kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Шуағын шашқан - аялы алақан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша тәрбиешілеріне арналған 8 наурыз мерекесіне орай ертеңгілікке сценарий

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Шуағын шашқан - аялы алақан"»

№4 "Шұғыла" балабақшасы











Тақырыбы: Шуағын шашқан - аялы алақан









Тәрбиеші: Баймағамбетова Ұлмекен

Тобы: "Құлыншақ"















2015-2016 оқу жылы



"Шуағын шашқан - аялы алақан"

(Зал іші әсем шар мен гүлдермен безендірілген ортада үлкен саңырауқұлақ тұрады)

Балалар серуенге шығады, кенет жаңбыр жауып саңырау құлақтың астына тығылады.

Ойын: "Күн мен жаңбыр" (2-рет қайталайды)

"Күн"- дегенде серуенге шығады

"Жаңбыр"- дегенде саңырауқұлақ астына тығылады.

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, балабақша қызметкерлері мен тәрбиешілер. Сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтай отырып "Шуағын шашқан-аялы алақан"атты құлыншақ тобының (бүлдіршіндерінің) ертеңгілігін жариялаймыз.

Шаттық шеңбері

Армысың, Күн-ана!

Ашық аспан айнала

Армысың, Жер-ана!

Гүлдене бер кең дала

Жарқыра күндей достарым

Жүректе мейірім орнасын.

"Көктем кіреді - қолына гүл алып"

Мен көктеммін жаңа туған арманмын

Шырағымын жаңа атқан таңдармын

Мен көктеммін бүршік болып бүр жардым

Арасында дауыл болып гүлзардың

Мен көктеммін балаларға қуаныш

Ал біреуге өмірінің мәнімін.

Хор: "Келді көктем"

Ұстаз-ұстаз емес

Шәкірті үшін күймесе

Шәкірт-шәкірт емес

Өз ұстазын сүймесе дей келе сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Мұқашова Сәулеге сөз береміз.

Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де, гүлі аналар

Ана деп бас иеді күллі халық

Келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тыңдайық.

Елдос:Ана деген саялы

Алақаны аялы

Маңдайымнан иіскеп

Еркелетіп қояды.

Ануар: Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

Нұрислам: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Базарға өзі барады,

Бәрін сатып алады.

Жақсы бала болсам мен,

Әжем қуанып қалады.

Жүргізуші: Қанша бала, қанша қыз,

Бір шоқ гүлміз баршамыз.

Ойын күлкі ордасы

Біздің бала бақшамыздың (биші)

Бүлдіршіндерінің орындауында"_________" әні

Жүргізуші: Үш әріптен құралған

Қасиетті есімін

Дүниеде жалғыз жан

Анашым бір өзіңсің

Ән: "Ақ мамам"

Жүргізуші: Тілегіңді қабыл алсын,

Арманыңда орындалсын.

Нұрасылдай жігітіміз ән салғанда,

Әншілеріміз жолда қалсын.

Ән: Нұрасыл"Қошақаным"

Ойын: Кім нені ұнатады? Балалармен ойын

Ұнайтын нәрсеге қол соғыңдар!

-Балмұздақты жақсы көресіңдер ме?

-Чупа-чупсті ше?

-Киндер сюрпризді жегілерің келе ме?

-Таяқ жегенді ше?

-Қыс мезгілі жақсы ма?

-Жаз мезгілі ше?

-Шалшық лай суды ше?

-Ән айтқанды ше?

-Билегенді ше?

-Мұрын аққанды ше?

-Тамақ ішкендә ше?

Жүргізуші: Ақыл құйған санама

Күннен артық расында

Күн алыста ал анам

Ылғи менің қасымда,-дей келе кезекті тақпаққа береміз.

Айару: Барған сайын бір жаққа

Кәмпит әкеп береді

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

М.Санжар: Ана,ана деп ән саламыз

Әже,әже деп жар саламыз.

Дидар: Әжемәз де анамыз да,

Біздің қамқор панамыз.

Жүргізуші: Мәпелейсің мені анашым,

Қолыңдағы құсыңдай,

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай.

Қадірлі аналар көңілі

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай.

Ойын: Ата-аналарға"Анаң сені еркелеткенде қалай ереклетеді?"

Ойын барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрып, аналарының еркелетіп айтатын сөздерін айтады.(шапалақтайды). Бір-бірінің қолынан ұстайды. Мінекей үлкен ана құшағын жасадық. Бәріміз жылындықпа? Аналарымыздың құшағы осындай үлкен екен, жылы болады екен.

Жүргізуші: Көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді.

Көктемнің алғашқы гүлі-бәйшешек. Ол нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің аналарымыз да бәйшешектей бар қиыншылыққа төзімді. Аналар көктемгі гүлдей жарқыраған, гүл мерекелеріңіз құтты болсын дей келе, сіздерге гүл шоқтарын ұсынамыз.

Аналар,қалқып бақыт арасында

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен ертеңгілігіміз аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға,- деп бүгінгі мерекелік ән шашуымызды аяқтаймыз!












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Шуағын шашқан - аялы алақан"

Автор: Баймағанбетова Ұлмекен

Дата: 27.02.2017

Номер свидетельства: 396265

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Шуағын шашқан-аялы алақан""
    ["seo_title"] => string(29) "shuagyn_shashkan_aialy_alakan"
    ["file_id"] => string(6) "544385"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1585214472"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Шуа?ын шаш?ан аялы ала?ан"
    ["seo_title"] => string(27) "shuagynshashkanaialyalakan1"
    ["file_id"] => string(6) "331123"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464537631"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Шуа?ын шаш?ан - "Аялы ала?ан""
    ["seo_title"] => string(34) "shuag-yn-shashk-an-aialy-alak-an-1"
    ["file_id"] => string(6) "318710"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460641942"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Шуа?ын шаш?ан - "Аялы ала?ан" "
    ["seo_title"] => string(32) "shuag-yn-shashk-an-aialy-alak-an"
    ["file_id"] => string(6) "188868"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426763493"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Тәрбие сағат тақырыбы;Шуағын шашқан аялы алақан."
    ["seo_title"] => string(57) "t_rbiie_sag_at_tak_yryby_shuag_yn_shashk_an_aialy_alak_an"
    ["file_id"] => string(6) "400513"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489572659"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства