kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поэзиялық кеш "Абай - ұрпақ жүрегінде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай – ұрпақ жүрегінде.

Мақсаты: Абай атамыз жайлы жалпы мағлұмат беру. «Абай – ұрпақ жүрегінде» атты  тақырыпты ашу.

Абай өлеңдері арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, ғылым, білімді сүюге баулу, рухани құндылықтарымызды дәріптеу.

Туған жерін, оның табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Әдісі: Әдеби-сазды,  поэзиялық.

Көрнекіліктер: Абай Құнанбаевтың, Гетенің, А.Пушкиннің, Н.Лермонтовтың, И.Крыловтың портреттері. Кітаптардан көрме. Абай туралы слайд.

Жоспар:

1.Абай өмірі.

2.Абайдың оқуға білімге шақыру өлеңдері.

3.Абайдың табиғат туралы жазған өлеңдері.

4.Абайдың аудармаларымен танысу.

5.Ой толғау, сұрақ-жауап.

6.Абай – композитор.

7.Абайдың қара сөздері.

8.Қорытынды.

Теледидардан «Абай» қойылымындағы «Сегіз аяқ» әні орындалып тұрады.

-Балалар, мына көрініс-қойылым кім жайында деп ойлайсыңдар?(Абай атамыз)

-Балалар, мына ән сендерге таныс па? (Абай атамыздың «Сегіз аяқ» әні.)

Биыл, 2019 жылы  ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар басталады. Дана ойшылдың мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ  аясында атап өту жоспарланып отыр. «Балауса бөбекжайында» Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына байланысты Абай күнін өткізгелі отырмыз.

Алғы сөзді «Балауса бөбекжайы» басшысы Кожагелдиева Меруерт Сламқызына береміз.

Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы  Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді. Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Әкесі – Құнанбай, анасы – Ұлжан, әжесі – Зере. Болашақ ақын ел анасы атанған Зере әжесінің таусылмайтын аңыз-ертегілерін естіп, сөзге шебер Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өсті. Абай ең алғаш «Ескітам» деген әкесінің қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты. Абай дін оқуымен ғана шектелмей, білімін өз бетінше жетілдіруге тырысады. Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Хафиз, Физули сияқты ұлы ғұламалардың шығармаларымен танысады. Орысша сауат ашады.  Абай жастайынан зерек бала болады.

Абай әр түрлі тақырыптарда өлең жазады. Оның өлеңдері жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ғылым – білімді сүюге шақыратын өлеңдер. Сонымен қатар Абай атамызды лирик ақын деп те атаймыз. Өйткені ол табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды адам өмірімен  байланыстырып жырға қосады.

Ғылым таппай мақтанба.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілуін өмірін алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

Интернатта оқып жүр.

Интернатта оқып жүр,

Талай қазақ баласы.

Жаңа өспірім көк өрім,

Бейне қолдың саласы.

Балам закон білді деп,

Қуанар ата-анасы.

Ойында жоқ олардың

Шариғатқа шаласы.

Әсемпаз болма әрнеге.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де – бір кірпіш, дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан.

Білімдіден шыққан сөз.

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын сырын көруге,

Көкірегінде болсын көз.

Балалар әдебиеті – эстетикалық тәрбиелеу құралы ретінде Абай зор мән бере білген.  Абай жылдың төрт мезгілін табиғаттың әсем көрінісін адам өмірімен тығыз байланыстыра суреттеу арқылы оны жас өспірімдерге тіршілік тірегі деп түсіндіреді. Адам бейнесінде суреттеп жазған өлеңдерінің кішкентай үзіндісін оқығанда ақ көз алдыңа аяз ата не адам бейнесі елестейді. Табиғатқа жан бітіре өмір тілімен суреттеген. Меңіреу тасты, қырдың қылтанағын,  сарқыраған  бұлақты, майда қоңыр желді де, гүл үстінде ұшып жүрген көбелекті де сүйіспеншілік тілмен сөйлете білген.

Жаз.

Жаздыгүн  шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда.

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда.

Қыс.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Көктем.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Күз.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Қансонарда.

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет.

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

«Желсіз түнде жарық ай» әні.

Абай қазақ халқын ұлы орыс мәдениетімен жақындастыру  бағытында көп еңбек етті. Абай орыстың атақты ақын жазушылары Александар  Пушкиннің «Евгений Онегин», Николай Лермонтовтың «Кинжал», «Душа моя темна», Иван Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі», «Өгіз бен бақа» тағы басқа да  көптеген шығармаларын қазақ жұртшылығына таныстырды. Сонымен бірге неміс ақыны Гетенің де «Қараңғы түнде тау қалғып» атты өлеңін аударған. Қазіргі таңда Германия мұражайында нотасымен ілулі тұр.

«Қарға мен түлкі» (И.И.Крыловтан) көрінісі.

Жұрт біледі, күледі,

Сұрқия тілдің жаманын,

Қошеметшілердің амалын.

Сонда да солар қайда жоқ?

Ептеп айтса, ересің,

Артынан өкінсең де пайда жоқ.

Ірімшікті Құдайым

Кез қылды бір күн қарғаға.

Алып ұшып барды да,

Қонды бір биік ағашқа.

Үлкен олжа емес пе

Ірімшік деген қарны ашқа?

Бір жеп алып, шүкірлік,

Қылайын деп аллаға,

Тұмсығында ірімшік,

Ойланып қарап тұр еді,

Бір қу түлкі сорына

Жақын жерде жүр еді.

Ішіне сақтап қулығын,

Ептеп барып барлайды.

Бұлғақтатып құйрығын,

Қарғаның көзін алдайды.

Тәтті тілмен, тәтті үнмен

Сөйлеуге айналды:

«Қарғам, не еткен сұлу ең!»-

Деп таңырқап таңданды,-

«Не еткен мойын, не еткен көз,

Осыдан артық дейсің бе

Ертегі қылып айтқан сөз?

Қалайша біткен, япырмай,

Мұрныңыз бен жүзіңіз!

Періштенің үніндей

Деп ойлаймын үніңіз.

Осы көрікпен. Бұл жүнмен,

Әншілігің белгілі,

Ұялмай, қалқам, бір сайра,

Біз де алалық үлгіні.

Құс төресі біздерге

Сіз боларсыз бір күні».

Басы айналды қарғаның

Сұмның айтқан сөзіне.

Өзіне біткен өңешін

Аямастан қарқ етті,

Ірімшік жерге салп етті,

Іс бітті, қу кетті.

-Біздің ата-аналарымыз Абай атамыз жайлы қаншалықты біледі екен, байқап көрейік. Сіздерге сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап берулеріңіз қажет.

-Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жариялап жүрді? (Көкбайдың атынан жариялап жүрді.)

-Абай Құнанбайұлы неше жасынан бастап ел басқару жұмысына араласқан? (13 жасынан бастап.)

-Абайдың алғашқа махаббаты? (Тоғжан)

-Абайдың бәбішесінің аты кім? (Ділдә)

-Абайдың шын есімі кім? (Ибраһим)

-Неліктен Абай атанып кеткен? (Әжесі Зере «Абай» деп еркелеткеннен кейін «Абай» атанып кеткен.)

-«Абай жолы» романының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)

«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі үш тілде.

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

Горные вершины (Н.Лермонтов, 1814 - 1841)

Спят во тьме ночной,

Тихие долины

Полны свежей мглой.

Не пылит дорога,

Не дрожат листы.

Подожди немного,

Отдохнешь и ты.

Uber allen Gifelen (Гете, 1749 -1832)

Ist Ruh,

In allen Wipfeln

Spurest du7

Kaum einen Hauch,

Die Vogelein schweigen im Walde.

Warte nur, balde,

Ruhest du auch.

Абай – зор ақындық дарынның иесі болуымен қатар, үлкен әнші композитор да болды. «Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерінің сөзін өзі жазып, әнін өзі шығарған. Өлеңдерін  өткен ғасырдың өзінде ақ қазақ даласына кең тарған. Абай әндері ауыздан-ауызға, заманнан  заманға ауыса отырып жетті. Ендеше Абай атамыздың әндерін айтайық.

 «Көзімнің қарасы» әні.

Абайдың жалпы  46 қара сөзі бар. Ол 45 қара сөз, оның 46-шысы очерк  түрінде жазған, бірақ аяқталмаған.  Абайдың қара сөздері терең ойлы. Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.  Абай өзінің қар сөздерінде шығарманың ажарына ғана  назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз тағы басқа әлемнің көптеген тіліне аударылды. (17 қара сөзінен көрініс.)

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы халық үні.  Абайдың  шығармашылығын аса жоғары бағалаған Ахмет Байтұрсынов: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.

Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы!

«Атамекен» әні

Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағлымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поэзиялық кеш "Абай - ұрпақ жүрегінде"»

Не дрожат листы...

Подожди немного,

Отдохнешь и ты.

Uber allen Gifelen (Гете, 1749 -1832)

Ist Ruh,

In allen Wipfeln

Spurest du7

Kaum einen Hauch,

Die Vogelein schweigen im Walde.

Warte nur, balde,

Ruhest du auch.

Абай – зор ақындық дарынның иесі болуымен қатар, үлкен әнші композитор да болды. «Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерінің сөзін өзі жазып, әнін өзі шығарған. Өлеңдерін өткен ғасырдың өзінде ақ қазақ даласына кең тарған. Абай әндері ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Ендеше Абай атамыздың әндерін айтайық.

«Көзімнің қарасы» әні.

Абайдың жалпы 46 қара сөзі бар. Ол 45 қара сөз, оның 46-шысы очерк түрінде жазған, бірақ аяқталмаған. Абайдың қара сөздері терең ойлы. Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Абай өзінің қар сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз тағы басқа әлемнің көптеген тіліне аударылды. (17 қара сөзінен көрініс.)

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы халық үні. Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған Ахмет Байтұрсынов: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.

Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы!

«Атамекен» әні

Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағлымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Поэзиялық кеш "Абай - ұрпақ жүрегінде"

Автор: Абишева Жанар Айтбаевна

Дата: 05.12.2019

Номер свидетельства: 530432

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Абай и Пушкин - созвучие двух сердец "
    ["seo_title"] => string(41) "abai-i-pushkin-sozvuchiie-dvukh-sierdiets"
    ["file_id"] => string(6) "153703"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421063747"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "«Фариза – гау?ар тасты? поэзиясы» (?деби сазды кеш)"
    ["seo_title"] => string(43) "farizaghauhartastynpoeziiasydiebisazdykiesh"
    ["file_id"] => string(6) "327726"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463486644"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Алатау-Алтай-Атырау"
    ["seo_title"] => string(19) "alatau-altai-atyrau"
    ["file_id"] => string(6) "315576"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459924129"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "«Мен ?мірді жырлау ?шін келгемін!» "
    ["seo_title"] => string(37) "mien-omirdi-zhyrlau-ushin-kielghiemin"
    ["file_id"] => string(6) "180114"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425126027"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Арда?тайы? ананы"  т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(33) "ardak-taiyk-anany-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "221324"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435205242"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства