-Балалар, бүгін біз сабақта Павлодар қаласынан Астана қаласына саяхатқа шығамыз.
-Астанаға барып көргендеріңбар ма?
-Астанаға немен барамыз?
-Пойызды кім жүргізеді?
-Көмекшісін кім дейміз?
-Ал біздің билетімізді тексеріп, орнымызды көрсететін кім?
-Балалар, Павлодар қаласынан Астанаға жеткенше пойыз нелерге тоқтайды?
-Дұрыс айтасыңдар, Павлодар қаласынан Астанаға жеткенше пойыз бірнеше аялдамаларға яғни бекеттерге тоқтайды. әр бекеттен өту үшін сол бекеттің тапсырмаларын орындауымыз керек.
Олай болса
Жолаушы азаматтар, № 6991 Павлодар-Астана жай пойызына қош келдіңіздер!
Пойызға міну үшін не керек?
Билет алу үшін жұмбақ жасырамын.
Нан атасы киелі
Барлығы ауыз тиеді
Ол не? ( бауырсақ)
-Дұрыс айтасыңдар, билетімізді алдық, бірінші аялдама Ақсу бекеті. Тапсырма: үй тапсырмасы: Қайдан келдің бауырсақ? өлеңінің мазмұнын айту.
-балалар бауырсақ бізге қалай келеді екен?
- дұрыс, бауырсақ бізге жайдан-жай келмейді екен, ол көптеген адамдардың еңбектенуі арқылы келеді екен.
Актуалдау
-жарайды балалар, үйге берілген тапсырманы да жақсы меңгерген екенсіңдер.
-балалар, бауырсақ ертегісі туралы қандай ертегіні ертегіні білесіңдер?
-ол ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?
-олар нелер?
-тағы қандай ертегіні білесіңдер?
-балалар еске түсірейікші, жыл басы не болып еді?
Я балалар, тышқан жылы көптеген бала бақшалар, мектептер салынды. Облыс орталығында үлкен «Нұр ғасыр» мешіті салынды. Балалар тышқан жылы өз ырыс несібесімен келген екен. Ал бүгін біз осы жыл басы тышқан менаңдардың бірі арыстан туралы ертегі өтеміз.
Келесі бекет Экибастұз бекеті. Тапсырма: жаңа сабақ. Арыстан мен тышқан ертегісі. Ертегіні сюжеттік слайдтар арқылы түсіндіремін.
-балалар ертегі ұнады ма?
-ертегіден не түсінгендеріңді білу мақсатында келесі бекеттің тапсырмаларын орындаймыз. Келесі бекет Шидерты бекеті. Тапсырма: кубизм стратегиясы арқылы сұрақ-жауап жүргіземін.
Сұрақтар:
-біз жайлап жолдың жар ортасына да жеттік. Келесі аялдама Жезқазған бекеті. Тапсырма: сергіту сәті
Бала,бала балақан
Кәне қайсы алақан
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнат.
Келесі бекет Ерментау бекеті. Тапсырма: Кім жылдам? (топтық жұмыс) балаларды екі топқа бөліп, екі топтың біріне арыстанның, екіншісіне тышқанның суретті қиындыларын беріп құрастыртамын.
Келесі бекет Үштерек бекеті. Тапсырма: «Ұшқыр ой» сұрақтарға жауап беру арқылы бір сөйлем құрастыру.
Мынау не?( арыстан)
Ол қандай аң? (жыртқыш)
Ол қайда мекендейді? (орманда)
Бір сөйлем құра. Арыстан жыртқыш аң. Арыстан орманда мекендейді.
-балалар бірнеше аялдамалардың тапсырмаларын орындау арқылы да Астанаға келдік.Тапсырма: өлең
Арыстан
Мен мықты арыстан
Аңдардың патшасы
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы
өлеңді балаларға 3-4 рет айтқызамын да, жаттаған балалардан сұраймын.
Бекіту
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Ертегі не туралы?
-Тышқан қандай аң?
-Сендерге тышқанның әрекеті ұнады ма?
-Ал сендер тышқанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
-Сонда балалар, айтқан сөзде, берген уәдеде тұру керек екенін ұқтық.
Бағалау
Міне Астанаға келіп жеттік, билеттеріңді таратып берейін. Билеттердің орнына қуанышты хабарлама таратамын.
Мен «Жаңа технологиялардың» бағдарламасын көп жылдар бойы қолданып келгендіктен, өз балабақшаларға жас тәрбиешілерге мастер-класс көрсетіп отырамын. Өз тәжірибемен бөлісіп, қолымнан келген көмегімді көрсетіп отырамын. «Жаңа» технологиясы баланың кез келген оқу іс-әрекетіне қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытуын, жаңалықты тез қабылдауын қалыптастырады. «Жаңа технологиясың» бағдарламасы біздер үшін, балалар үшін және ата-аналар үшін қолайлы да тиімді деп санаймын.