kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа жыл-Жаңа нұр!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы
«Балдырған» бөбекжай балабақшасының
І -санатты тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы

"Жаңа жыл-Жаңа нұр!"

Мақсаты: Балаларға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау.  Ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегі кейіпкерлерін таныстыра отырып, сахналық қойылым арқылы балаларды ынталандыру. Әсемдікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ортаға бейімдеу,ойындар ойнату, эстетикалық талғамын арттыру.

(Музыка ойнап тұрады)

Ортаға кеш жүргізушісі шығады.

Қоян:Армысыңдар құрметті қонақтар! Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Бүгін бізде мереке Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Жаңа жыл мерекесімен тұспа тұс келіп жатқан менің сүйікімді де,сүйікті  көжектерімнің туған күні.

(Көжектер келеді,әдемі музыка ойналады)

 Қоян:   Менің сүйкімді көжектерім, бүгін сендердің туған күндерің және Жаңа жыл мерекесі.

          Көжектерім туған күндерің құтты болсын! Кәне көжектерім көңіл -күйімізді бір көтеріп билеп алсақ қайтеді.

Би: "Көжектер"

1.Алсу

2.Ләйсан

3. А. Азиза

4.К. Ерсәт

5.Алишер.

Қоян: Ой-ой-ой менің көжектерім қандай керемет, өздері сондай аппақ, билері қандай тәтті -ақ.

-Көжектерім бүгін ең қуанышты күн. Сендердің туған күндеріңді құттықтауға әрі Жаңа жыл кешін бізбен бірге қарсы алуға көптеген қонақтар келе жатыр екен.

-Кәне көжектерім туған кешіне келетін қонақтарды әдемі көңіл -күймен қарсы аламызба?

Көжектер: -Иә

Қоян: -Ендеше қонақтарды күтуге дайындалып, әдемі шыршамызға ойыншықтар іліп, стол дайындайық.

(Қоян көжектерімен бірге әдемі музыка ырғағымен   шыршаны әсемдеп, стол дайындайды)

Автор: Үнемі іш бауырына кіретін түлкі,сөзге шорқақ болсада салмақты қасқыр,аздап сөйлейтін аю және тағы басқада аңдардың, қонақтардың да келетін уақыты да болып қалды.

Сәлден соң есік сықыры естіледі. (музыка ойналады)

Түлкі: Сәлеметсіз бе Ақ қоян, ақ қоян көжектеріңнің туған күні құтты болсын! Мына менің сыйлығымды қабыл ал,-деп корзинадағы балығын сыйға тартады.

Қоян: -Рахмет, рахмет түлкі досым, төрлет дастарханға отыр  деп дастархан басына жайғастырады.

Сәлден соң есік соғылып қасқыр келеді.(қасқырдың музыкасы ойналады)

Қасқыр: Аппақ қоян туған күндерің құтты болсын! Әрқашан мына менің қойымдай аппақ болып жүріңдер. Мынау менің сыйлығым деп қойды ұсынады.

Қоян: Таңдана қарап, рахмет-рахмет дейді.

Шыршаны айналып әндетіп,мысық пен тышқан келе жатады.

Мысық: Мияу-Мияу деп келе жатып шыршаның жанында ұйықтап жатқан аюға шалынып қалады.

Ой, мынау жатқан не деп жатқан аюды таяқпен түртеді.

(жатқан аюды таяқпен түртеді)

Аю: -Бұл кім менің мазамды алған?

-Мені неге ояттыңдар?  Қыста күн суытқанда мен ұйықтағанды жақсы көремін. (Таңдана қарап )  Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар? Бүгін қандай мейрам?  Әрі сендер бүгін нағып дос бола қалдыңдар?

Мысық: Аю аға бүгін үлкен мейрам Жаңа жыл емеспе?

Әрі бүгін достарымыздан қоянның көжектерінің туған күні деп естідік.

Тышқан: Біз Мысық екеуміз бүгіннен бастап дос боламыз деп шештік.

Сен неге ұйықтап жатырсың,жүр бізбен бірге қояндарды туған күндерімен құттықтап қайтайық.

(үшеуі әдемі көңіл-күймен қоянның үйіне қарай беттейді)

Мысық: Қоян,қоян сәлеметсізбе ?

Көжектеріңнің туған күні құтты болсын!

Аю: Үйің қандай жылы, әрі әдемі безендірілген екен. Мына шыршаның әдемісің аййй.

Мысық, Тышқан, Аю қоянға алып келген сыйлықтарын ұсынады.

(Туған күн тойлауға келген қонақтар мәз болып, дастархан басына жиналып туған күнді тойлайды.)

Қоян: Қонақтар қош келдіңдер! Сендерге көп-көп рахмет. Менің көжектерім сендерге арнап тақпақ айтқылары  келіп тұр.

Алсу:

Қыс өнерін бастады

терезеге қыраудан

Сурет салып тастады.

Ләйсан:

Аяз ата келіп тұр

бізге сәлем беріп тұр

САқалының ұзынын -ай

кесіп алса шіркін-ай

А.Азиза:

Келіңдер,келіңдер

тақпақ айтып беріңдер

жомарт Аяз атадан

сыйлық алып көріңдер.

К.Ерсәт:

 Кесек қар дала да,

бас жаса домалақ

көзіне көмір қой,

мұрын бер жобалап

Алишер:

Кел билейік үйренейік

ол келгенше Жаңа жыл

Құтты болысын,құтты болсын

Құтты болсын Жаңа жыл.

Туған күн кешіне келген қонақтар мәз болып қол соғады.

Келген қонақтар: Бәрі бірге біздіңде сендерге алып келген өнерлеріміз бар.

(бәрі ортаға шығып билейді)

Би: "Аңдар"

1.Қасқыр:  Мүслима

2. Түлкі :     Саиида

3.Мысық:    Жанель

4.Тышқан:  Нүриба

5. Аю:          Шахназ

Қоян: Рахмет-рахмет  достарым. Енді бәріміз бірге ән шырқайық. Менің көжектерімнің туған күніне Аяз ата да келем деп еді,ендеше Аяз атаға арнап бір ән айтайықшы. Мүмкін Аяз ата әнімізді естіп тездетіп келіп қалар. Әрі бүгін Жаңа жыл мерекесі емес пе?

Хор: "Аяз ата"

Қоян : Қонақтарым тағыда  менің көжектеріме арнаған қандай өнерлерің бар.

Мүслима:

Жайнатып жасыл шыршаны

Сыйлыққа толтырып ортаны

Ойнаймыз, күлеміз, билейміз

Қуантып Аяз атаны

Саиида:

Аппақ күміс бар әлем

Зымырайық шанамен

торғайлар тон киеді

Аяз беттен сүйеді.

Жанель:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

қандай әсем шыршамыз

ән шырқайық, баршамыз

Нүриба:

Кел, балалар тақпақты

тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

сыйлық алып қайтайық

Шахназ:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне  сұлу шыршамыз

көптен күтіп сағынған

Қоян: Рахмет туған күн кеші, әрі Жаңа жыл мейрамы өте тамаша өтіп жатыр. Бірақ менің бір ғана тілегім, арманым бар еді. Мен аспандағы айды жұлдыздарымен қоса жақыннан көргім келеді. Ой-ой менің осы арман тілегімді орындап, аспандағы айды жұлдыздарымен бірге біреу сыйға тартса жақсы болар еді.

   Осы мезгілде әдемі ән жүреді.

Ішке Ай кіреді.

Ай:- Қоян, қоян көңіл -күйіңді түсірме. Мен аспаннан сенің тілегіңді естіп жерге түстім. Ойййй- жер беті қандай тамаша, не деген әдемі қонақтар, әдемі  шыршалар.  Бүгін сендер Туған күн және Жаңа жыл тойлап жатыр екенсіңдер. Мен жалғыз келмедім қасымда жұлдыздарым бар. Сендерге арнап өнерлерімізді ала келдік.Жұлдыздарым қайдасыңдар!

Би: " Жұлдыздар"

1. Ай: Айзере

2.Жауһар

3.Мәдина

4.Шырайлым.

5.Ақерке

6.Қ. Азиза.

Қоян: Рахмеет Ай ана,біздің көңіл күйімізді бір көтеріп тастадыңдар.

Ай: Менің жұлдыздарым жанып тұрған от, жарқыраған күн сәулесіндей жарық.Әр жұлдызымның, әрі менің биден басқа тағыда өнеріміз бар.

Жауһар:

Жаңа жылды қарсы алдық

Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де.

Мәдина:

Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары

Енді дала алақай

Ақ күміске толады.

Шырайлым:

Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті

Ойыншығын балалар

Шыршаға әкеп іліпті

Ақерке:

Тілеймін мен бар адамға

дос көп болсын жаңа жыл

Ата-әже, ата-әже

құтты болсын Жаңа жыл!

Қ. Азиза:

Далада қар борайды

ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады.

Айзере:

Маймыл жылымен қоштасып

қарсы алайық тауықты

Тауық жылы болса екен

бар қазаққа табысты.

Буратина мен Гном шанамен өзінің кішкентай достарын алып келеді.

Шыршаны бір айналып жүреді.

Буратина: Сәлеметсіңдерме Құрметті қонақтар!

Кішкентай буратиналар: Жаңа жылдарың құтты болсын!

Гном: Амансың ба Ақ қоян!

Кішкентай Гномдар:  Көжектер туған күндерің  құтты болсын!

Гном: Оййййййййй мына залдың әдемісін -ай,неткен керемет. Биыл үлкен той себебі Жаңа жыл мен қатар тәуелсіздігіміздің 25-жылдығы емес пе? Буратина досым мына залға көптеген қонақтар жиналыпты, осы қонақтармен бір ойын ойнасақ қайтеді

Буратина: Қонақтардың көңілін бір көтеріп тастайық.

Ойын: "Шыршаны кім тез әсемдейді"

Шарты: Ойынға 5-5тен он ата-ана қатысады.Екі шыршаны ортаға алып келіп, ата-аналарды екі топқа бөліп шыршаны әсемдеу.

Гном: Рахмет,рахмет қонақтар. Біз сіздерге сыйлық ретінде мына біздің кішкентай достарымыздың биін ұсынамыз.

Би: "Буратина"

Жаңа жыл келеді.

Тауық жылы.

Залдағы қонақтар Жаңа жылды қарсы алады. Жаңа жылмен бірге ортаға Аяз ата мен  Ақшақар да кіреді.

Аяз ата сөзі:

Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)

Аяз  ата: 

Сәлеметсіздер  ме,  құрметті  ата-аналар,  қонақтар  және  балалар.  Сіздерді   көргенімізге қуаныштымыз,  Ақшақар  қызымыз  екеуміз  жаңа  жыл  мерекесімен әрі Көжектерідің  туған күндерімен құттықтауға келдік!


Ақшақар:

Амансыздар ма, балалар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Маймыл  жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Тауық жылы  табыс жылы болсын!

Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.

 Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне, сүйкімді көжектердің құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.

Хор: "Аяз ата"

Буратина:
Рахмет  сізге  Аяз  ата,  алыс  жол  жүріп  шаршаған боларсыздар    жайғасып, балалардың өнерлерін  тамашалаңыздар. Біздің  балаларымыз  сіздерді  асыға  күтуде,  сіздерге арнап   ән,  билерін  дайындап  отыр.

Аршат:

Ақ қарлы Қыс келді

балалар қараңдар

Қыс қандай тамаша

Аққала жасаңдар

Жалғас:

Аппақ тонға орнанып

базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Айназар:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Орынжан:

Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, Жаңа жыр

Құтты болсын, құтты болсын

Құтты болсын Жаңа жыл!

Алғиса:

Шырша,келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Аян:

Келді тағы Жаңа жыл

Қуантуға біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

Нұрмұхаммед:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

С. Ерсәт.

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық

Назар:

Сақалы аппақ күмістей

тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

сағындым Аяз атаны

Иса:

Жаңа жыл-Жаңа жыл

Жаңа жылда Жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Буратина: Менің достарымның Аяз мен Ақшақарға және көжектерге  арнаған тағыда өнері бар.

Би: "Гномдар."

Қоян: Рахмет менің достарым. Сендерге  өте ризамын. Менің көжектерімнің туған күніне,әрі Жаңа жылдық мерекеге осындай көптеген өнерлеріңді алып келгендерің үшін шексіз ризамын.

Хор: "Жаңа жыл" (Балалар Шыршаны айнала ән айтады)

Тілек сөз.

Қоян:        Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Буратина: Біздің бүлдіршіндеріміздің өмірі жарқын болсын!

Гном:        Келіп  Тауық жылы бәрімізге құтты жыл болғай!

Тілек сөз.Балдырған бөбекжай  бала бақшасының директорын міндетін атқарушы Г.Саматқызына құттықтау сөз кезегін береміз.

Құттықтау сөз Ата-ана:

Аяз ата балаларға алып келген сыйлықтарын ұсынды.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жыл-Жаңа нұр!»

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы
«Балдырған» бөбекжай балабақшасының
І -санатты тәрбиешісі 
Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы







"Жаңа жыл-Жаңа нұр!"

Мақсаты: Балаларға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегі кейіпкерлерін таныстыра отырып, сахналық қойылым арқылы балаларды ынталандыру. Әсемдікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ортаға бейімдеу,ойындар ойнату, эстетикалық талғамын арттыру.

(Музыка ойнап тұрады)

Ортаға кеш жүргізушісі шығады.

Қоян:Армысыңдар құрметті қонақтар! Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Бүгін бізде мереке Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Жаңа жыл мерекесімен тұспа тұс келіп жатқан менің сүйікімді де,сүйікті көжектерімнің туған күні.

(Көжектер келеді,әдемі музыка ойналады)

Қоян: Менің сүйкімді көжектерім, бүгін сендердің туған күндерің және Жаңа жыл мерекесі.

Көжектерім туған күндерің құтты болсын! Кәне көжектерім көңіл -күйімізді бір көтеріп билеп алсақ қайтеді.

Би: "Көжектер"

1.Алсу

2.Ләйсан

3. А. Азиза

4.К. Ерсәт

5.Алишер.

Қоян: Ой-ой-ой менің көжектерім қандай керемет, өздері сондай аппақ, билері қандай тәтті -ақ.

-Көжектерім бүгін ең қуанышты күн. Сендердің туған күндеріңді құттықтауға әрі Жаңа жыл кешін бізбен бірге қарсы алуға көптеген қонақтар келе жатыр екен.

-Кәне көжектерім туған кешіне келетін қонақтарды әдемі көңіл -күймен қарсы аламызба?

Көжектер: -Иә

Қоян: -Ендеше қонақтарды күтуге дайындалып, әдемі шыршамызға ойыншықтар іліп, стол дайындайық.

(Қоян көжектерімен бірге әдемі музыка ырғағымен шыршаны әсемдеп, стол дайындайды)

Автор: Үнемі іш бауырына кіретін түлкі,сөзге шорқақ болсада салмақты қасқыр,аздап сөйлейтін аю және тағы басқада аңдардың, қонақтардың да келетін уақыты да болып қалды.

Сәлден соң есік сықыры естіледі. (музыка ойналады)

Түлкі: Сәлеметсіз бе Ақ қоян, ақ қоян көжектеріңнің туған күні құтты болсын! Мына менің сыйлығымды қабыл ал,-деп корзинадағы балығын сыйға тартады.

Қоян: -Рахмет, рахмет түлкі досым, төрлет дастарханға отыр деп дастархан басына жайғастырады.

Сәлден соң есік соғылып қасқыр келеді.(қасқырдың музыкасы ойналады)

Қасқыр: Аппақ қоян туған күндерің құтты болсын! Әрқашан мына менің қойымдай аппақ болып жүріңдер. Мынау менің сыйлығым деп қойды ұсынады.

Қоян: Таңдана қарап, рахмет-рахмет дейді.

Шыршаны айналып әндетіп ,мысық пен тышқан келе жатады.

Мысық: Мияу-Мияу деп келе жатып шыршаның жанында ұйықтап жатқан аюға шалынып қалады.

Ой, мынау жатқан не деп жатқан аюды таяқпен түртеді.

(жатқан аюды таяқпен түртеді)

Аю: -Бұл кім менің мазамды алған?

-Мені неге ояттыңдар? Қыста күн суытқанда мен ұйықтағанды жақсы көремін. (Таңдана қарап ) Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар? Бүгін қандай мейрам? Әрі сендер бүгін нағып дос бола қалдыңдар?

Мысық: Аю аға бүгін үлкен мейрам Жаңа жыл емеспе?

Әрі бүгін достарымыздан қоянның көжектерінің туған күні деп естідік.

Тышқан: Біз Мысық екеуміз бүгіннен бастап дос боламыз деп шештік.

Сен неге ұйықтап жатырсың ,жүр бізбен бірге қояндарды туған күндерімен құттықтап қайтайық.

(үшеуі әдемі көңіл-күймен қоянның үйіне қарай беттейді)

Мысық: Қоян,қоян сәлеметсізбе ?

Көжектеріңнің туған күні құтты болсын!

Аю: Үйің қандай жылы, әрі әдемі безендірілген екен. Мына шыршаның әдемісің аййй.

Мысық, Тышқан, Аю қоянға алып келген сыйлықтарын ұсынады.

(Туған күн тойлауға келген қонақтар мәз болып , дастархан басына жиналып туған күнді тойлайды.)

Қоян: Қонақтар қош келдіңдер! Сендерге көп-көп рахмет. Менің көжектерім сендерге арнап тақпақ айтқылары келіп тұр.

Алсу:

Қыс өнерін бастады

терезеге қыраудан

Сурет салып тастады.

Ләйсан:

Аяз ата келіп тұр

бізге сәлем беріп тұр

САқалының ұзынын -ай

кесіп алса шіркін-ай

А.Азиза:

Келіңдер,келіңдер

тақпақ айтып беріңдер

жомарт Аяз атадан

сыйлық алып көріңдер.

К.Ерсәт:

Кесек қар дала да,

бас жаса домалақ

көзіне көмір қой,

мұрын бер жобалап



Алишер:

Кел билейік үйренейік

ол келгенше Жаңа жыл

Құтты болысын,құтты болсын

Құтты болсын Жаңа жыл.



Туған күн кешіне келген қонақтар мәз болып қол соғады.

Келген қонақтар: Бәрі бірге біздіңде сендерге алып келген өнерлеріміз бар.

(бәрі ортаға шығып билейді)

Би: "Аңдар"

1.Қасқыр: Мүслима

2. Түлкі : Саиида

3.Мысық: Жанель

4.Тышқан: Нүриба

5. Аю: Шахназ

Қоян: Рахмет-рахмет достарым. Енді бәріміз бірге ән шырқайық. Менің көжектерімнің туған күніне Аяз ата да келем деп еді,ендеше Аяз атаға арнап бір ән айтайықшы. Мүмкін Аяз ата әнімізді естіп тездетіп келіп қалар. Әрі бүгін Жаңа жыл мерекесі емес пе?

Хор: "Аяз ата"

Қоян : Қонақтарым тағыда менің көжектеріме арнаған қандай өнерлерің бар.

Мүслима:

Жайнатып жасыл шыршаны

Сыйлыққа толтырып ортаны

Ойнаймыз, күлеміз, билейміз

Қуантып Аяз атаны

Саиида:

Аппақ күміс бар әлем

Зымырайық шанамен

торғайлар тон киеді

Аяз беттен сүйеді.

Жанель:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

қандай әсем шыршамыз

ән шырқайық, баршамыз

Нүриба:

Кел, балалар тақпақты

тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

сыйлық алып қайтайық

Шахназ:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

көптен күтіп сағынған

Қоян: Рахмет туған күн кеші, әрі Жаңа жыл мейрамы өте тамаша өтіп жатыр. Бірақ менің бір ғана тілегім, арманым бар еді. Мен аспандағы айды жұлдыздарымен қоса жақыннан көргім келеді. Ой-ой менің осы арман тілегімді орындап, аспандағы айды жұлдыздарымен бірге біреу сыйға тартса жақсы болар еді.

Осы мезгілде әдемі ән жүреді.

Ішке Ай кіреді.

Ай:- Қоян, қоян көңіл -күйіңді түсірме. Мен аспаннан сенің тілегіңді естіп жерге түстім. Ойййй- жер беті қандай тамаша, не деген әдемі қонақтар, әдемі шыршалар. Бүгін сендер Туған күн және Жаңа жыл тойлап жатыр екенсіңдер. Мен жалғыз келмедім қасымда жұлдыздарым бар. Сендерге арнап өнерлерімізді ала келдік.Жұлдыздарым қайдасыңдар!

Би: " Жұлдыздар"

1. Ай: Айзере

2.Жауһар

3.Мәдина

4.Шырайлым.

5.Ақерке

6.Қ. Азиза.

Қоян: Рахмеет Ай ана ,біздің көңіл күйімізді бір көтеріп тастадыңдар.

Ай: Менің жұлдыздарым жанып тұрған от, жарқыраған күн сәулесіндей жарық .Әр жұлдызымның, әрі менің биден басқа тағыда өнеріміз бар.



Жауһар:

Жаңа жылды қарсы алдық

Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де.



Мәдина:

Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары

Енді дала алақай

Ақ күміске толады.



Шырайлым:

Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті

Ойыншығын балалар

Шыршаға әкеп іліпті



Ақерке:

Тілеймін мен бар адамға

дос көп болсын жаңа жыл

Ата-әже, ата-әже

құтты болсын Жаңа жыл!





Қ. Азиза:

Далада қар борайды

ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады.



Айзере:

Маймыл жылымен қоштасып

қарсы алайық тауықты

Тауық жылы болса екен

бар қазаққа табысты.

Буратина мен Гном шанамен өзінің кішкентай достарын алып келеді.

Шыршаны бір айналып жүреді.

Буратина: Сәлеметсіңдерме Құрметті қонақтар!

Кішкентай буратиналар: Жаңа жылдарың құтты болсын!

Гном: Амансың ба Ақ қоян!

Кішкентай Гномдар: Көжектер туған күндерің құтты болсын!

Гном: Оййййййййй мына залдың әдемісін -ай ,неткен керемет. Биыл үлкен той себебі Жаңа жыл мен қатар тәуелсіздігіміздің 25-жылдығы емес пе? Буратина досым мына залға көптеген қонақтар жиналыпты, осы қонақтармен бір ойын ойнасақ қайтеді

Буратина: Қонақтардың көңілін бір көтеріп тастайық.

Ойын: "Шыршаны кім тез әсемдейді"

Шарты: Ойынға 5-5тен он ата-ана қатысады.Екі шыршаны ортаға алып келіп, ата-аналарды екі топқа бөліп шыршаны әсемдеу.

Гном: Рахмет,рахмет қонақтар. Біз сіздерге сыйлық ретінде мына біздің кішкентай достарымыздың биін ұсынамыз.

Би: "Буратина"

Жаңа жыл келеді.

Тауық жылы.

Залдағы қонақтар Жаңа жылды қарсы алады. Жаңа жылмен бірге ортаға Аяз ата мен Ақшақар да кіреді.





Аяз ата сөзі:

Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)

Аяз  ата: 

Сәлеметсіздер  ме,  құрметті  ата-аналар,  қонақтар  және  балалар.  Сіздерді   көргенімізге қуаныштымыз,  Ақшақар  қызымыз  екеуміз  жаңа  жыл  мерекесімен әрі Көжектерідің туған күндерімен құттықтауға келдік!


Ақшақар:

Амансыздар ма, балалар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Маймыл жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Тауық жылы табыс жылы болсын!

Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.

Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне, сүйкімді көжектердің құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.

Хор: "Аяз ата"

Буратина:
Рахмет  сізге  Аяз  ата,  алыс  жол  жүріп  шаршаған боларсыздар    жайғасып, балалардың өнерлерін  тамашалаңыздар. Біздің  балаларымыз  сіздерді  асыға  күтуде,  сіздерге арнап   ән,  билерін  дайындап  отыр.





Аршат:

Ақ қарлы Қыс келді

балалар қараңдар

Қыс қандай тамаша

Аққала жасаңдар

Жалғас:

Аппақ тонға орнанып

базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.



Айназар:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Орынжан:

Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, Жаңа жыр

Құтты болсын, құтты болсын

Құтты болсын Жаңа жыл!









Алғиса:

Шырша,келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Аян:

Келді тағы Жаңа жыл

Қуантуға біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

Нұрмұхаммед:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

С. Ерсәт.

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық

Назар:

Сақалы аппақ күмістей

тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

сағындым Аяз атаны



Иса:

Жаңа жыл-Жаңа жыл

Жаңа жылда Жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Буратина: Менің достарымның Аяз мен Ақшақарға және көжектерге арнаған тағыда өнері бар.

Би: "Гномдар."

Қоян: Рахмет менің достарым. Сендерге өте ризамын. Менің көжектерімнің туған күніне ,әрі Жаңа жылдық мерекеге осындай көптеген өнерлеріңді алып келгендерің үшін шексіз ризамын.

Хор: "Жаңа жыл" (Балалар Шыршаны айнала ән айтады)

Тілек сөз.

Қоян: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Буратина: Біздің бүлдіршіндеріміздің өмірі жарқын болсын!

Гном: Келіп Тауық жылы бәрімізге құтты жыл болғай!

Тілек сөз.Балдырған бөбекжай бала бақшасының директорын міндетін атқарушы Г.Саматқызына құттықтау сөз кезегін береміз.

Құттықтау сөз Ата-ана:

Аяз ата балаларға алып келген сыйлықтарын ұсынды.




Ойын:

 «Қатып қал»                                                                                                          

    Шарты:  Музыка  әуенімен  балалар  қимыл  жасайды  музыка  тоқтағанда  қатып  қалады. Солай  бірнеше  рет  қайталайды.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаңа жыл-Жаңа нұр!

Автор: Изтелеуова Ардак Оразбековна

Дата: 04.02.2017

Номер свидетельства: 387613

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Допты ж?ргізіп себетке ла?тыру "
    ["seo_title"] => string(36) "dopty-zhurghizip-siebietkie-lak-tyru"
    ["file_id"] => string(6) "159383"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421897313"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) "Ашы? саба?. Баскетбол-6 сынып. Та?ырыбы: "Бір адым жасап, екі ?олмен кеудесінен доп беру""
    ["seo_title"] => string(94) "ashyk-sabak-baskietbol-6-synyp-tak-yryby-bir-adym-zhasap-ieki-k-olmien-kieudiesinien-dop-bieru"
    ["file_id"] => string(6) "313994"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459592668"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Қашықтыққа жүгіру 1500 метр"
    ["seo_title"] => string(35) "k_ashyk_tyk_k_a_zhughiru_1500_mietr"
    ["file_id"] => string(6) "414461"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494499491"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Саба? жоспары 6 сынып "
    ["seo_title"] => string(22) "sabak-zhospary-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "136046"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1417020371"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "30-60 м ?ашы?ты??а жылдам ж?гіру "
    ["seo_title"] => string(40) "30-60-m-k-ashyk-tyk-k-a-zhyldam-zhughiru"
    ["file_id"] => string(6) "211883"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431696324"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства