kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тіл — керуені"

Нажмите, чтобы узнать подробности

/                                  /

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тіл — керуені"»

Тіл — керуені .

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық  сезімін  оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт — дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу Ана тілінің қадір-қасиетіне, болашағына қамқор болып, өз үлесімізді қосу.
    Жүргізуші: Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл  туралы  Заңы» күшіне енді.  Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі,Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 25 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойнымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.

Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Біз бүгінгі таңда жас ұрпақты, жалпы қоғамдағы әрбір жанды кітап оқуға шақыруды түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз. Олай болса, төрткүл әлемге танылған қазақ тілі, даланың данасы, ұлттың ұлылары талғап, тамсанып, нәрін татып кеткен тіл – ана тілін насихаттай отырып, көп ұлтты тәуелсіз еліміздің асыл қазынасы, мемлекетіміздің төл мерекесі – тілдер күніне арналған

«Тіл –керуені » атты дөңгелек үстел басындағы әңгімемізді бастаймыз.
Дөңгелек  үстелімізді  бастамас  
бұрын қатысушыларымызды шақырамыз . ( таныстыру)

Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл  күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін  мектеп  директоры  Е.Жаңабаевқа  сөз  береміз.

Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін,- дегендей  тіл  апталығы аясында өткізіліп отырған  
«Тіл — керуені»  атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов  ағамыз  айтқандай   анамыздың  ақ сүтімен  бойымызға   дарыған  тіліміздің  өркендеуіне, дамуына  бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды  болашақ  ұрпаққа  танытуда  елеулі  еңбек  етіп  келе жатқан  осы  дөңгелек  үстелдің  арнайы  қонақтары  ұлағатты  ұстаздарымызбен    таныстырып өтейін, қарсы  алыңыздар!

1.Шакирова Сәуле Майшақызы-ясли бақша меңгерушісі. 2. Мушакулова Салтанат Базарбайқызы-әдіскер 3.Сәрсенова Қалдықыз Майшиевна –бірінші санатты саз жетекшісі. 4.Арыштанова Гүлбақыт Жарылғасынқызы-екінші санатты тәрбиеші. 5.Назарханова Айнаш Балтабайқызы- психолог 6.Жалмұқанова Вероника - ағылшын  пәнінің  мұғалімі 7.Елемесова Мадина Тасболатқызы-жас маман,тәрбиеші. Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын   «Тіл дамуы –ұлттың даму»  тақырыбында  слайдқа  назар  аударайық.

М.Шахановтың  «Рух  пен  тіл»  әнімен саз жетекшісі Сәрсенова Қалдықыз

Ж:Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 25 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойнымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз. Дегенмен   қоғамдағы  кейбір  жайттардың

«Әттеген-айы», келеңсіздіктердің  орын  алуы  көңілге  қаяу түсіріп  жатады. Осы  іс-шараны  пайдалана  отырып  өз ой-пікірлерінізді қосып  отырыңыздар
Дөңгелек  үстелде  талқыланатын  сұрақтар:
1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы, қадір-қасиеті қандай?
2. Қазақ тілінің қазіргі құқықтық аспектілері қандай?
3. Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?
4.Ақын-жазушылардың тіл туралы пікірлері. Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері  тыңдалады.

Шакирова Сәуле Майшақызы - Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардын ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-тың жан-жакты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.   Қазіргі ауқытта елімізді  әлемдегі барлық ел таниды, танып қана қоймай  еліміз-дің жетістіктеріне қызғанышпен қызыға қарайды. Біз осындай тәуелсіз, бірлік, бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.

Мушакулова Салтанат Базарбайқызы- Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы, қадір-қасиеті қандай?


                                                  

  Елемесова Мадина Тасболатқызы-Қазақ тілінің қазіргі құқықтық аспектілері қандай? Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту… Қай ұлттың болса да өзіне тән, өзі қадір-құрмет тұтатын ана тілі бар. Тіл ұлттың басты белгісі. Тілі жойылса, ұлт та жойылады. Тілі дамыса, ұлт та кемелдене түседі. Қазақ тілі — өте көне заманнан бері қолданыстан түспей келе жатқан аса бай, көркем, баламасы көп, айтуға жеңіл, мағналы-мәнді тілдер қатарына жатады. Оны мақтан етуге тиіспіз. Адамның ішкі жан сезімін, көңіл-күйін білдіретін «айналайын», «текті бала», «құлыншағым», «ғұмырлы бол» сияқты сөз және сөз тіркестері көненің көздері. Олар ешқашан да өшпек, ұмытпақ емес.
Кең-байтақ жері, ата-дәстүрі, өміршең әдет-салты, ұлттық тілі бар қазақ халқы ғасырдан-ғасырға жасай береді. Қазақ тілі — ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей берілетін асыл қазынамыз, ұлттымыздың асқар шыңы. Оны көздің қарашығындай сақтай білу — баршамыздың, халқымыздың, ұлтымыздың абыройлы борышы, парызы.
Біздің ана тіліміз — қазақ тілі — бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие. Ол Негізгі Заңымызбен бекітілген.
Мемлекеттік ұлттық тіліміздің дамуына, жан-жақты қолданысқа еңгізілуіне, әсіресе, қазақ халқы, ұлтымыздың ұл-қыздары ерекше жауапты.

Арыштанова Гүлбақыт Жарылғасынқызының пікірі- Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?

Ана тілі – ең басты байлығымыз.Қазақ тілі -мемлекеттік тіл.Бұл- ауыр тіл,бірақ құрметті азаматқа оны білу керек.Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы.Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. «Әрбір саналы,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік» Қазақ тіліне қазақтан басқаның басы ауырмайтыны белгілі.Сондықтан тіліміздің қадір-қасиетін түсініп құрметтеуіміз қажет.











ҚОРЫТЫНДЫ  СӨЗ

Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім — тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Қай ұлттың болса да өзіне тән, өзі қадір-құрмет тұтатын ана тілі бар. Тіл ұлттың басты белгісі. Тілі жойылса, ұлт та жойылады. Тілі дамыса, ұлт та кемелдене түседі.  Ендеше  ағайын тілімізді  жетімсіретпейік,  еліміздің   биіктен  көрінуі біздің  қолымызда  екенін  ұмытпайық! Көңіл бөліп  тыңдағандарыңызға  көп — көп рахмет!

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Тіл — керуені"

Автор: Козыбакова Аккенже Орынбаевна

Дата: 12.08.2019

Номер свидетельства: 517614

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "«?мір –шексіз керуен»"
    ["seo_title"] => string(20) "omirshieksizkieruien"
    ["file_id"] => string(6) "300525"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456747603"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "конспект урока по тему "К?згі ??с керуені" для 2класса "
    ["seo_title"] => string(60) "konspiekt-uroka-po-tiemu-kuzghi-k-u-s-kieruieni-dlia-2klassa"
    ["file_id"] => string(6) "129664"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415732755"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""?мір – шексіз керуен" "
    ["seo_title"] => string(22) "omir-shieksiz-kieruien"
    ["file_id"] => string(6) "209392"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431107980"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "К?згі керуен "
    ["seo_title"] => string(15) "kuzghi-kieruien"
    ["file_id"] => string(6) "129882"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415788650"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "«Білімділер керуені» атты физикалы? кеш "
    ["seo_title"] => string(42) "bilimdilier-kieruieni-atty-fizikalyk-kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "230285"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1442068783"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства