Просмотр содержимого документа
«Сәндік Аппликация»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
№15 технологиялық картасы
Өткізген: Жумашбекова С.Т
Өткізу мерзімі: 22.11.2017жыл
Жас ерекшелігі: ересектер тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: «Аппликация»
Тақырыбы: Сәндік аппликация. «Тәрелкелер»
Мақсаты: тәрелкені сәндеуге үйрету.
Міндеттері:
БМ: пішіндерді үйрете отырып тәрелкені сәндеу.
ДМ: Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Қол моторикасын, зейінің дамыту.
ТМ: өзіндік еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.
Қолданатын құралдар: тәрелкелердің суреттері, жасалған үлгі, майлықтар.
Сөздік жұмыс: тәрелкенің шеті.
Қостілділік компонент: тәрелке-тарелка- plate
Қызметтің кезеңдері
Педагогтың іс - әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Балалар мен балабақшаға келе жатқанда Айгерім қуыршаты кездестірдім. Оны өзімен бірге алып келдім. Балалармен амандасады.
Балалар қыршық Айгеріммен амандасады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Ол өте көңілсіз ия балалар?
Мен одан сұрағанда ол өз оқиғасын айтты. Балалар Айгерімнің әжесінің туған күні екен. Ол өз әжесіне мына тәрелкені сыйға бермекші. Ал оны қалай сәндеу керек екенің білмейді.
-Балалар біз қуыршақ Айгерімге көмектесеміз бе?
-мына тәрелкені біз сәндейміз.
Балалар берілген үлгіні қарайды, суреттер қай жерлерде орналасқаның анықтайды.
Суреттің барлығы тәрелкенің ортасында орналасқан екен.
-Балалар тәрелке қандай пішінді?
-ал тәрелкенің шеті қалай суреттелген. Онда үлкен және кішкентай домалақтар кезекпен жапсырылған.
Түсіндіріп көрсету.
Сендердің әр қайсыларында тәрелке бар. Дайындап қойға қайшымен ақырын үлкен домалақты қиямыз. Оны қиып болған сон желім алып, ортасына жапсырамыз. Ал сары орташа домалақты үстінгі жағына қиып жапсырамыз. Сол әдіспен келесі домалақты астынғы жағына қиып жапсырамыз. Келесі домалақты оң және сол жағына жапсырамыз. Ал кішкентай жасыл домалақ пішіндерді үлкен дердің ортасына жапсырамыз.
Сөздік жұмыс: тәрелкенің шеті.
Қостілділік компонент: тәрелке-тарелка- plate
Балалардың өзіндік жұмысы.
Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балаларға қайшымен абайлап жұмыс істеу керектігін айтады. Желіммен де ұқыпты болу керек. Қағазға ғана жапсыру керек.
Балалар сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар қуыршақ Айгерімге көрсеттіңдер көмектестіңдер.
Қуыршақ Айгерім сенгерге рахметін айтады.
-Ия!
-Ия!
Балалар берілген үлгіні қарайды.
-Домалақ.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап көрсеткенің жаттап алады.
Балалар үш тілде қайталайды.
Балалар алдарындағы заттарды алып жұмысқа кіріседі.
Дайындап қойға қайшымен ақырын үлкен домалақты қияды. Оны қиып болған сон желім алып, ортасына жапсырады. Ал сары орташа домалақты үстінгі жағына қиып жапсырады. Келесі домалақты оң және сол жағына жапсырады. Ал кішкентай жасыл домалақ пішіндерді үлкен дердің ортасына жапсырады.
-Оқасы жоқ.
-Тағы келіп тұр.
Рефлексивті – түзетушілік
-Біз бүгін не жасадық?
-Тәрелке қандай пішінді?
-Кімге көмектестік?
-Тәрелкені қалай әшекейледік?
-Домалақтары қандай түсті болды?
Балалардың жауаптары.
Балалардың ой –пікірлері.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Заттардың бөліктерінің пішінін, құрылымын, қатынастарын;