Ма?саты: Балаларды? санасына мейірімділік, ?айырымдылы? ??ымдарын ?алаптастыру, ?йден о?итын балалар?а к?мек к?рсету, о?ушыларды кішіпейілділікке, бауырмалды??а баулу.Армысыздар ?ымбатты ?она?тар, арда?ты ата аналар, ?ла?атты ?стаздар, о?ушылар! Б?гінгі мектебімізде ?йымдастырылып отыр?ан «Шуа?ын шаш?ан аялы ала?ан» атты т?рбиелік шарамыз?а ?ош келді?іздер! ?аза?ты? жа?сы ?асиеттеріні? асылы-жомартты?, ке? пейілділік. Ол адам?а ?ызмет ?ылып, жа?сылы? жасау?а пейілді жан?а т?н сипат. Жомарт болу-?зі?де барды адамдармен шын ж?ректен б?лісу. Осы?ан орай ауданды? білім беру б?ліміні? б?йры?ымен 2016 жылды? 10 ?а?тар мен 10 а?пан аралы?ында аудан аума?ында?ы барлы? мектепте «?ам?орлы?» акциясы ?ткізілуде.
?ркенім ?ссін десе?,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер елі?е.
Елім ?ссін десе?,
?ршіл болма-
?скені?ді ?шіресі?.
Жанашыры жо? жарлы?а
Ж?рдемші бол асы?а,
?иын ?ыстау к?ндерде
?зі келер ?асы?а.
Б?гін са?ы сынды деп,
Жа?ыны?ды басынба-деген
?азыбек биді? хал?ымны? ке?дігі, жомартты?ы туралы айт?ан осы бір ?сиеті б?гінгі к?нде де ?мірше?дігін жой?ан емес. Ендеше б?гінгі т?рбиелік шарамызды ашу ?шін с?з кезегін мектеп директоры Жанна Шадияр?ызына жолданады.
Просмотр содержимого документа
«Шуа?ын шаш?ан аялы ала?ан»
Хамза Санбаев атындағы орта мектеп
Тақырыбы:
«Шуағын шашқан аялы алақан»
(қайырымдылық концерті)
Әлеуметтік педагог: Г.Оңаева
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Шуағын шашқан аялы алақан»
Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалаптастыру, үйден оқитын балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.Армысыздар қымбатты қонақтар, ардақты ата аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Шуағын шашқан аялы алақан» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу-өзіңде барды адамдармен шын жүректен бөлісу. Осыған орай аудандық білім беру бөлімінің бұйрығымен 2016 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында аудан аумағындағы барлық мектепте «Қамқорлық» акциясы өткізілуде.
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма-
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба-деген
Қазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес. Ендеше бүгінгі тәрбиелік шарамызды ашу үшін сөз кезегін мектеп директоры Жанна Шадиярқызына жолданады.
Жүргізуші:Құрметті кеш қонақтары ендігі музыкалық бөліміміздің беташарын әнші Хасанова Аружанды «Әриайдай» әнімен ортаға шақырамыз.
Екі ішектің бірін қатты, бірін свәл кем бұра,
Қазақ-нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ-Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана-дей келе «Кербез керік» күйімен мектебіміздің аудандық, байқаулардың жеңімпазы Жұбанышқалиева Асылайды қарсы алайық.
Майысып бұраңдаған денелері
Алаулап жайнаған көздері
Буын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,
Алдарыңызда мектебіміздің оқушыларын
«Орыс»биімен қарсы алайық.
Жүргізуші:Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
Жамандарды ізімен, өзі ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен.......
Бағытжанова Ұлжанды «Толғау»әнімен қошеметпен қарсы алайық.
Өтеді ғой..........Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына,
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына.
«5»сынып оқушыларын «Ертегілер»әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Атаңа болса, анаңмен-
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса ақылды-
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр-
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл-
Өкпе-бауыр, жүрегің.
«Туған жер» әні орындайтын Мәжитқызы Дана.
Ата-аналарға мектеп психологі тренинг өткізеді.
Қорытындылау.Оқушыларға мектептің «Әжелер», «Аналар» алқасы мүшелерінің дайындаған және алғыс хатпен, жеке кәсіпкерлердің қаржылай сыйлығын табыстау.
Осындай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын!
Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы.
Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық ағайын!
Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі «Шуағын шашқан аялыалақан» аттытәрбиелік шарамызды аяқтай келе, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз.