kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Б?гін балаба?ша т?легі, ерте?- мектеп о?ушысы...»

Бала... бала- ?мір г?лі. Ал г?лдер еш?андай жасандылы?сыз, шынайылы?пен бапта?анда ?ана ?седі, сонды?тан да, мен ?зімді «ба?бан» ретінде сезінемін.                                                                                                                               Француз а?артушысы,жазушы Жан-Жак Руссо:«Бала ту?анда а? ?а?аздай болып таза туады, оны? ?стіне шыймайды ?алай салса?, ?а?аз бетіне солай т?седі, бала т?рбиесі сол сия?ты, ?зі? ?алай т?рбиелесе? ол солай т?рбиеленеді»деген на?ыл с?зі осы мектепалды даярлы? топ балаларына арнал?андай.Ия, балаба?шасында  даярлы? топ балалары ерекше орын алады.Оларды мектепке дайындау ?здіксіз білім беру ж?йесіндегі ма?ызы мен ?зектілігі ерекше м?селелерді? бірі болып табылады.К?ні кешеге дейін т?рбиешіге ?ойыл?ан талаптар балаларды п?ндік да?дылар?а ?йрету, ойын, о?у е?бегіне жатты?тыру жа?ы басым болды да т?рбиешіні? де, балаларды? да жеке бастарын ?алыптастыру жа?ы бірталай жа?дайларда назардан тыс ?алып келді. 
Б?гінде баланы? жеке басыны? адам болып ?алыптасуына к??іл б?летін уа?ыт жетті. М?нда?ы ма?сат – баланы? жасына, жеке басыны? ерешеліктеріне ?арай оны? жарасымды ?сіп, жетілуін ?алыптатыру болып табылады. Осы?ан ?арай т?рбиешіні? міндеті баланы? ?алыпты дамып, оны? ?намсыз жа?ын тезге салу?а ы?пал жасауына жа?дай т??ызу ?ажет болады. 
Негізгі ба?ыт – бала бойында д?ниетаным ?алыптастыру, ?леуметтік ж?не психологиялы? м?дениет т?рбиелеу, ??былыс?а тол?ана, тебірене білуге ?йрету. Б?л ба?ыттарда?ы іс ?рекеттерді балаба?ша мен ?леуетті? бірлесе ат?аратын ?арым – ?атынасына баса к??іл б?луіне тиіс.Балаларды?  ойлау ?абілеті,?орша?ан ортаны айыра білуі,тіл байлы?ы ?з жас шамасына с?йкес дамыту болып келеді.

МОДЕЛЬ:Мен мектепалды даярлы? топ   баласыны? моделін к?з алдыма былай елестетемін:Е? алдымен мектепке баратын баланы? денсаулы?ы,физикалы? дамуы,сана-сезімі жа?сы дамы?ан болуы керек.Баланы мектепке дайындау т?тас ??рылым.Оны? ж?регі ізгілікке,мейірімге,білімге ??штар ?рі толы болуы керек.Мектепалды даярлы? топ балаларыны? ойлау ?абілетін

,логикасын,?иялдауын дамыту т?рбиешіні? негізгі ба?ытарыны? бірі болу керек.Сондай-а?,тілін дамыту,с?йлеу м?дениетін к?теру,есте са?тау ?абілетін        ?алыптастыру.?аза? хал?ында «Баланы ойын ?сіреді» деген даналы? с?з бар.Ойын ар?ылы бала білім алады,а?ыл-ойын дамиды,айналада?ы д?ниені таниды.Сонымен бірге ойын баланы? мінез-??л?ын ?алыптастырып,бір ж?йеге келтіретін т?рбие ??ралы болып саналады.

?азіргі  балаларды? ерте?і-ол а?паратты?  ?о?ам.?азіргі та?да компьютерлік сауаттылы? ?те ?ажет.Балалар?а компьюетерді тек ойын ретінде емес,білім мен шы?армашылы? ?шін керек екенін т?сіндіруіміз ?ажет.

 Т?рбиеші болу-балаларды? болаша? ?міріні? кілтін ?ол?а алу...

?орытындылай келе мектепалды даярлы? тобы т?рбиешісі е? озы? педагог, психолог, ?ртістік шеберлігі ж?не ас?ан дарын иесі болу керектігіне к?з жеткіздім. Б?гінгі та?да даярлы? топ балаларыны? е? басты ма?саты:шы?армашылы?ын дамыта отырып ж?мыс жасау,зейінін дамыта отырып,жеке т?л?а?а айналдыру, сонымен ?атар оларды? о?у,жазу,санау да?дыларын ?алыптастыру.Сонымен бірге ата-аналармен ты?ыз байланыста болу керек.Бала ж?регіне жылылы? ?ялатып,?абілеті мен дарынын ашу ?рбір т?рбиешіні? басты міндеті деп санаймын.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«эссе. »

Тәлімгер. Менің түсінігімше, мектептің тәрбие жұмысына үнемі атсалысып,  балаларға қамқор боп жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, үйлестіруші жан.  Өйткені, тәлімгер балалардың ортасында жүріп, олардың қоғамдық жұмыстарға араласуына, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізеді.

       Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін  әрине, алдымен тәлімгердің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К.Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орнын баса алмайды». Шынтуайтына келгенде, тәлімгердің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Тәлімгер мұғалімнің жеке басында, сөз бен ісінің арасында алшақтық болмау керек деп ойлаймын.

    Бүгінгі таңда мұғалім болу, тәрбиеші, тәлімгер болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін  өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені, бұл мамандық-менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын. Менің ойымша тәлімгер мұғалімдерге қарағанда оқушыларға жақын деп ойлаймын. Себебі түрлі тәрбиелік шараларды өткізе жүріп, олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысамын. Әр оқушының  бойындағы көрінбей жүрген талантын жарыққа шығарып, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесемін. Сондай-ақ, белгілі педагог Я.А.Коменскийдің өзі балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалаған: «Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».

        Тәлімгер - ол кім? Жоғарыда айтып кеткенімдей, тәлімгер - балаға жан-жақты тәлім беруші. Тәлім жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның  «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу - баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету», - деп жазылған.

         Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас  жеткіншекке  деген сүйіспеншілігі мен  қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. «Өзіңнен  өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», - дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екендігін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады, демек, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады демекпін.

         Қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен, мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Тәлімгер мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-тәлімгердің басты міндеті.

          Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген. Ендеше, тәлімгерлердің басты міндеті – оқушы бойында отаншылдық сезімін ояту болып табылады. Өйткені, біздің елімізге болашықта да адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза, елжанды азамат керек.

  

                                    Самалы бол Отанның салқындаған,

                                    Сандуғаш бол, сайратсын  алтын далаң.

                                    Семсері бол Отанның қынабында,

        Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған - деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай қорыта келгенде айтарым, қазіргі заман тәлімгері - заман талабына сай, жан-жақты, мбілім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған бала жанының бағбаны.

 

Рамазанова Асель Саматқызы 

Ақсуат жалпы білім беретін мектебінің тәлімгері

Теректі ауданы

Ақтөбе қаласы. № 15  «Жидек» МДҰ психологиялық
педагогикалық түзеукабинетінің әдіскері
Спанова Гульнар Ердаулетовна.

«Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы».
(Абу Насыр Әл Фараби)

         Менің педагогикалық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.  

Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.

        Мен балабақшада он төртінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады. Бірақ, бәрінен де жарқ етіп, есте қалғаны – біздің  бірінші кездесуіміз. Балабақша есігін ашқанымда – «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім.

        Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам, кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, балаларымның маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала – пәк, бала – тап-таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңіз!  Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

      Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Бір рет отыз, қырық баламен сабақ өткізіп көрген адам ғана оны түсінеді. Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.

      Мен әрі «әсем сөз» маманы, әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.

      «Балаға мінез уш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбыларынан» — деп ұлы Абай айтқан. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Баланы жан-жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдері, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине, заман талабына сай, бірақ ең бастысы – адамгершілік, инабаттылық тәрбие – тәрбиенің бастамасы екендігін ұмытпағанымыз дұрыс. Қазіргі бас иіп, жақсы айтты деп сүйсініп, жаман айтты деп өкініп жүрген шет елдерден ғылым мен озық технологияларды алмасақ, үлгі-өнеге, жарасымды тәрбие алмайтынымыз анық.

       Менің кәсібіме, еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Усенова А.Б, Жекеева А.Р, Абдуллина С.Х, Игнатьева Р.И және т.б. педагогтардан үлгі-өнеге алдым. Осы кісілерден алған ең басты сабағым – балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.

      Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!

       Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.

     Педагогтың шағын тұжырымдамасы

 Кіріспе.

        Педагогтың басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана-тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады.

          Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды. Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Ел ертеңі, ұлт болашағы үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие құралына айналдыру – бүгінгі күннің сұранысы.

 Мақсат – міндеттер:

    —       Тұлға ретінде баланың жеке басының іс-әрекетін дамыту теориясы негізінде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәрбиелеу мен білім беру жұмысын жетілдіру.

-       Баланың рухани – адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулығы үшін әлеуметтік құзыреттілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау.

-       Отбасы қарым-қатынасындағы үлгі-өнегенің тәрбиелік ықпалын арттыру.

-       Ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени – тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпыадамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту.

 

Тұжырымдаманың жүзеге асырылу шарттары:

-       Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа деген позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік – педагогикалық жағдай жасау.

-       Балаларды халық ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру.

-       Халық дәстүрінің элементтері бар ойындарды қолдану.

-       Халық салт-дәстүрінің қолдануымен мерекелер, ойын-сауықтар ұйымдастыру және өткізу.

-       Ұлы тарихи тұлғалармен таныстыру арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Өз тілін білетін, интеллектуалды, жан-жақты, үйлесімді дамушы тұлға, өзінің салт – дәстүрін, Отанын сүйетін, шығармашылық әлеуетін айқындай алатын, қоғам мүддесіне сай, ертеңгі қоғам иегері боларлық, егеменді еліміздің айбынын асқақтатар өнегелі ұл – қызы.

Ақпаратпен бөлісу:

  • Google

  • Facebook

  • Печать

«Айгөлек» балабақшасы.



Эссе.





«Қарлығаш» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:В.К.Бактыгреева













Бадамша ауылы 17.04.2014ж

«Бүгін балабақша түлегі, ертең- мектеп оқушысы...»

Бала... бала- өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі, сондықтан да, мен өзімді «бағбан» ретінде сезінемін. Француз ағартушысы,жазушы Жан-Жак Руссо:«Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді»деген нақыл сөзі осы мектепалды даярлық топ балаларына арналғандай.Ия, балабақшасында даярлық топ балалары ерекше орын алады.Оларды мектепке дайындау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып табылады.Күні кешеге дейін тәрбиешіге қойылған талаптар балаларды пәндік дағдыларға үйрету, ойын, оқу еңбегіне жаттықтыру жағы басым болды да тәрбиешінің де, балалардың да жеке бастарын қалыптастыру жағы бірталай жағдайларда назардан тыс қалып келді. 
Бүгінде баланың жеке басының адам болып қалыптасуына көңіл бөлетін уақыт жетті. Мұндағы мақсат – баланың жасына, жеке басының ерешеліктеріне қарай оның жарасымды өсіп, жетілуін қалыптатыру болып табылады. Осыған қарай тәрбиешінің міндеті баланың қалыпты дамып, оның ұнамсыз жағын тезге салуға ықпал жасауына жағдай тұғызу қажет болады. 
Негізгі бағыт – бала бойында дүниетаным қалыптастыру, әлеуметтік және психологиялық мәдениет тәрбиелеу, құбылысқа толғана, тебірене білуге үйрету. Бұл бағыттардағы іс әрекеттерді балабақша мен әлеуеттің бірлесе атқаратын қарым – қатынасына баса көңіл бөлуіне тиіс.Балалардың ойлау қабілеті,қоршаған ортаны айыра білуі,тіл байлығы өз жас шамасына сәйкес дамыту болып келеді.

МОДЕЛЬ:Мен мектепалды даярлық топ баласының моделін көз алдыма былай елестетемін:Ең алдымен мектепке баратын баланың денсаулығы,физикалық дамуы,сана-сезімі жақсы дамыған болуы керек.Баланы мектепке дайындау тұтас құрылым.Оның жүрегі ізгілікке,мейірімге,білімге құштар әрі толы болуы керек.Мектепалды даярлық топ балаларының ойлау қабілетін

,логикасын,қиялдауын дамыту тәрбиешінің негізгі бағытарының бірі болу керек.Сондай-ақ,тілін дамыту,сөйлеу мәдениетін көтеру,есте сақтау қабілетін қалыптастыру.Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар.Ойын арқылы бала білім алады,ақыл-ойын дамиды,айналадағы дүниені таниды.Сонымен бірге ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып,бір жүйеге келтіретін тәрбие құралы болып саналады.

Қазіргі балалардың ертеңі-ол ақпараттық қоғам.Қазіргі таңда компьютерлік сауаттылық өте қажет.Балаларға компьюетерді тек ойын ретінде емес,білім мен шығармашылық үшін керек екенін түсіндіруіміз қажет.

Тәрбиеші болу-балалардың болашақ өмірінің кілтін қолға алу...

Қорытындылай келе мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі ең озық педагог, психолог, әртістік шеберлігі және асқан дарын иесі болу керектігіне көз жеткіздім. Бүгінгі таңда даярлық топ балаларының ең басты мақсаты:шығармашылығын дамыта отырып жұмыс жасау,зейінін дамыта отырып,жеке тұлғаға айналдыру, сонымен қатар олардың оқу,жазу,санау дағдыларын қалыптастыру.Сонымен бірге ата-аналармен тығыз байланыста болу керек.Бала жүрегіне жылылық ұялатып,қабілеті мен дарынын ашу әрбір тәрбиешінің басты міндеті деп санаймын.

















Ойлау қабілеті

Логикасы

Қиялдау
















Тіл дамытуСөйлеу мәдениеті

Есте сақтау

Білім



















Ойын

Қимыл

әрекеті

















«Бала туғандааққағаздайболып таза туады, оның үстіне шыймайдықалайсалсаң, қағазбетінесолайтүседі, бала тәрбиесісолсияқты, өзіңқалайтәрбиелесеңолсолайтәрбиеленеді»

Жан-Жак Руссо












































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
эссе.

Автор: Бактыгреева Венера Куралбаевна

Дата: 12.02.2015

Номер свидетельства: 172038

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Мастер-класс "Пишем   эссе по обществознанию""
    ["seo_title"] => string(45) "mastierklasspishiemessiepoobshchiestvoznaniiu"
    ["file_id"] => string(6) "261743"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449184186"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "How to write an essay? Как написать эссе? "
    ["seo_title"] => string(39) "how-to-write-an-essay-kak-napisat-essie"
    ["file_id"] => string(6) "192637"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427479860"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Методические рекомендации по выполнению эссе. "
    ["seo_title"] => string(54) "mietodichieskiie-riekomiendatsii-po-vypolnieniiu-essie"
    ["file_id"] => string(6) "242419"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445452051"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Рецензия на эссе"
    ["seo_title"] => string(19) "rietsienziianaessie"
    ["file_id"] => string(6) "282283"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453660007"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Памятка по написанию эссе"
    ["seo_title"] => string(28) "pamiatka-po-napisaniiu-essie"
    ["file_id"] => string(6) "301047"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456842082"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства