Балалар қолдарына жүрекше шарды ұстап, жұппен кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң қолдағы шарларын жоғары қарай, қолдарынан босатып, ұшырады. Музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! «Жазира» ортаңғы тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар,әжелер,апалар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Шуағын шашқан аялы алақан»»
№30 «Гүлдер» бөбекжайы
Тақырыбы:
«Шуағын шашқан аялы алақан»
«Жазира » ортаңғы тобы
Тәрбиеші : А.А.Галиева
Орал,2017
Балалар қолдарына жүрекше шарды ұстап, жұппен кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң қолдағы шарларын жоғары қарай, қолдарынан босатып, ұшырады. Музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
«Жазира» ортаңғы тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар,әжелер,апалар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
А.Айару : Анам болса қасымда Басқа бақыт не керек. Анашымның жүрегі, Мейірімді ғой керемет
А.Ернұр: Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар, Құттықтаймын мерекеңмен, Құрметті Аналар!
Әділ : Наурыздың сегізі, Сұлулықтың негізі. Әдемі сөз баланың, Анаға айтар лебізі.
Інжу: Аналарды сүйеміз Ақылын ойға түземіз Әжені де ардақтап Әдеппен бас иеміз.
Г.Айару: ай лайк зэ уэй юлук
ай лайк зэуэй ю кук
нау айуэн му сэй
хэппи мазс дэй
Мадина: Зэт из ио мазс э
Ай эгри шиз файн
Ю лав ио мазэ
Энд ай лав майн
Ән: «Анашым»
Айналайын анашым
Әлемдегі жан асыл
Болса маған не керек,
Бәрін іздеп табасың2
Айналайын анашым,
Асқар таудай панасың
Күн көзіндей күлімдеп
Құшағыңа аласың 2
Тәрбиеші: Бүгінгі мерекеде аналарымыздың құрметіне би билеп берейік. Би:«Таус» Тәрбиеші: Балаларымыз аналарымыз мен әжелерімізге арнап тағы тақпақтарын айтқысы келеді .
Диана : Бәрімізге анамыз Біз үшін күн боп жанасың Құтты болсын мерекең Құттықтаймын анашым! Нұртлеу: Апатайым анашым Ақылы мол данасың Қамқоршысы баланың Гүлі сенсің әр үйдің.
Айсана: Анам менің анашым Сені жақсы көремін Мерекемен бүгінгі Құттықтаймын мен сізді.
М.Ернұр: Вот какие наши мамы!
Мы всегда гордимся вами,
Умными и милыми
Добрыми,красивыми
Жангүлім: Сегодня праздник самый лучший
Сегодня праздник наших мам
Ушли подальше злые тучи
И солнце улыбнулись нам.
Ән: «Мамин праздник»
Сегодня мамин праздник
Сегодня мамин день
Я знаю мама любит
Гвоздику и сирень
Припев:
Я знаю,я знаю
Гвоздику и сирень2
Но марте нет сирени
Гвоздику не достать
А можно на листочке
Цветы нарисовать
Припев:
А можно , а можно
Цветы нарисовать
Повешу я картинку
Над маминым столом
И маму дорогую
Поздравлю с женским днем
Припев:
И маму 2поздравлю с женским днем.
Тәрбиеші: Балалар, ұлдар, бүгін тек қана аналарымыз бен әжелеріміздің ғана мерекесі емес, біздің қыздарымыздың да мерекесі. Кәне, қыздарымызға өз өнерімізді ортаға салып көрсетейік.
Би : «Джентльмен»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ұлдар, қыздарды бүгінгі мерекесімен құттықтап, өнерлерінді ортаға салдындар. Ендеше өздерің айтқандай қыздарымызды ортаға шақырып, ойын ойнайық. Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды» Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады.
Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Балаларымыз аналарымыз мен әжелерімізге арнап тағы тақпақтарын айтқысы келеді .
Арсен: Жанымызды жайнатқан Өзіңіз ғой аналар Зор денсаулық, мол бақыт Тілейміз біз балалар. Тәрбиеші: Көктем келмей бүгінде, Көңілді өтпес мереке. Көктемді мұнда шақырып, Табамыз қайдан лезде? Музыка ойналып, ортаға майшелпек жүгіріп шығады. Тәрбиеші: Ой, майшелпек, сен мұнда қайдан жүрсің? Мұнда неге келдің? Майшелпек: Мен, майшелпекпін, атамнанда қаштым, әжемнен де қаштым. Міне осында сендерге келдім. Құр келген жоқпын, сендерге хат әкелдім. Ол қайда кетті(іздейді)? А-а, міне, таптым(тәрбиешіге береді) Балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, қоштасып шығып кетеді. Тәрбиеші: Міне, қызық?… Мына хат кімнен келді екен? Кәне, оқып көрейік. Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен бірге қыс мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап, көңіл көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал, менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде көңіл көтеріп, ән салып, би билеңдер. Сонда көктем аруы, ұйқысынан оянып, сендерге келетін болады. Сол кезде айнала құлпырып,күн сәулесін шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар келіп, ән салатын болады. Қош сау болыңдар, балалар! Сәлеммен: Қыс ханшайымы. Тәрбиеші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер-деді ғой. Олай болса көңіл көтерейік. Музыка ойналып, ішке сыпырғышымен ұшып мыстан кіреді. Мыстан: Қараңғы үйшікте тұрамын, Сиқырлаймын алдаймын. Сыпырғышпен ұшамын. Мұнда бала көп екен? Бұл не өзі болды екен? Балалар: Бұл балабақша. Мыстан: Демек, мен дәл түскен екенмін ғой! Мен балабақшаға келген екенмін ғой! Жақсы болды! Ормандағы досым айтып еді: балабақшаға бар, онда балалар көктемді қарсы алып, аналар мен әжелерін мерекесімен құттықтап жатыр. Ал, сен онда болмайсың! Сендер мені шақырған жоқсыңдар! Мына мені, Мыстан сұлуды шақыруға ұмытып кеттіңдер(өзін қолымен көрсетеді)! Сондықтан мен сендерді кешірмеймін! Мен сендерден өшімді аламын! Мерекені болдырмай, мен сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды қорқытады) Тәрбиеші: Әй, Мыстан! Босқа шаршамай-ақ қой. Күшіңді құр босқа жоғалтпай-ақ қой! Біз сенен қорықпаймыз. Мыстан: Ах, сендер менен қорықпайды екенсіңдер! Қазір мен айқайлаймын(айқайлайды). Мен сыпырғышыммен ұрайын(сыпырғышпен жерді соғады). Мен сендерге көктем аруын жібермеймін. Айналаны қара түнек көңілсіздік басатын болады. Мен қара түнекпен доспын. Ол сендерге көңіл көтеруге мұрша бермейді. Көктем аруы да оянбайды. Ал, көктем келмесе, мерекені де тойлай алмайсыңдар! Тәрбиеші:Біз көңілді халықпыз. Көңіл көтеріп, би билеп, ән салып, қара түнекті қуамыз. Кәне, балалар, көңілді, әзіл ән салыңдар. Мыстан: Ән салыңдар, салыңдар! Осыдан менің күлдірмей көріңдер! Көресетемін мен сендерге! Ортаға әже киім киген төрт ұл шығады. Әзіл ән: «Әжелер әні» Бәрі: Келіннен қорқып саспайық, Келіңдер өсек бастайық. Немеренің әртүрлі Қылығын айтып тастайық. қ/сы: Ойбай, белім-ай, Қайда кетті келін-ай. М.Ернұр: Немерем менің блатной, Күндіз тыным таппайды. «Видео көру керек керек»-деп, Кешкі ұйқыға жатпайды. қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай. Ұят екен масқара ай. Елхан: Немерем менің кір-кір боп, Үйдің бетін көрмейді. «Киндер» сатып әпер деп, Еш тыныштық бермейді. қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай Ұят екен масқара-ай.
Дамир: Немерем менің теңгеге, Үйір болып алыпты. Мың теңгені сағызға, Аямай бере салыпты. қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай Ұят екен масқара-ай. Жанұзақ: Немерем менің ән салса, Махаббат деп айтады. Қызың бар ма деп едім, «Жоқ»,-деп басын шайқады. қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай Ұят екен масқара-ай. Бәрі: Келіндер келіп қапты ғой, Бізде үйге кетейік. Немере шіркін тәтті ғой. Барына шүкір етейік. қ/сы: Ойбай, белім-ай, Қайда кетті келін-ай.
Мыстан: Жарайды мені күлдірдіңдер! Бірақ мен сонда да берілмеймін. Күшті болсаңдар менің көңілімді тағы да көтеріп билетіп көріңдер. Сендер мені билете алмайсыңдар. Тәрбиеші: Ах, мына мыстан өзінің жеңілісін мойындамады ғой. Балалар, көңілді би билеп, мына мыстанды билетсек қайтеді? Балалар: Иә. Би: «Гүлдер » Мыстан да балалармен қосылып, билеп кетеді. Музыка бітсе де Мыстан билеп жүріп әрең тоқтайды. Мыстан: Жарайды, жарайды. Менің көңілімді көтердіңдер! Сендер жеңдіңдер! Жарайсыңдар, бұл бөбекжайда шапшаң, өнерлі, әрі көңілді балалар бар екен! Менің көңілімді көтердіңдер, би де биледім. Көңілімді көтеріп, бір жасарып қалдым. Жарайды менің орманға қайтатын уақытым болды. Мен барып көктем аруын оятайын. Ал, сендер, мені мерекеге шақыруға ұмытып кетпеңдер! Қош сау болыңдар! Мыстан қоштасып, шығып кетеді. Тәрбиеші: Манадан бері, ән де айттық би де биледік, ойын да ойнадық. Ал, көктем аруы әлі жоқ! Не болды екен, балалар? Осы кезде музыка ойналып ортаға көктем аруы шығады.
Көктем:Сәлем, сәлем, балақайлар, Әзиз әже, назды аналар. Қуаныңдар алақайлап, Құстар әнін ала келдім. Жерге кілем жаба келдім. Жан бітіріп табиғатқа, Гүлдерімді ала келдім. -Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар! Тәрбиеші: Салеметсіз бе Көктем аруы! Қош келдіңіз! Сіз отырып біздің балалардың сізге арнаған өлең, тілектерін қабыл алыңыз. Айзере: Көктем келді жадырап Күн нұрымен таласып, Жайнай берші жарқырап Жаны жайсаң аналар! Елхан: 8 марта-день торжественный
День радости и красоты
На всей земле он дарит женщинам
Свои улыбки и цветы
Ләззәт: Я подарок маме начал рисовать
Выглянуло солнышко и зовет гулять
Лучше рядышком садись
Мамин праздник раз в году
Нарисую и пойду
Нұрхан : Анам менің анашым Сені жақсы көремін Мерекемен бүгінгі Құттықтаймын мен сізді.
С.Ералы: Жүзімізге қараңыз Бал күлкілі баламыз Бізге қымбат күн шуақ Бізге қымбат аналар!
Санжар: Ана біздің күніміз Ананың біз гүліміз Балаларды қуантып Ұзақ өмір сүріңіз.
Али: Баланың да тірегі Дананыңда тілегі Ауырмасын ешқашан Анамыздың жүрегі.
Жантөре: Бүгін Наурыздың сегізі Сұлулықтың егізі Әдемі сөз адамның Анаға айтар лебізі.
Айриза: Ана біздің күніміз Ананың біз гүліміз Балаларды қуантып Ұзақ өмір сүріңіз.
Тәрбиеші: Балалар біз ару Көктемге арнап тілектер айтып бердік, енді балалар Көктемге арнап көктем әнін айтып берейік. Ән: «Көктем»
Көктем келді, құс келді
Ойнаймыз біз саз илеп
Біздің көлге түстенді
Былтыр кеткен қаз – үйрек
Қ-сы:
Ахау! Хала-ля-ку
Ли-ля
Ли-ля-ляй2
Біздің көлге түстенді
Былтыр кеткен қаз-үйрек
Көк көйлегін киді жер
Шешіп ақ қар ишігін
Емірене сүйді жел,
Тал теректің бүршігін
Қ-сы:
Алақай-ау балалар
Қандай жақсы көктемгі-ай
Гүлге оранды кең дала
Келді ауылға көп торғай.
Көктем: Рахмет, балалар, бүгінгі мерекемен мен аналар мен әжелерлі тағы да құттықтаймын. Мен сендерге әдемі гүлдер алып келдім. (тосын сыйымыз) Тәрбиеші: Міне, керемет, қандай әдемі гүлдер! Көктем: Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар. Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді. Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Шуағын шашқан аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңдар.