3 және 4 санын салыстыру, санды қатар ретімен ауызша санауға жаттықтыру. Логикалық ойын, тапсырмаларды орындау арқылы баланың 3 және 4 саны көлемінде білімін арттыру. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санның орнын білуді үйретуді жалғастыру. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін аңғара отырып, оны күнделікті оқу іс-әрекетінде есте сақтап, сөз арасында байланыстырып айтуға үйрету. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««3 және 4 сандарын салыстыру»»
«3 және 4 сандарын салыстыру»
Мақсаты: 3 және 4 санын салыстыру, санды қатар ретімен ауызша санауға жаттықтыру. Логикалық ойын, тапсырмаларды орындау арқылы баланың 3 және 4 саны көлемінде білімін арттыру. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санның орнын білуді үйретуді жалғастыру. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін аңғара отырып, оны күнделікті оқу іс-әрекетінде есте сақтап, сөз арасында байланыстырып айтуға үйрету. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Балалардың шығармашылығын, зейінін дамыту.Сөздік қорын байыту арқылы сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру. Баланың ақыл-ойын, ойлау үрдісін дамыту. Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, бағалау, қорыту. Көрнекіліктері: үйдің макеті, көжектер, сәбіздер, көбелектер, гүлдер, аралар, төр жолақты және екі жолақты карточкалар, үлестірмелі материалдар, сандар таңбасы. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің типі: Жаңа білімді игерту. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Дәстүрлі емес. Сөздік жұмыс: үш саны аз, төрт саны көп. Пәнаралық байланыс: айналамен таныстыру, көркем әдебиет, ән-әуез. - Балалар, бүгінбізге ертегілер елінен қонақтар келіп қалыпты. Олар нелер? - Қояндар немесе көжектер - Бізге қонаққа қанша көжектер келіпті.Санайықшы. - 1,2,3,4 барлығы 4 көжек - Ал енді бізге қонаққа келген көжектер нені жақсы көреді немесе қандай көкөністі ұнатады? - Көжектер сәбізді жақсы көреді - Дұрыс жарайсыңдар, балалар ендеше мен кәрзеңкеден көжектерге сәбіздерді үлестірейін, ал сендер мен қойған сайын санап отырыңдар.(тәрбиеші көжектің алдындағы ыдысқа 3 сәбіз қояды.) - Балалар, көжектерге сәбіз жетті ме, санайықшы - 1,2,3 сәбіз. 1 көжекке сәбіз жетпей қалды - Бізде көжек нешеу еді? - 4 көжек. - Сәбіз нешеу болды? - 3 сәбіз. - Көжек көп пе, сәбіз көп пе? Салыстырайықшы - Көжек көп, сәбіз аз. - Дұрыс көжек төртеу, сәбіз үшеу. - Ендеше, бүгінгі математика оқу іс-әрекетінде 3 және 4 сандарын салыстыруды үйренеміз. Қане қайталайықшы. (салыстыру) - Балалар, 3 саны 4 санының алдыңғы көршісі, ал 4 саны 3 санының артқы көршісі екенін білеміз.Қайталап айтайықшы. - Міне , көктем мезгілі келіп жәндіктер оянған соң көбелектерде ұшып келіпті. Ендеше кім келіп, мына жоғарғы жолаққа қандай сан тұрса, төменгі жолағына сонша көбелек орналастырады. (Балалар шығып орналастырады, жеке баламен жұмыс жасау) - Балалар, осы көбелектер қайда қонады? - Көбелектер гүлге қонғанды ұнатады. - Ал, енді мына үшінші жолақта қандай сан тұрса, төменгі 4-ші жолаққа сонша гүлді орналастырайық. (Балалар, орналастырады) - Балалар, көбелек нешеу? - Көбелек үшеу. - Ал, енді гүл нешеу? - Гүл төртеу. - Қайсысы көп, қайсысы аз? - Гүл көп, көбелек аз. - Ал, енді екеуі тең болу үшін не істейміз? - 1 көбелек қоямыз. - Міне, балалар көбелек пен гүл теңесті. - Балалар, бәріміздің алдымызда екі жолақты карточка бар, осы карточканың жоғарғы қызыл жолағына көбелектерді, ал төменгі жолағына гүлді орналастырамыз. (Балалар үлестірмелі материалдармен өз беттерінше жұмыс жасайды) Енді балалар, бір сәт айналамызға қарайықшы, не байқап тұрсыңдар. - Әдемі үлкен гүлдерді көріп тұрмыз. - Гүлдерді санайықшы. 1,2,3,4 - Гүлдердің үстіне нелер қонып тұр? - Аралар қонып тұр. - Араларды санайықшы, нешеу екен. 1,2,3 - Гүлдер көп пе, аралар көп пе? - Гүлдер көп, аралар аз. - Екеуін теңестіру үшін не істеуге болады? - 1 ара қосамыз. - Тамаша, жарайсыңдар балалар! (Әсем әуен ойналып,екі жерде тұрған түймедақ гүлі ашылады) Сергіту ойыны: «Ұқсас санға ұшып барайық» Шарты: Мына сиқырлы гүлдерде 3 және 4 саны бейнеленіпті.Ендеше 4 саны қойылған столдағы балалар көбелек болып, 4 саны бейнеленген гүлге ұшып келеді.Ал, 3 саны қойылған столдағы балалар, 3 саны бейнеленген гүлге көбелек болып ұшып келеді. Тамаша балалар, керемет көбелектерге ұқсап кеттіңдер. - Балалар, көжектердің үйінің алдында көп сәбіз өсіп тұр екен.Ал, әке қоян орманнан саңырауқұлақ теріп әкеліпті. Қане балалар, санап көрейікші. (Балаларға санату, салыстырту) - Балалар, біз бүгін математика оқу іс-әрекетінде 3 және 4 санын салыстыруды үйрендік. - Балалар, бізге қонаққа нелер келді? - Көжектер келді, көбелек пен гүлдерді санадық, салыстырдық. Жарайсыңдар, балалар! Күтілетін нәтиже: Білуі: 3 және 4 санын кез-келген үлестірмелі материалдардың көмегімен салыстыра біледі. Меңгеруі: Қарапайым математикалық ұғымдар туралы білімді меңгере білуі, сұраққа толық жауап бере білуі. Жасай алуы: Достарының жауабына, ойына, өз көзқарасын еркін білдіре білуі, өзін жеке тұлға ретінде сезіне білуі