Мақсаты: 8 наурыз аналар мерекесін кеңінен насихаттау.Балалардың мерекелік
көңіл-күйін ояту.Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу,ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру,өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,мейірімділікке тәрбиелеу.
 Жүргізуші:
Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
 Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осы мерекеге орай МАД "Б" тобының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
 (Мама дорогая әніне шармен билейді)
Жүргізуші:
Армысыздар ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш таралар,- деп әжелерімізбен абзал аналарымыздың,қырмызы қыздарымыздың құрметіне балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар.
 - Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана. 
 Балалар хормен:
Ана- біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
 Жүргізуші:Әріне, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
 Інжу:
Мен анамды сүйемін, 
 Құшағына енемін.
 Мәпелеген анамды, 
 Қуантсам деп келемін. 
Арсен:
Ана біздің күніміз 
 Ананың біз гүліміз 
 Балаларды қуантып
 Ұзақ өмір сүріңіз. 
Жұлдыз:
Моя мамуля, ты прекрасна,
 Я так хочу, чтобы всегда
 Твои глаза сияли ясно,
 Чтоб ты сияла, как звезда! 
Әділет:
Сенен өскен балалар,
 Батырлар мен даналар!
 Құттықтаймыз мейраммен,
 Құрметті біздің аналар!
Айша:
Мақтаным ана, 
 Шат әнім ана,
 Өзіңе тақпақ 
 Жаттадым ана. 
Толағай:
Май диа,диа Мамми
Ай лав ю соу мач
Ай уонт ю ту би хэппи
Он зе ейтз оф Мач.
Сәнімгүл:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Қайсар:
Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.
 Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
 Қайтып мені көргенде,
Шын сағынып қаласың.
Жүргізуші: Шалқып,тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана,сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
- Аяулы аналарымызға арнап «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: - Мың бұрала билеген,балаларды кім сүймеген дей келе,ортаға балаларымызды Вуги-вуги биімен  қарсы алыңыздар.
 
 Жүргізуші: Тамаша,балалар өнерлі екенсіңдер.
Жүргізуші: - Балалар,қариясы бар үйдің,қазынасы бар деп бекер айтпаған.Қазыналы әжелерімізге арналған Мен әжемді өте жақсы көремін әнін қабыл алыңыздар.
  
Жүргізуші: - Рахмет балалар,кезекті әжелерімізге арналған тақпақтарға берейік.
Алинұр:
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем,
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер ақ әжем.
Сұлтан:
Помогаю бабушке,
Я уже большой.
Улыбнулась бабушка,
Стал я молодой.
Аят:
Қайырымды қасиетті,
Ең ардақты әжетай,
Әрбір сөзің өсиетті,
Баға жетпес ақ әжем.
Али:
Помогаю бабушке,
Я уже большая.
Улыбнулась бабушка,
Стала молодая.
Жүргізуші: - «Ананың алақанын сипап сезу» - аналарға арналған ойын.
- Ортаға үш баланы анасымен ортаға шақырамыз.
Үш баланың көздерін жауып байлаймыз.Аналарының орны ауысқаннан кейін,балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан,өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табуы керек.
Жүргізуші: - Рахмет.
Ал балалар сендер үйде аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1.Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналар: Жоқ, жоқ!
2. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде әжесіне көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Әжелері: Бар,бар!
Жүргізуші: - Олай болса осы тәртіпті балаларымыздың «Біз тәртіпті баламыз!» әнін қабыл алыңыздар.
 Жүргізуші: - Кезекті тақпақтарымызға берейік.
КәусарР:
Армандарға жетерміз,
Құстай ұшып кетерміз.
Ыстық құшақ анашым,
Сізді бақытты етерміз.
Дихан:
Мамочка, за всё спасибо:
 За любовь, заботу, нежность,
 За тепло твоих улыбок
 И терпенья бесконечность.
Айару:
Тату тәтті жүреміз
Аналарды сүйеміз,
Әрқашан да әжеге,
Басымызды  иеміз.
 Айсұлтан:
Маму нежно обниму,
Крепко поцелую.
Потому что я люблю,
Мамочку родную
 Мансұр С:
Ху лавс Мамми бест
"Ай" сэйс Фред
"Ай гив хё флауерс
Уайт, йеллоу энд рэд.
Жүргізуші:
 Ал енді балаларымыздың дайындаған қысқаша бейне таспаларын қабыл алыңыздар.
 (Слайд тамашалау)
Жүргізуші: - Аяулы аналар және қызғалдақтай құлпырған қыздарымызға біздің ер балаларымыздың дайындаған сый бар екен.Бәріміз бірге қошеметтеп қабыл алайық!
Би: Джентльмен
Жүргізуші: - Рахмет сендерге Джентльмендер!Балалар,аналарымызға арналған «Мамочка моя» әніне кезек берейік.
Жүргізуші: - Рахмет. Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып,- дей отырып,кезекті көңілді биімізге
береміз. «Если весело живется,делай так!»
Жүргізуші: - Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
 Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
 Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
 Аналар, қалқып бақыт аралында,
 Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
 Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
 Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған
«Шуағын шашқан - аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!
Мақсаты: 8 наурыз аналар мерекесін кеңінен насихаттау.Балалардың мерекелік
көңіл-күйін ояту.Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу,ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру,өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,мейірімділікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
 Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осы мерекеге орай МАД "Б" тобының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
 (Мама дорогая әніне шармен билейді)
Жүргізуші:
Армысыздар ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш таралар,- деп әжелерімізбен абзал аналарымыздың,қырмызы қыздарымыздың құрметіне балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар.
 - Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана. 
 Балалар хормен:
Ана- біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
 Жүргізуші:Әріне, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
 Інжу:
Мен анамды сүйемін, 
 Құшағына енемін.
 Мәпелеген анамды, 
 Қуантсам деп келемін. 
Арсен:
Ана біздің күніміз 
 Ананың біз гүліміз 
 Балаларды қуантып
 Ұзақ өмір сүріңіз. 
Жұлдыз:
Моя мамуля, ты прекрасна,
 Я так хочу, чтобы всегда
 Твои глаза сияли ясно,
 Чтоб ты сияла, как звезда! 
Әділет:
Сенен өскен балалар,
 Батырлар мен даналар!
 Құттықтаймыз мейраммен,
 Құрметті біздің аналар!
Айша:
Мақтаным ана, 
 Шат әнім ана,
 Өзіңе тақпақ 
 Жаттадым ана. 
Толағай:
Май диа,диа Мамми
Ай лав ю соу мач
Ай уонт ю ту би хэппи
Он зе ейтз оф Мач.
Сәнімгүл:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Қайсар:
Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.
 Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
 Қайтып мені көргенде,
Шын сағынып қаласың.
Жүргізуші: Шалқып,тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана,сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
- Аяулы аналарымызға арнап «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: - Мың бұрала билеген,балаларды кім сүймеген дей келе,ортаға балаларымызды Вуги-вуги биімен  қарсы алыңыздар.
 Балалар,қариясы бар үйдің,қазынасы бар деп бекер айтпаған.Қазыналы әжелерімізге арналған Мен әжемді өте жақсы көремін әнін қабыл алыңыздар.
 Жүргізуші: - Рахмет балалар,кезекті әжелерімізге арналған тақпақтарға берейік.Жүргізуші: - «Ананың алақанын сипап сезу» - аналарға арналған  ойын.- Ортаға үш баланы анасымен ортаға шақырамыз.Үш баланың көздерін жауып байлаймыз.Аналарының орны ауысқаннан кейін,балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан,өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табуы керек.Жүргізуші: - Рахмет.Ал балалар сендер үйде аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар! Қазір мен аналарыңнан сұраймын. 1.Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде? Аналар: Жоқ, жоқ! 2. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде әжесіне көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде? Әжелері: Бар,бар!Жүргізуші: - Олай болса осы тәртіпті балаларымыздың «Біз тәртіпті баламыз!» әнін қабыл алыңыздар.
 Жүргізуші: - Кезекті тақпақтарымызға берейік.
Жүргізуші:
 Ал енді балаларымыздың дайындаған қысқаша бейне таспаларын қабыл алыңыздар.
 (Слайд тамашалау)Жүргізуші: - Аяулы аналар және қызғалдақтай құлпырған қыздарымызға біздің ер балаларымыздың дайындаған сый бар екен.Бәріміз бірге қошеметтеп қабыл алайық!  Би: ДжентльменЖүргізуші: - Рахмет сендерге Джентльмендер!Балалар,аналарымызға арналған «Мамочка моя» әніне кезек берейік.Жүргізуші: - Рахмет. Дүние ойдан шығады,Өзімді өзім ұмытып.Көңілім әнді ұғады,Жүрегім бойды жылытып,- дей отырып,кезекті көңілді биімізге береміз. «Если весело живется,делай так!»Жүргізуші: - Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
 Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
 Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
 Аналар, қалқып бақыт аралында,
 Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
 Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
 Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған«Шуағын шашқан - аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!
 
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    