kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шуа?ын шаш?ан - "Аялы ала?ан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: 8 наурыз аналар мерекесін ке?інен насихаттау
Т?рі: ?деби монтаж
К?рнекілігі: т?рлі т?сті шарлар, слайд, аналар туралы ма?ал - м?телдер
?ту барысы:
1. ?йымдастыру кезе?і
2. ??тты?тау с?зі
Ж?ргізуші:
Шуа?ты к?ктем келді г?лін алып
К?ктемні? мерекесі б?гін аны?.
?мірді? к?ктемі де, г?лі – Аналар
Ана деп бас иеді к?ллі халы?.
Біз ?ана емес, ?адір т?т?ан бабалар
Аналардан ту?ан небір даналар.
Ана деген тіршілікті? тірегі,
Армысыздар, ?асиетті аналар!
?ош, келді?іздер! Аяулы аналар, ?ыз?алда? ?ыздар, ?адірлі ?стаздар! К??ілдері?ізге к?ктем шуа?ындай сезім мен н?р ??йып, 8 – наурыз Халы?аралы? ?йелдер мерекесі де келіп жетті. К?ктемні? шуа?ты к?ндерімен ?атар келіп жат?ан т?л мерекелері?із ??тты болсын! Осынау к?ркем мерекесін ?ай кезде де орны б?лек. Олай болатыны, аналар?а ысты? сезім, ал?ыс пен ??рмет еш?ашан с?нбек емес. Олар - ?мірді? г?лі, к??ілді? жыры, ?р отбасыны? алтын ді?гегі. Осы мерекеге орай "аялы ал а?ан" орталы?ыны? ?йымдастыруымен ?ткелі отыр?ан «Шуа?ын шаш?ан - аялы ала?ан"» атты ерте?гілігімізге ?ош келді?іздер!
К??ілі? Алатауды? а? ?арындай,
Мейірімі? к?нні? шуа? ша?тарындай.
?алайша аяулы ана тына алармын,
?н болып са?ыныштан а?тарылмай,
- деп абзал аналарымыз бен ?ырмызы ?ыздарымызды? ??рметіне би.
Енді алдары?ызда балалары?ызды? ?нерлерін ?абыл алы?ыздар.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шуа?ын шаш?ан - "Аялы ала?ан" »

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

«Болашақ» шағын балалар орталығы


















(әдеби-сазды

театрландырылған көрініс)



Өткізген: тәрбиешілер

Карсакова Р.О.

Кабдуллина Д.К.






6 наурыз

2015 жыл


Шуағын шашқан - "Аялы алақан"

Мақсаты: 8 наурыз аналар мерекесін кеңінен насихаттау
Түрі: әдеби монтаж
Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар, слайд, аналар туралы мақал - мәтелдер
Өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Құттықтау сөзі
Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай "аялы ал ақан" орталығының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне би.
Енді алдарыңызда балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар.

Асылжан
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Нұрсұлтан
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Диана
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Аружан
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Әділжан: Біз қонаққа шақырдық, Аналармен әжелерді. Ант етеміз, ант етеміз, Көңілсіз сізге болмас деп.

Алан: Мейрамға бәрі әзір, Енді не күттік біз? Көңілді ән-жырмен, Мейрамды бастаймыз.

Диана:

Әжеме көмектесемін, мен енді үлкенмін,

Әжем жымиып, жасырып кетті.

Жап жас әже деп, адамдар айтады.

Мен де әжем үшін өте қуанамын.

Керім:

Бізбен әжемнің жұмысы өте көп,

Бізге әжелер пісірді компот.

Жылы малақай бізге тоқиды,

Ал түнге қарай ертегі оқиды.

Альтаир:

Қайырымды әжені бәрі жақсы көреді,

Қайырымды әжеге иіліп сәлем береді!

Асылжан:

Әртүрлі ән мен күй,

Өмірде өте көп.

Ал біз болсақ, сол әнді,

Әжеге арнап айтамыз!


Көктемде тіршілік атауы ұйқысынан оянады, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын - шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т. б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым.
Тосын сый ата - аналарға арналған. (ойын)
2 шарт орындалады.
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.
2. 5 ата - ананы шығарып 5 шарды жарып ішіндегі сұраққа жауап береді.
Жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Шуағын шашқан - аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Шуа?ын шаш?ан - "Аялы ала?ан"

Автор: Карсакова Райхан Оразовна

Дата: 19.03.2015

Номер свидетельства: 188868


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства