Просмотр содержимого документа
«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!»
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!
Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы толық мағлұмат беру, олардың түрлі обрыздарға еніп, рөлде ойнау қабілеттерін дамыту. Мерекелік көңіл-күй сыйлау тапқырлыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын заттар: киіз үй макеті, сазды әуен, бесік, тақия ұлттық киім үлгілері.
Жүргізуші: Ертеден мерекелеп келе жатқан мейрам – Наурыз күні. Наурыз – жаңару, жасару, көктем мерекесі, халық мейрамы. Олай болса, құрметті қонақтар, сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтай отыра, «Жыл басы - Наурыз!» ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көктем сайын арда емген Ана – Күнді,
Дүбірлесін думаннан дала күллі.
Салты солай Наурыздың...
Ей, адамдар, туыстарша тойлайық Жаңа жылды.
Хор: «Наурызым, көктем!»
Тақпақтар: Оразалы, Даниал, Еркебұлан, Амир.
Оразалы: Жібектей леппен,
Алмадай беттен
Біздерді өпкен,
Көрікті көктем.
Даниал: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді,
Наурыз тойы салтымыз.
«Көгерсін!» - деп, халқымыз.
Көшеге тал егеді.
Еркебұлан: Наурыз тойы ұлыстың,
Наурыз күні ұлы істің –
Салтанаты дәстүрдің.
Ел тұр жайып құшағын
Күнге қосып құс әнін,
Кел жырлайық, жас құрбым!
Амир: Өсіп еккен дәніміз,
Бүршік жарды бағымыз,
Түнде қыс.
Секілді екен наурыз.
Төлдеп жатыр малымыз.
Қазан толы сары уыз.
Жүргізуші:
Наурыз тойын жұп жазбай,
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең-жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!
(Шашу шашылады).
Жеке ән: «Қасиетті домбыра» (Эльнара, Аяулым)
Жүргізуші: Сан ғасыр санамызда сақталады,
Ән-күйі бабамыздың жатталады.
Қазағым осындай бір бопты деген,
Ортада бәйшешектер биі басталады, - дегендей, келесі кезекті «Достық» тобының биші қыздарын ортаға шақырамыз.
Би: «Бәйшешектер»
Жүргізуші: Балабақшамызда өткен «Екі жұлдыз» байқауына қатысып III орын иегері, Қалалық «Екі жұлдыз» байқауына қатысып, III орын жүлдегері, балабақшамыздың мақтанышы Жақсылық Ердәулет, Анасы Панаева Сандуғашты «Атамекен» әнімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: «Наурыз» мерекесіне шашу ретінде өз білетін өлең шумақтарын оқып беремін деуші бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
Тақпақтар: Нұрислам, Әділет, С. Ердәулет,Е.Әли, Әлімжан.
Нұрислам: Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз
Көжесі көп,
Қыры көк,
Қандай жақсы наурыз.
Әділет: Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарып,көгерсін!
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін.
С.Ердәулет:Күлімде, күн, күлімде
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың көкшіл түгіндей,
Қолдарына ту алсын.
Әли: Қарды ерітіп, жылғасы,
Наурыз келді жыл басы
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың.
Әлімжан: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Жүргізуші: Бүгінгі тойымызға жігіттеріміздің де өз өнері бар көрінеді.
Би: «Қамшы»
Жүргізуші: Көктем!
Көктем, тамаша осы бір шақ,
Кіріп келдің әр үйдің досы құсап.
Жайраң қағып бәрі де албырт жанмен,
Қарсы алады алдыңнан тосып құшақ.
Қазақ халқының салт – дәстүрі: «Бесікке салу» С.Ердаулет әжесі.
Хор: «Талбесік»
Жүргізуші: Арайыңдай көрінген таңғы үміттің,
Басын қостың сан халық, сан бір ұлттың.
Жарқырай бер, жер-көкте жаса Наурыз.
Ұлт достық мейрамы мәңгіліктің.
Би: «Домбыра»
Жүргізуші: Осындай жаңа жыл, жаңа күн баршаңызға бақыт пен денсаулық сыйласын! Жаңа жыл тек қана шат-қуаныш, ырыс-береке, бақ-дәулет, той-думан жылы болып енсін!