қүн достар, қонақтар!
Балалар -Армысың шапағатты Күн - ана!
Армысың шапағатты Аспан – ана!
Армысың мейірімді жер - ана!
Құт дарып бар әлемді жарылқа!
Псиолог: Күн- ана өзінің мейірім шуағын төгіп, біздің жан дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Күн сәулесі біздің бетімізге, алақанымызға, саусағымызға мейірім шуағын төкті. Балалар осы жүрек жылуын бір-бірімізге қонақтарға сыйлайықшы. «Мейірім шуағы» атты ойын ойнап көрейік.
Жүргізуші: Ойынның шартын түсіндіреді.
Қолындағы жіпті қасындағы балаға ұсынады, сұрақ қояды.
-Сен кімсің?
Бала: -Мен Абдулхамитпын
-Мен Қымбатпын.
Осылай шеңбер бойында күн бейнесі бейнелейді.
Осы күн бейнесі қандай геометриялық бейнеге ұқсайды.
«Жазылмай қалған санданды ата»
Мақсаты :
Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту.
Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу.
Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.
Барысы: Тәрбиеші балаларға текше таратып береді.Ол текшелерге сандар жазылады, сандар толығымен жазылмайды. Мысалы: 1 3 5
Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса , текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды.
«Қанша болса ,сонша »
Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.
Барысы: Тақтаға 2 бала шығарып, сандық үлестірмені көрсетіп, сандық үлестірмеде қандай сан болса , сонша қимыл жасау.Тапсырманы сандарды өзгерте отырып , 2-3 рет қайталату керек.
«Қандай сандар жетпейді »
Мақсаты: Сандарды атай білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.
Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек.
«Қанша? Қандай?»
Мақсаты:1-5 ге дейінгі сандарды санауды бекіту.
1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру.
Көрнекілік: Сандар( «Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша )
Барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Ертегі кейіпкері бойынша санау, әңгімелеу, сандармен ретін анықтау.
«Әрі қарай кері сана»
Мақсаты: 5 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды үйрету.
Көрнекілік : доп
Барысы: Тәрбиеші санды атап , бір баланың атын атап « Әрі қарай кері сана»- дейді. Осылай ойын әрі жалғаса береді.
« Заттарды сана»
Мақсаты:
Балалардың назарын дамыту , байқағыштығын арттыру.
Көкеністер санымен сандарды тауып қою.
Ойын арқылы көкөністер түрлері туралы білімдерін бекіту.
Барысы: Тәрбиеші балаларға көкөністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкөніс түрлері болуға тиіс.
«Дыбыс арқылы санды тап»
Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.
Барысы: Тәрбиеші карандашпен үстелді дыбыс шығаратындай етіп тықылдатады.Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифырларынан тиісті санды көрсетеді.
«Жәндікте неше аяқ бар »
Мақсаты:
Санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту.
Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.
Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.
Балалар бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды. Біз бүгін 1-5ге дейінгі сандарды тура және кері санап дағдыландық, жарайсыңдар . Қош сау болыңдар.