Просмотр содержимого документа
«"Арда?тайы? ананы" т?рбие са?аты »
Тәрбие сағаты:«Ардақтайық ананы»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды аналарды ардақтауға баулу; адамгершілік, рухани тәрбие беру; аналарды балалары жүрген ортамен жақын таныстыру; оқушылардың анасы мен ұстаздарына мерекелік тартуы.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: тақырыбы және мақал-мәтелдер жазылған плакаттар
І. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып жатекшісінің алғы сөзі: Қазақтың данышпаны Абай: «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген. Соның айғағы ретінде біз бүгінгі тәрбие сағатын сіздерге арнаймыз, ардақты аналар. Балаларыңыз қандай білім ордасында ғылым негізін білік, қандай құрбы-достарының ортасында жүр және келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтау мақсатымен осы сынып сағатына шақырып отырмыз. Қош келдіңіздер!
ІІ. Музыкалық сәлем.
«Анаға сәлем» әні:
1. Мереке күңінмен қарсы алам өзіңді,
Сәбилік сезіммен арнаймын сөзімді.
Қ-сы: Көргенше алаңмын
Аңсаймын толғанам
Қабыл балаңның
Сәлемін жолдаған.
2. Бөбегің оянса, ұйқыңнан мың тұрдың
Гүлінмен балауса, көктемдей құлпырдың.
Қ-сы:
3. Аялы алақан, мәпелеп өсірген.
Аяулы жан анам, қатемді кешірген.
ІІІ. Поэзиялық сәлем.
Оқушы 1: Ана өмірдің қуанышы, тірегі,
Бала оның жұбанышы, жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген.
Олар дәйім тыныштықты тіледі.
Оқушы 2: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Оқушы 3: Ана – біздің күніміз,
Ана – біздің гүліміз.
Анамыздан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Ең қамбатты өмірде
Ана екенін біліңіз.
Ана жанын түсініп,
Ойнаңыз да күліңіз.
IV. Мақал – мәтел жарысы.
Ананың сүті – бал, баланың тілі –бал.
Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.
Ердің анасы – елдің анасы.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Ана алдында –құрмет, ата алдында –міндет.
Ағайын алтау – ана біреу.
Ағаймның алтын сарайынан, анамның жыртық
лашығы артық.
Ана жақсылығын ауырсаң білесің.
Баланың ұяты -әкеге, қыздың ұяты – шешеге.
10. Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер.
11. Күннің шуағы –жылы, ананың құшағы –жылы.
V. Сөзжұмбақ сайысы.
1 А
Н
А
2 Б
А
Л
А
3 Қ
У
Ы
Р
Ш
А
Қ
4 Р
А
У
Ш
А
Н
5 Қ
А
С
Қ
Ы
Р
6 З
А
М
И
Р
Сұрақтар:
1. Баланың жақсы көретін сөзі.
2. Ананың ұрпағы.
3. Қыздар ойнайтын ойыншық.
4. Гүлдердің ханшайымы.
5. Ертегі: «Түлкі мен … » кім?
6. Біздің сыныпта шулайтын бала.
VI. Берілген сөздер бойынша аналар мақалдарды құру
керек.
Көп – терең.
Көп қорқытады –терең батырады.
Халық – қалт.
Халық айтса, қалт айтпайды.
Тілі – бізі.
Шешенің тілі – шебердің бізі.
Тентек- ақыл.
Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.
Ат – аруана.
Ат биеден, аруана түйеден.
Жарты – бүтін.
Екі жарты – бір бүтін.
Қой – төл.
Қой шелді болмай, төлді болмайды.
Түйе – көпір.
Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді.
Қылжың – мылжың.
Жасыңда қылжың болсаң -өскенде мылжың боласың.
VII. Ойын.Басқа балалардың арасынан ана өз баласын қолынан тану керек. (жабық көзбен)
VIII. Ойын аналарға.«Ойлан да аяқта».
Оқу білім бұлағы, … (білім) оқу шырағы.
Еңбек етпесен жерге өкпелеме,
Егін екпесен … (елге) өкпелеме.
Ағайын алтау – ана … (біреу).
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың … (жаны) тәтті.
Еңбек түбі зейнет, зейнет түбі … (береке).
Еңбек етсен ерінбей, тояды қарың … (тіленбей).
Оқусыз білім жоқ, білімсіз … (күні) жоқ.
Отан үшін отқа түс … (күймейсін).
Әке асқар тау, ана –мөлдір … (бұлақ).
Жаманнан жирен, жақсыға … (үйрен).
Әр оқушы аналарына сыйлық тапсырады. Ол балалардың өз қолдарымен жасалған бұйымдары.