kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?сатым – тіл ?стартып, ?нер шашпа?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы       Ма?сатым – тіл ?стартып, ?нер шашпа?

Ма?саты:  О?ушылар?а биыл Абай атамызды? 170 жыл екенін естеріне сала отырып, ?мірі мен шы?армашылы?ына байланысты ?деби кеш ?йымдастыру;

К?рнекілігі:  Сахнаны безендіруге арнал?ан ?ажетті ??ралдар, к?рініске ?ажетті жабды?тар, Абай кітапханасы, слайд;

Барысы:

1-ж?ргізуші:

  • Шам-шыра?ы ?аза?ты? – ?лы Абай,

Ба?дарымсы? бет т?зер ??быладай.

Ана тілді? ар?асы ??ып келем,

Желілерін ойы?ны? ?зіп алмай.

2-ж?ргізуші:

  •   Бар ??мырын ?дебиетке арна?ан,

А?и?атты? а? жолынан тайма?ан.

?лт пен тілді? болаша?ын к?п ойлап,

Жас  ?рпа?ты? ар-намысын ?айра?ан!

1-ж?ргізуші:

  • ??рметті ?дебиет с?йер ?алы? к?пшілік! ?аза?ты? біртуар ?лдарыны? бірі, данышпан а?ын, ойшыл, дана ??ламаларды? бірі, ?аза? ?дебиетіні? шо?ты?ы биік ірі т?л?асы Абай ??нанбай?лыны?  170 жыл мерейтойына арнал?ан «Ма?сатым тіл ?стартып, ?нер шашпа?» атты ?деби-сазды кешке ?ош келді?іздер!

2-ж?ргізуші:

  • ?рине, Абай атамыз туралы айта беру арты? емес. Бір ?ара?анда таныс та?ырып, таныс бейне секілденгенімен, ол туралы білетініміз тым аз-ау. ?лылы?ты? сырына ?аны? бол?ымыз келсе, даралы?ты? ?андай болатынын ??ын?ымыз келсе, дана Абай ?лемін шарлап ?айталы?, ??рметті халайы?!

1-ж?ргізуші:

  • А?ын жаны ке? еді,

Ойла?аны елі еді

«Хал?ым, ж?ртым» дегенде

Талай шабыт кеп еді,

Дара а?ын ер еді,

Ж?рген жері  т?р еді.

А?ындар жырлап айт?андай

«Абай тіл мен к?з» еді.

Абай жыры м??гілік

Ж?регім оны сезеді.         Абай атамызды? ?ара с?здеріне кезек берейік:

?деби монтаж:         

К?реген М?хтар-1-?ара с?з;

Оразбай І?к?р-4-?арас?з;

Бегасарова Жазира-5- ?ара с?з;

Ж?маділ Г?лдана-19-?ара с?з;

??дайберген Еркен?р-44-?арас?з.

2-ж?ргізуші:

  • Ж?регімні? т?біне тере? бойла,

Мен бір ж?мба? адаммын, оны да ойла!

Со?ты?палы, со?па?сыз жерде ?стім,

Мы?мен жал?ыз алыстым, кін? ?ойма, деп а?ын жырла?андай, Абай атамызды? балалы? ша?ына к?з ж?гіртейік.

  •  
  •  

??нанбай -6 б сынып о?ушысы Жарыл?апбай С?лтан

Абай-  6 б сынып о?ушысы Сман С?лтан

Зере-7 б сынып о?ушысы ?лжан

?лжан-7б сынып о?ушысы Ж?лдыз

Барлас-7 в сынып о?ушысы С?ткебай Н?рбол

Байк?кше-6 а сынып о?ушысы ?бітай Саят

Атшабар-6 а сынып о?ушысы  Ба?д?улет

?нет баба-6 а сынып о?ушысы Секенов Н?рперзент  ж?не сол ауылды? ?ыз-келіншектері.

1-ж?ргізуші:

С?здері шарлап ?аза? пен ?лем арасын,

Абай деп таныр ?аза?ты? байта? даласын.

?ле?і бізге рухани азы? секілді

Абайдай биік т?л?аны ?айдан табасы??

Абай-жыршы, ?лы а?ыны елімні?,

Жыр?а ?ос?ан с?лулы?ын жерімны?,

Абай сыншы, жа?сы менен жаманны?

?ай?ы-зарын жырлай білген даламны?.

Абай атамызды? ?ле?деріне кезек берейік:

«?ылым таппай ма?танба»

«?ле?-с?зді?  патшасы, с?з сарасы»

«Білімдіден шы??ан с?з»

«Мен жазбаймын ?ле?ді ермек ?шін»

«?семпаз болма ?рнеге»

«Жасымда ?ылым бар деп ескермедім»

«?алы? елім, ?аза?ым»

«?лсе ?лер таби?ат, адам ?лмес»

2-ж?ргізуші:

?нні? де естісі бар, есері бар,

Ты?даушыны? ??ла?ын тесері бар.

А?ылдыны? с?зіндей ойлы к?йді

Ты?да?анда к??ілді? ?сері бар.

1-ж?ргізуші:

            Жаман?а «жар» деген-а? ?н к?рінер,

           Жа?сы ?н білсе айту?а кім ерінер.

           Жарамды ?н ты?даса?, жаны? еріп,

           Жабыр?а?ан к??ілі? к?терілер.

Хор. «Желсіз т?нде жары? ай»

2-ж?ргізуші:

    Барша ?аза? баласы Абайды тану?а, білуге, Абаймен ма?тану?а тиіс. ?лы а?ын ?з хал?ын ?ркендеген, ?скен, ?лы халы? ретінде к?руді арман еткен. Сол Абай а?са?ан арманына жетіп отырмыз.

1-ж?ргізуші:

    Олай болса, ж?регі ?аза? деп со??ан ?аза? ж?рты Абайды? ?ле?дерін бойт?марындай са?тап ж?руі тиіс. Артында ?лмейтін м?ра ?алдыр?ан ?лы Абай данышпанымызды? 170 жылды?ына арнал?ан ?деби-сазды кешіміз ая?талды. К??іл ?ойып ты?да?андары?ыз ?шін к?п-к?п рахмет!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?сатым – тіл ?стартып, ?нер шашпа? »

Тақырыбы Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ

Мақсаты: Оқушыларға биыл Абай атамыздың 170 жыл екенін естеріне сала отырып, өмірі мен шығармашылығына байланысты әдеби кеш ұйымдастыру;

Көрнекілігі: Сахнаны безендіруге арналған қажетті құралдар, көрініске қажетті жабдықтар, Абай кітапханасы, слайд;

Барысы:

1-жүргізуші:

  • Шам-шырағы қазақтың – ұлы Абай,

Бағдарымсың бет түзер құбыладай.

Ана тілдің арқасы ұғып келем,

Желілерін ойыңның үзіп алмай.

2-жүргізуші:

  • Бар ғұмырын әдебиетке арнаған,

Ақиқаттың ақ жолынан таймаған.

Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап,

Жас ұрпақтың ар-намысын қайраған!



1-жүргізуші:

  • Құрметті әдебиет сүйер қалың көпшілік! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі , данышпан ақын, ойшыл , дана ғұламалардың бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 170 жыл мерейтойына арналған «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

  • Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенімен, ол туралы білетініміз тым аз-ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

1-жүргізуші:

  • Ақын жаны кең еді,

Ойлағаны елі еді

«Халқым, жұртым» дегенде

Талай шабыт кеп еді,

Дара ақын ер еді,

Жүрген жері төр еді.

Ақындар жырлап айтқандай

«Абай тіл мен көз» еді.

Абай жыры мәңгілік

Жүрегім оны сезеді. Абай атамыздың қара сөздеріне кезек берейік:

Әдеби монтаж:

Күреген Мұхтар-1-қара сөз;

Оразбай Іңкәр-4-қарасөз;

Бегасарова Жазира-5- қара сөз;

Жұмаділ Гүлдана-19-қара сөз;

Құдайберген Еркенұр-44-қарасөз.

2-жүргізуші:

  • Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла!

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, деп ақын жырлағандай, Абай атамыздың балалық шағына көз жүгіртейік.


Көрініс

Рөлдерде:

Құнанбай -6 б сынып оқушысы Жарылқапбай Сұлтан

Абай- 6 б сынып оқушысы Сман Сұлтан

Зере-7 б сынып оқушысы Ұлжан

Ұлжан-7б сынып оқушысы Жұлдыз

Барлас-7 в сынып оқушысы Сөткебай Нұрбол

Байкөкше-6 а сынып оқушысы Әбітай Саят

Атшабар-6 а сынып оқушысы Бақдәулет

Әнет баба-6 а сынып оқушысы Секенов Нұрперзент және сол ауылдың қыз-келіншектері.


1-жүргізуші:

Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,

Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.

Өлеңі бізге рухани азық секілді

Абайдай биік тұлғаны қайдан табасың?

Абай-жыршы, ұлы ақыны елімнің,

Жырға қосқан сұлулығын жерімның,

Абай сыншы, жақсы менен жаманның

Қайғы-зарын жырлай білген даламның.


Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берейік:

«Ғылым таппай мақтанба»

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»

«Білімдіден шыққан сөз»

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

«Қалың елім, қазағым»

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»


2-жүргізуші:

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын тесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

1-жүргізуші:

Жаманға «жар» деген-ақ ән көрінер,

Жақсы ән білсе айтуға кім ерінер.

Жарамды ән тыңдасаң, жаның еріп,

Жабырқаған көңілің көтерілер.


Хор. «Желсіз түнде жарық ай»


2-жүргізуші:

Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, ұлы халық ретінде көруді арман еткен. Сол Абай аңсаған арманына жетіп отырмыз.


1-жүргізуші:

Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс. Артында өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 170 жылдығына арналған әдеби-сазды кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ма?сатым – тіл ?стартып, ?нер шашпа?

Автор: Жапаркулова Лаура Койшыбаевна

Дата: 02.10.2015

Номер свидетельства: 235609


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства