Ендеше бүгінгі тренинг аты «Жақсы көңіл-күй жан азығы»
2-жаттығу «Жылылық сыйлау»
Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екенін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта,
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз- үлкен отбасы.
1. «Есте қалған қызықты оқиға».
Мақсаты: қатысушылар шеңбер бойымен тұрып, допты бір біріне бере отырып, өміріндегі ең бір қызықты оқиғасын айту. Сол кездегі сезімдерін қазір қаншалықты естеріне түсіре алатындықтарын білу.
2.«Егер.....» тапсырмасы.
Нұсқау: Әр қатысушыға бір сұрақ қойылады. Сол сұраққа жылдам жауап беру керек. Сұрақтар «Егер де» деген сөзден басталады. Тәрбиешілер қиялдап, фантастикалық жауаптар берсе болады.
Сұрақтар:
Егер де сен сиқыршы болсаң не болар едің....
Егер мысықтар сөйлей алатын болса....
Егер пілдер ұшатын болса....
Егер балықтар сусыз өмір сүре алатын болса....
Егер адамдар жануарлардың тілін түсіне алатын болса...
Егер ағаштарда шоколадтар өсетін болса....
Егер қардың орнына аспаннан гүл жауатын болса...
Егер машиналар майдың орнына сумен жүретін болса....
3. «Ән айтайық».
1.Бәрімізде бір дәуірдің ұстазымыз.
Бірге өтуде талай – талай қыс – жазымыз.
Құрметтейік ең қадірлі ұстаз атын,
Әріптестер, әз жандар
Қайырмасы:
Тренингте басты қостық бәрімізде,
Көп болсыншы айтар талай әнімізде.
Әріптестер алға, қанаттарың талма,
Биіктерге, биіктерге самғаңдар.
2. Көбейсінші білім құмар шәкіртіміз,
Жақсылықпен ата – берсін әр күніміз.
Жалақымыз уақытында қолға тиіп,
Жете берсін бәріне.
Қайырмасы:
Қаламдардың сиялары таусылмасын,
Азаймасын бастықтардың тапсырмасы.
Бітпейтұғын қағаздардың арасында,
Аман - есен жүрейік.
4. «Жағымды сөздер арқылы ұрысамыз»
Бұл ойында педагогтар ұрысқан кезде бір-біріне жағымсыз сөздердің орнына жағымды сөздер арқылы образға кіріп ұрысады.
5. Әр топ өздерінің күн сәулесіне арналған топтық тақпақтар. Қане балалар біздің балдар суретті салып бітіргенше әр топ өзінің көңіл-күйлерін шумақтап берсін.
Біз қандаймыз қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Жарқыраған күндейміз Ренжуді білмейміз
2) Кел балалар күлейік Күлкі менен түлейік Қабақ түйген не керек Көңілді боп жүрейік
3) Арайлап күн атты Алтын сәуле таратты Жарқырасын даламыз Қуансын бар баламыз
6.«Жүрек жылуы». Мақсаты:Педагог-тәрбиешілердің бір-біріне деген сыйластығын, адамгершілік қасиеттерін ұйымдастыру.
Педагог-тәрбиешілер ақ параққа түрлі-түсті қарындашпен жүрек салады. Сол жүрекке өзіне жақсы қасиеттерімен ұнаған педагог-тәрбиешіге тілек жазады да сыйлайды. Кімде көп жүрек болса, сол жеңімпаз атанады. Қалғандары да жақсы қасиеттерін көбейтуге тырысады.
7. Өмiрiңе немқұрайлы қарама
Сөзі:Дарибаевтардікі
Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама
Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Қайырмасы:
8. Қорытынды: «Бос микрофон» - қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Адамның өзіне деген қарым – қатынасы маңызды. Қарым-қатынас арқылы жеке адамды түсінеміз, дамуы мен жетілуін, мінез-құлқын, ерекшеліктерін біле аламыз. Үнемі жақсы қарым – қатынас орната білейік. Біз біргеміз, ажырамас іргеміз! – деп аяқтаймыз.