Просмотр содержимого документа
«Дидактикалық ойындар»
Картотека №
Әдемі көбелектер
Фланелеграфтағы 2-3 жас аралығындағы балаларға арналаған дидактикалық ойын.
Мақсаты : Балаларға заттардың көлемін мөлшерін фланелеграфпен жұмыс жүргізуге үйрету.
Құралдар : Картон қағаздан қырқылған,әр түрлі көбелектер,ағаштың бұтақтары,жапырақтар,үш түрлі түстер.
Ойын барысы :
Тәрбиеші балаларға көбелекті көрсетіп,және тақпақ оқып береді.
Қыздың қолына ,көбелек отырды.
Қыз көбелекті ұстай алмады.
Мінекей бізге көбелекте ұшып келді . Жалғыз емес құрбыларымен бірге келді. Олар бәрі де әр түрлі.
Бұл қандай? ( Тәрбиеші үш түрлі көбелектерді қояды).
Иә,мынау ең үлкен.
Мынау орташа .
Ал мынау ең кішкентай. Оларға ағашсыз,гүлсіз көңілсіз. Оларға әдемі бақ салып берейік.(Тәрбиеші және балалар фланелеграфқа ағаштың бұтақтарын үш түрлі және үш түрлі гүлдер.Біздің бұтақтар бір түсті ме? Бұл қандай ?
(Тәрбиеші : Балалардың сөздік қорын қортындылап, олардан сөздерін тексереді.
“ үлкен”, “ орташа “, “ кішкентай “) Ал бізде гүлдер де әр түрлі. Олар қандай? Қараңдаршы бұтақтардың жапырақтары жетіспейді,кәнекей тауып алайықшы.
Үлкен бұтақта – үлкен жапырақ. Орташа бұтақта – жапырақ кішкентай. Кішкентай бұтақта – ең кішкентай жапырақ.(Тәрбиеші : тағы да сөздерді бір рет қайталай, отыра көлемдерін сұрайды. Сәбилерді белсенді қимыл-қозғалысқа көңілдерін аударады).
Көбелектер шыр айналып,әр қайсысы өз гүлдеріне отырды.
Үлкен көбелек – үлкен гүлге.
Орташа көбелек –кішкентай гүлге.
Ал ең кішкентай көбелек – ең кішкентай гүлге отырды.
Бізде қандай көрнекілік шықты. Бәріміз тұрып көбелек болайық.
Балалармен қимыл – қозғалыс ойындары жүргізіледі.
Мен ұштым, мен ұштым.
Картотека №
“ Қазанның қақпағын дұрыс жап “ ойыны
Дидактикалық міндет. Қазанның әр түрлі пішініне, көлеміне сәйкес қақпақты дұрыс жаба білуді меңгерту.
Тәрбиеші балаларға әр түрлі пішіндегі, көлемдегі қазандар мен қақпақтарды салыстыра отырып, оның пішіні неге ұқсайтынын қазанның аузы дөңгелек , қақпақ та дөңгелек екенін айтқызады. Онан соң көлеміне тоқталады. Үлкен қазан, кішкене қазан. Үлкен қақпақ жабу керек , ал кішкене қазанға кішкене қақпақ жабу керек.
Балаларды жеке- жеке шақырып, өздері қалған қазанды алғызып, оның қақпағын дұрыс жабуға тапсырма береді.
Егер балада көлем туралы жақсы қалыптасса ол қателеспейді . Сондай-ақ бұл ойында шелектің, шәйнектің қақпақтарын жауып ойнауға жағдай жасау арқылы ойынды түрлендіру қажет. Сонымен бірге қазан, қақпақ, шелек, шәйнек деген сөздерді баланың есте сақтауына назар аудару керек.
Картотека №
“ Кәрзеңке “ ойыны
Балалардың сезім мүшелерін (сенсорика) дамытуға, заттың түсін, қатты, жұмсақтығын анықтауға арналған ойын.
Үстелдің үстіне жемісімен алма ағашының бос кәрзеңке қойылады. Алманың түстері, көлемдері әр түрлі болады.
Шақырылған бала алма ағашынан үзіп алған алмасының түсін, көлемін ажыратып айтады. Мысалы түсі сары ,көлемі үлкен т.б. Алманың түсі сары , қызыл, жасыл болады. Егер көлемі үлкен, кіші т.б. бала сезімдік сапаларын дұрыс атаса, ол алманы кәрзеңкеге салады. Кім көп алма жинаса, сол жеңеді. Егер қателессе, ойынға келесі бала шақырылады. Ойынға барлығы қатысуын қадағалау керек.
Ойында алманың қатты ,жұмсақтығын ажырату мақсатында алма муляжы пайдаланылады. Алдымен муляжды ұстап, оны үстелге соғып, қаттылығына көздерін жеткізеді. Балалар қатты алманы кәрзеңкеге салады. Сонан соң алманы қолдарына береді. Оны балалар иіскеп, жеп көреді. Алдымен жейтін алмасының түсін , көлемін айтады, жеген соң оның дәмін айтады. Балалар бұл ойынды серуен кезінде ойнайды. “ Алма бақта “, “ жеміс дүкенінде “ деген тақырып бойынша ойын ұйымдастыруға болады.
Картотека №
“ Үй құрастыр “ ойыны
Дидактикалық міндет. Үйдің төбесін жаңа элемент – үшбұрышты призмамен жабуды меңгерту. Есік, терезе, шатыр сөздерін естерінде сақтау.
Үш – төрт кірпіш пен үшбұрышты призманы көрсетіп, таныс емес элементпен таныстыру. Балалардан үйді кімге тұрғызатынын сұрау. Әркім өзінің кімге салатынын айтады. Тәрбиеші үлгі көрсетеді, екі кірпішті тігінен қойып, үстінен үшбұрышты призмамен жауып, үшінші кірпішпен қабырғасын жабады әрі терезесі болады.Төртінші кірпішті балалар егер өздері қолданғысы келсе, қабырға етіп қояды. Әйтпесе үш кірпіш жеткілікті. Содан кейін ол үйге қуыршақ “ аттаны”, “ әжені” т.б. әкеліп отырғызады. Оларды терезеден қарап отырғандай етіп орналастырады.
Балаларға үлестірмелі материалдар таратылады. Үш кірпіш пен бір үшбұрышты призма,ал үйге кіргізетін ойыншықты балалар өздері қалап алады.
Балалар өз беттерімен үй жасайды. Алдында қақпа жасағандықтан , балалар үй жасауда қандай құрылыс материалдардан пайдаланатыны сұралады. Үйді кімге арнап салатынын айтқызады. Балалар үйлерді салып болған соң , бір – біріне қонаққа барып, ойынды өздері жалғастырады. Кейбір балалардың өтініштері бойынша, төртінші кірпіш беріліп, одан есік жасайды. Әр баладан үйдің құрлысы, қабырғасы, есігі, терезесі , шатыры жеке- жеке сұралады. Жұмыс аяқталған соң балаларға тағы да материалдар беріледі. Олардың өз беттерімен ойнауына мүмкіндік жасау керек. Әрине бұл кезде құрылыс ережесі бұзылады. Әр бала өз шығармашылығымен ойнайды, бұл ойын ойлау қабілетін дамытады. Бала қалай ойнаса да, қандай жұмыс істесе де тәрбиеші назарынан тыс болмауы керек.
Картотека №
“ Үстел мен орындық құрастыру “ ойыны
Дидактикалық міндет. Балаларды құрастыру жағынан айырмашылығы бар екі затты бір мезгілде жасауға үйрету.
Тәрбиеші екі текше мен екі кірпішті алып, балаларға көрсетіп, оның атын және түсін сұрайды. Осыларды пайдаланып, үстел мен орындық құрастыратынын айтады. Үстелді, орындықты не үшін пайдаланатынын сұрайды. Балалар жауабынан соң алдымен қайсысын құрастыратынын келіседі. ( балалар қателеспес үшін).
Алдымен үстелді құрастырып, оның үстіне кесе т.б. шәйнек қояды. Содан кейін орындықты құрастырады. Оған қуыршақты отырғызады. Үстел жасағанда , кірпішті көлдененнен қою керектігі, ал орындық жасағанда, кірпішті тігінен қою керектігі ескертіледі.
Тәрбиеші үлгісінен соң , балаларға үлестірмелі материалдар беріледі. Балалар өз беттерімен жұмыс істейді. Өз беттерімен жұмыс кезінде балалар қатарынан екі үстел, не екі орындық құрастырып қояды, бұл жиі кездеседі. Мұндайда тәрбиеші : үстелді сен жақсы жасапсың. Оған не қоясың ? Ал қуыршағың қайда отырады ? – деген сұрақтар арқылы оның енді не жасау керектігін өзіне айтқызады. Сонда ғана ол үстел мен орындықтың айырмашылығына назар аударады.
Әр баланың жұмысты толығымен, дұрыс орындауына назар аудару қажет. Балалар жұмыс соңында қосымша ойыншықтар, ыдыс- аяқтар алып, ойынды жалғастырады. Бір – біріне қуыршақтарын ертіп, қонаққа барады, әрі оның жұмысына баға береді. Үстелі мен орындығының қалай жасалғанын, неліктен ұнайтынын айтады.
Картотека №
“ Қақпа құрастыру “ ойыны
Дидактикалық міндет. Балаларға құрылыс материалдарымен жұмыс істеуге , кірпішті қақпа пішініне сәйкес орналастыра білуге үйрету.
Тәрбиеші үш үлкен кірпішті алып, жеке – жеке балаларға көрсетіп ,жауап алады. Кірпіштің пішіні мен түсін сұрайды. Ойыншық машинаны көрсетіп, осы машина өтетіндей қақпа жасау керектігін айтады. Үлгіні тәрбиеші өзі жасайды. Екі кірпішті тігінен қойып, үстін үшінші кірпішпен жабады. Міне, қақпа даяр болды. Осы қақпадан ойыншық машинаны әрі – бері бірнеше рет өткізеді. Машина қақпадан еркін өтуі тиіс. Тәрбиеші үлгісінен соң , балалардың өздері сондай қақпа жасап, одан машинаны өткізіп ойнауға ынтасы артады.
Балаларға ,жеке жұмысқа ,дидактикалық материалдар мен ойыншық машиналар таратылады. Өз беттерімен жұмыс істейді. Олар екі кірпішті параллель қоюға қиналады. Ара қашықтықты дәл қоя алмайды. Балаларға көмек беруге асықпау қажет. Бірнеше рет өздері қойып, үлгіге қарап , соңында қақпаны жасап шығады. Жасап болған балалар машинасымен қақпадан әрі – бері өтіп ойнайды. Қақпаны бұзбай ойнауы қадағаланады. Егер балалар машинамен кішкене құрылыс материалдарын тасып ойнауға ынта білдірсе, тәрбиеші оны қанағаттандырады. Қиналған кейбір балаларға тәрбиеші өзі көмектеседі. Негізінен балалар ойынды толық меңгергенше жүргізген дұрыс.
Картотека №
“ Сандықтарды жина “ ойыны
Дидактикалық міндет. Балаларды заттардың көлеміне сәйкес салыстыра білуге баулу. “ үлкен “ және “ кішкене” сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Тәрбиеші балаларға үлкен сандықты көрсетіп, оның түсіне назар аудартады. Сандықты сілкіп, оның ішінде бір нәрсе барына , сылдырлаған дыбысына назар аудартады. Сандықты ашып, балаларға оның ішіндегі кішкене сандықты көрсетеді. Балалар аса бір қызығушылықпен қарайды. Кішкене сандықты алып, үлкен сандықтың қасына қояды. Балалар өздері салыстырады.
Тәрбиеші үлкен сандықты ашып, ішіне кішкене сандықты салады да балалардың біреуіне сандықты жапқызады. Сандықтың аузын жапқан соң , неше сандық тұр, түсі ,көлемі қандай деген сұрақтарға жауап алады.
Балаларға үлестірмелі материалдар таратылады. Үлкен сандықты ашып, ішінен кішкене сандықты ( қатар қойып ) алуды тапсырады. Балалар үлкен сандықты және кішкене сандықты қатар қойып, аузын жабады. Содан соң үлкен сандықты көрсетеді, оның түсін, көлемін сұрайды. Неше сандық тұрғанын айтқызады. Балалар өздері салыстырып, кішкене сандықты қайтадан үлкен сандықтың ішіне салып жинайды.
Балалар ойынның соңына қарай тапсырманы өздері толығымен шешуге тырысады. Балалар өз беттерімен ойнағанда, олардың сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында тәрбиеші дағды мен біліктің қалыптасуына назар аударады.
Картотека №
“ Мұнараны дұрыс жина “ ойыны
Дидактикалық міндет. Балаларға сақиналарды көлеміне қарай ажыратуды үйрету.
Балаларға тәрбиеші мұнараны көрсетіп, оның сақиналардан тұратынын айтып, одан сақиналарды шешіп алып, көрсетеді. Әрқайсысын жеке – жеке көрсете отырып, мұнараны үлгі ретінде құратады.
Балаларға үлестірмелі дидактикалық материалдар беріліп, өз беттерімен жұмыс жүргізіледі. Тәрбиеші балалардың жұмысын бақылап, оларға бағыт – бағдар береді. Жұмысты қызығып , белсенді орындаған балаларға тапсырманы екінші рет орындауды ұсынады. Дидактикалық ойын болғандықтан балалардың тапсырманы өз беттерімен дұрыс орындауын назар аудару қажет.
Сабақтан тыс кезде ойнауға мүмкіндік жасаған дұрыс.
Картотека №
Әр түрлі көлемдегі сақиналардан мысықты құрастыру.
Дидактикалық міндет. Балаларды әр түрлі көлемдегі сақиналарды ажыратып, оларды көлемінің кішіреюіне қарай, түсін ажыратып, ретімен орналастыра білуге үйрету.
Тәрбиеші көлемі әр түрлі сақиналарды балаларға салыстырып көрсетеді. Олардың түсін ажыратады. Негізінен ол түстер : қызыл, көк, сары, қара, жасыл болады. Ал мысықтың басы ақ болады. Оның көзі мен мұратының түсіне де балалар ажырату керек. Енді ең үлкен сақинаны алады, ол көк түсті оның үстіне көлемі одан сәл кіші қызыл сақинаны қояды, одан көлемі кішірек сары сақинаны қойып, мысықтың мойны иілгенге дейін сақиналарды ретімен жинастырады. Әрі оның түсін атайды. Міне, осылай, іс- әрекеттің біртіндеп істелуі арқылы мысықты құрай отырып, оның денесінің әр түрлі көлемдегі сақиналардан тұратынын меңгереді. Егер көлемінің кішіреюіне салынатын сақиналар дұрыс қойылмаса, мысықтың денесі дұрыс жиналмайды. Балалардың өз беттерімен жұмысы кезінде мысықтың денесі мен басын дұрыс жинап шығаруға назар аудару қажет. Әр бала өзінің жинастырған заттың түстерін, көлемінің үлкен, кіші екенін ажырата білуі керек.