kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағат тақырыбы;Шуағын шашқан аялы алақан.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Шуағын шашқан, аялы алақан»

Мақсаты:

1. Балаларға 8-наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген махаббатын ояту.

2. Балаларды жақсы қасиеттерді үйренуге және олардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Сурет салынған плакаттар, ана туралы жазылған нақыл сөздер, шарлар, слайд, гүлдер.

Тәрбие сағат барысы: I Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.

Қайырлы күн, халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.

Құттықтаймыз арулар, аналарды,

Сый тартайық әсем,ән  тәтті күймен.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, дайындық тобының кішкентай ханшайымдары! Сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.

Кім сендерді балалар, сүйетұғын

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағат тақырыбы;Шуағын шашқан аялы алақан.»

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Шуағын шашқан, аялы алақан»

Мақсаты:

1. Балаларға 8-наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген махаббатын ояту.

2. Балаларды жақсы қасиеттерді үйренуге және олардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Сурет салынған плакаттар, ана туралы жазылған нақыл сөздер, шарлар, слайд, гүлдер.

Тәрбие сағат барысы: I Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.

Қайырлы күн, халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.

Құттықтаймыз арулар, аналарды,

Сый тартайық әсем ,ән тәтті күймен.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, дайындық тобының кішкентай ханшайымдары! Сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.

Кім сендерді балалар, сүйетұғын

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай

Сендер үшін дамылсыз жүретұғын.

-Ол кім? (балалардың жауаптары хормен)

Ән: Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!

Жүргізуші:

Ардақты әжелерім, аяулы аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың,

Тақпақтар:

Аналар – ау менің шалқар көлдерім, (Кәусар Е)
Көлдерім мен асқар - асқар белдерім.
Мына өмірде қуанышты жүргенім,
Сенің арқаң мына өмірге келгенім


Мерекеңіз құтты болсын Ана жаным, (Ерасыл)
Өзіңменен атып келеді әрбір таңым.
Өмірде сенен асқан жан бар ма екен,
Алтын анам, аяулы менің, ақ мамам.


Бал бөбегін баптаған, (Аяулым)
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.


Анам менің – өмірдегі тірегім, (Әсел Б)
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.


Сеніміңді ақтайды, (Арайлым)
Еркелеткен баламын.
Аман жүріп әрқашан,
Мұңаймашы анашым.


Бізді өсіріп баптаған, (Нұрай)

Жақсы болсаң шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.

Жүргізуші:

Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар, көңіл қойып, ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.

Ән: Құбайдолла Кәусардың орындауында «Ақ мамам» әнімен қарсы алыңыздар

Жүргізуші:

Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық.
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық.

Біз ананың гүліміз, (Жансая)

Ана біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүреміз.


Ана деген - асқақ ән, (Қ. Кәусар)
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты,
Таба алмайсың ешқашан.


Жамандықтан сақтандырып, (Әлихан)
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.


Мына өмірде бақыт жоқ қой мен білсем, (Әмина)
Анашымның еркелеткен сөзінен.
Еркем, күнім деп қана күліп жүрсең,
Бұдан өзге бақыт жоқ қой мен білсем.


Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам, (Інжу)

Анашымды күнге ғана баласам.

Жер бетінде ең жақыны өзіңсің,

Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.

Жүргізуші:

Мың бұралып би билеп,
Ән де салып береміз.
Осылайша шаттықпен,
Біздер өсіп келеміз,

Би: «Қара жорға» (Ислам, Әлихан, Нұрали, Азамат, Ерасыл, Кәусар, Аяулым, Әсел, Құралай, Кәусар)


Жүргізуші:  Ана барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен дариды.Ана - ұлы адам,ана құдіретті жан, ендеше, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы Аналар!

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай, сені жақсы көремін»-деп,

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Ән: «Әже» Хайрлиева Назерке

Жүргізуші: Би: «Тентегім» (Назерке, Аяна, Арайлым, Інжу, Әсел А, АқжүнісӘмина)

Тақпақтар:

Аяулы да алтын нұрлы анашым, (Інжу Р)
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен – асқарсың, сен - аспансың, биіксің,
Сен - дархансың, сен – жомартсың, данасың.


Ұрпаққа бақыт сыйлаған, (Құралай)
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.
Тіршіліктің тынысы мен ажары,
Ақ анашым, әрқашан да бол аман!


Әжем менің, ақ әжем (Азамат)

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен. 


Жалғызым жанашырым жаным анам, (Ақжүніс)
Ойласам сенсіз менің күнім қараң.
АЛЛА - ға мың шүкірлік етемін мен,
Қасымда әрқашанда болса анам.


Шырылдап дүние есігін мен ашқанда, (Әсел А)
Қасымда болдың алғаш сен анашым.
Ақ сүтіңнен мен алғаш дәм татқанда,
Мейіріммен жақсы көрген баласын.


Айналайын анашым, (Нұрали)
Асқар таудай панасың.
Күн көзіндей күлімдеп,
Құшағыңа аласың.

Жүргізуші:

Ана туралы монолог: «Менің анашым» (Ислам мен Аяна)

1.Ана шырақ ұрпағымен жағылған,

Өз анасын бар періште сағынған.

Құдіретін сезінгендер бас иіп,

Ана деген үш әріпке бағынған.



2.Аман болса ана деген ардағым,

Күндей болып нұрланады жан-жағым.

Қуанышпен бар қайғысын өмірдің,

Ана ғана көтереді салмағын.


3. Ана-деген жылағанда жұбатқан,

Ана-мөлдір жаралғандай бұлақтан.

Қорған болып аймаласа перзентің,

Тәңірінен амандығын сұратқан.


4. Ана-деген түн ұйқысын төрт бөлген,

Ана ғана өткізеді өткелден.

Жадыратса жаздай етіп жаныңды,

Шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен.


5. Анаң болса жүзіп өтер кемең бар,

Анаң болса қартаймайсын деген бар.

Тірі кезде қадірлесең анаңды,

Шын өкініш жауламайды санаңды.


6. Ұзақ өмір жасай берсін аналар,

Аналарды қаділесін балалар.

Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған,

Аман болсын ақ жаулықты аналар.

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, ардақты аналар, аяулы әжелер, мейрамдарыңыз құтты болсын! Сіздерге бүлдіршіндердің дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет! (балалар өз сыйлықтарын тарту етеді)

























Благодар орта мектебі











Тәрбие сағаттың тақырыбы:

«Шуағын шашқан, аялы алақан!»

Тәрбиешісі: Айтжанова А.Ж





Ақтөбе қаласы 2017ж



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тәрбие сағат тақырыбы;Шуағын шашқан аялы алақан.

Автор: Айтжанова Ақмарал

Дата: 15.03.2017

Номер свидетельства: 400513


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства