Просмотр содержимого документа
«Ертегілер еліне саяхат»
Тақырыбы : «Ертегі еліне саяхат»
Мақсаты :
Білімділік: геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар.
Дамытушылық: өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін, байқампаздығын, сабаққа
қызығушылығын дамыту, өздігінен талдау жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, денсаулық шараларын дамыту.
Сабақтың түрі : «Саяхат».
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрініс ертегі кейіпкерлерін жандандыру.
Қажетті құрал-жабдықтар : магниттік тақта, геометриялық пішіндер.
Пәнаралық байланыс тіл дамыту, денешынықтыру, математика, сенсорлық тәрбие, өзін-өзі тану.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Амандасу рәсімі : Армысыз, мейірімді Аспан Ата!
Армысыз, қайырымды Жер Ана!
Армысыз, шұғылылы Нұрлы Күн!
Армысыз, балалақша дос-жаран!
Армысыз, құрметті апайлар!.
(балаларды орындарына отырғызу).
Тәрбиеші : Балалар, бүгін бізде математика сабағы.Өткен жолы геометриялық пішіндермен таныстық. Біз бүгін саяхатқа шығамыз. Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.
(бауырсақ келеді, музыкалық әуен ойналады).
Бауырсақ : Менің атым Бауырсақ,
Мені пышақпен қырып алды,
Қанатпен сыпырып алды.
Қаймаққа иледі,майға пісірді.
Мен атадан кеттім,
Мен әжеден кеттім,
Тыңдамадым атамды,
Тыңдамадым әжемді
Үйімді мен сағындым,көмектесші балақай.
Тәрбиеші : Баурысақ қай ертегінің кейіпкері?.
Балалар : Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.
Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?
Бауырсақ: Сары.
Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай?
Бауырсақ: Домалақ, шеңбер.
- Балалар, біз бауырсақты атасы мен әжесіне апаруға көмектесейік. Оған баратын жолды көрсетейік. Енді орманға серуенге барайық (әуен ойналады).
Балалар бір шыршаның түбінде жылап тұрған қоянды көреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, қоян. Сен неге жылап тұрсың?
Қоян : Менің тұратын үйім жоқ.Соны маған табуға
көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Біз саған көмектесейік. Мынау геометриялық пішіндер.
Балалар мынау қандай пішін, сендер білесіңдер ме?.
Балалар : Төртбұрыш (оның төртбұрышы бар).Мынау үшбұрыш (оның үш бұрышы бар).Мынау шеңбер (ол домалақ болады).
Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі.
Қоян : Балалар сендерге көп-көп рахмет.Менің енді баспанам болды.Рахмет мен енді өз жөнімен кетейін.
- Орманда келе жатқанда алдынан қасқыр кездеседі.
Қасқырдың сөзі: Балалар менің қарыным ашып тұр. Мен
бауырсақты жеймін.
Балалар : Жоқ, сен бауырсақты жемеші, біз бауырсақты атасы мен апасына апаруға көмектесейік деп келе жатырмыз.
Қасқыр :Онда сендер, мені сиқырлы көпірден өтуге көмектесіңдер. «Не көп, не аз» деген тапсырмамды орындаңдар.
Суретте шырша, қозықұйрық, мандарин, жапырақ салынған.
Балалар тапсырманы орындайды.
Қасқыр : Рахмет балалар, мен сендерден көп нәрсе үйрендім.
Мені сиқырлы көпірден өткізуге көмектесіңдер.
Мен енді өз жолыммен кете беремін.
Сергіту сәті : Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп,теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Тапсырма :Түс пен пішінді ажырата білу (қызыл шеңберге секір, жасыл төртбұрышқа аяқ қой, көк үшбұрышты атта, аяқ табанының массажы).
Бауырсақ: Келе жатып түлкіні кездестіреді.
Түлкі :Бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жемеші, мені. Мен балалардан көп нәрсені үйреніп келе жатырмын. Сен бізді бір сынап көрші.
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.
1. Қыста ақ,
Жазда сүр.
(қоян)
Мен бал құмар қорбанбаймын,
Тәтті ұрлауға қорланбаймын.
(аю)
Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу.
(түлкі).
Түлкі : Сендер менің тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар. Мен сендерге ризамын.Бауырсақты жемеймін.
Балалар : (Біз бауырсақпен қоштасамыз).
Бауырсақ, мына жолмен тура жүрсең атаң мен әжеңе барасың.
Бауырсақ :Мен сендерден көп нәрселер үйрендім. Сендерге
рахмет. Атам мен әжем тосып отырған шығар. Үйіме қайтайын.
Қош сау болыңыздар.
Сабақты бекіту :
- Балалар бүгін біз сабақта немен таныстық? Ең бірінші қоянға көмектестік.Онда біз геометриялық пішіндер үй жасадық.
Екінші қасқырға көмектестік. «Не көп, не аз» деген ұғыммен таныстық.
Түлкінің жұмбақтарын шештік.
Тәрбиеші : Өз көңіл-күйлерінен алған сабақтың әсерін байқаттыңдар. Біздің сабағымыз өте қызықты, әсерлі болды. Олай болса біз бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен аяқтаймыз.