"Миға шабуыл "әдісі бойынша сұрақ-жауап: -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Қазір көктем мезгілінің қай айы? -көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады Бүгін біз сендермен « Ас атасы - нан» тақырыбына ерекше сабақ өтеміз. Әліппе -дәптермен жұмыс: Дән Жарып шыққан қауызын, Дән - өмірлік азығың. Жегеніңде ақ нанды Нәрге толар ауызың. Ерте тұрып ақ таңнан Қара жерге нәр құйған, Айналайын диқаннан Егін егіп, нан жиған. (Әнуарбек Дүйсенбиев) – Өлеңде не туралы айтылады? – «Жарып шыққан қауызын» дегенді қалай түсінесің? – Бидай – қауызды жарып шығады. – Егінді кім өсіреді? Міне бүгін біз осы жайында білетін боламыз. ---«Мақта қыз бен мысық» ертегісін бәрің білесіңдер,бүгін біз сол « мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісі бойынша нанның дастарханға қалай келетінін білетін боламыз. 1 слайд ---Бір күні мақта қыз үй сыпырып жүріп,нан қоқымының шашылып жатқанын қөреді де мысығын шақырады.Мысығым, мысығым мұнда кел,сен неге нан қоқымын шашасың . --Нанды шашуға,қорлауға болмайтынын білмейсіңбе ? --Нан басты тағам оны «Ас атасы нан» деп неліктен айтатынын және дастарханға қайдан келетінін біліп,нанды қадірлеуді үйренгенше мен сенің құйрығыңды бермеймін деп құйрығын жұлып алады.Мысық кешірім сұрап,мен онда нан сататын сатушыдан сұрап келейін дейді де,сатушыға келеді. 2 слайд --Сатушы,сатушы сен маған айтшы нан қайдан келеді неге оны басты тағам дейді? --Оны наубайшыдан сұра. Мысық наубайшыға келеді. 3 слайд --Наубайшы,наубайшы маған айтшы,нан қайдан келеді неге оны қадірлеу керек дейді? --Оны диірменшіден сұра. Мысық диірменшіге келеді. 4 слайд
--Диірменші,диірменші маған көмектесші нан дастаханға қайдан келеді ,неге оны басты тағам деп айтады? --Оны комбайыншыдан сұра. Мысық комбайыншыға келеді. 5 слайд Комбайыншы, комбайыншы маған айтшы нанды неге қадірлеп,оны басты тағам дейді. --Оны егін егетін диқаннан сұра. 6 слайд Мысық диханға келеді одан да көмектесуін сұрайды. Бірақ ол соқашыға жібереді. 7 слайд Әбден шаршаған мысық соқашыға мұңын шағып сұрақтарына жауап беруін өтінеді. --Жарайды мысық мен сенің сұрақтарыңа жауап берейін сен әбден шаршапсың ,жүріп өткен жолыңдағы еңбек етіп жатқан адамдарды көрдің ба? -Міне соның бәрі бидайдың өсу жолдары,ал сен наның бидайдан жасалатынын білетін шығарсың.Осы жолдың бәрі наның дастарханға жету жолы. --Өзің көрдің ғой қандай еңбек жүріп жатқанын,қанша күш жұмсалатынын нанның дастарханға қандай қиындықтармен келетінін. ---Міне сондықтан да нан қадірлі және басты тағам дейміз енді біліп жүр және мақтақызға айтып бер қандай қиындықтан өткеніңді. Мысық Мақтағызға келіп,барлығын айтып береді.Және нанды енді қадірлеуді,босқа шашпауды ұғынғанын айтады. Мақтақыз риза болып құйрығын қайтарады. Ой қозғау стратегиясы. --Ал енді сендер нанның дастарханға қалай келетінін,білдің дер ме? Неге біз « Ас атасы нан» деп атайды екенбіз? Енді мен сендердің қаншалықты нан туралы білгендіктеріңді тексерейін. Ол үшін біз топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Қолымыздағы фишкалар бойынша орнымызды табамыз. Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса, іске сәт, балалар! «Диханшылар тобы» Тапсырма Суретпен жұмыс Мысықтың жүріп өткен жолдарын, яғни нанның дастарханға келу жолдарын еске түсіріп, суреттерді ретімен орналастырып,мазмұнын айтып беріңдер. «Диірменшілер тобы» Тапсырма Үстел үстіндегі дақылдардың ішінен, нанды қайсысынан және қалай дайындайтынын айтып беріңдер.(сурет арқылы көрсете отырып) «Наубайшылар тобы» Тапсырма НАН сөзіне дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрау. V. Әліппе –дәптермен жұмыс Нан түрлерін ата,бидайдан басқа қандай дәнді дақылдарды білесің? Егер нан ақ болса,... Егер нан қара болса,... VІ. Жұмбақ шешу. Қыр басында әр қилы, Сары теңіз толқиды (бидай). Сергіту сәті: Жайқалады ақ бидай, басын иіп аққудай Трактор мен комбайн жүргізуге ол дайын Дидактикалық ойын: Ойын: «Сөйлемді жалғастыр». Бидайды егіп, күтіп-баптайтын адам... Піскен бидайды жинайтын техника - ... Бидайдан ұн тартатын жер - ... . Ұннан нан пісірілетін жер - ... . (Ө) VII.Сөзжұмбақ шешу Сөздерді санның ретімен оқысаң мақал шығады. (ас атасы – нан) Сюрприздік момент. түрлі нан салынған себет.(таба нан туралы айтып кету)
• Сыныпта тиімді әңгімелесу және мақсатты жауап алу тәсілдерін пайдалану және жоспарлау арқылы үйренгенін тексеремін және бағалаймын.
VIII(Ө) қорытынды жасау, балаларды марапаттау. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан бидай дәндерін түсті қарындашпен бояуын сұраңау: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|