| Сабақ тақырыбы: | Б. Ұзақов «Жантаза» |
| Жалпы мақсат: | Білімділік: жазушының өмірі мен шығармашылығы жөніндегі оқушылардың білімдерін тереңдету, толықтыру, мәтіннің негізгі ойын түсінуге дағдылау, өзіне керекті ақпаратты мәтіннен ала білуге үйрету; Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,олардың жазбаша және ауызша тапсырмалар арқылы тілдерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту,мәтін тақырыбы бойынша ой қорыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту; Тәрбиелік: жазушынын шығармаларын түсіну арқылы оқушылардың бойына адами (адалдық, намыс, рух, махаббат) құндылықтарды сіңіру,жаман мен жақсыны айыра білігу тәрбиелеу. |
| Сілтеме: | 5 сынып. Қазақ тілі мен әдебиет оқулығы Алматы «Көкжиек-Горизонт»2017 |
| Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | АКТ- ны қолданып, жаңа сөздерді біледі. Постер жасау арқылы баға береді. Топқа бөлініп ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз ойын жүйелі жеткізуге сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | А4 парағы мен фломастерлер, жазушының портреті, тапсырмалар,сөздіктер, стикер, маркер, бағалау парағы |
| Оқыту әдістері: | Диалог, түсіндіру, «Аялы алақан»тренингі, |
| Оқыту мен оқуды бағалау: | Формативті бағалау. Оқушылардың өзін- өзі бағлауы негізінде мұғалімнің жиынтық бағалауы жасалынады. |
| Дерек көздері: | Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар 7 сынып. Қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы. Тақырыпқа қатысты қосымша материалдар алынады. Грамматикалық кестелер. |
| Тапсырмалар: | - Кесте сызу, сұрақтарға жауап беру. - Топқа бөлу. Түстер арқылы топқа бөлу. - Жинақталған материалдар негізінде постер жасау. - Формативті бағалау, оқушылар бағалау парағы негізінде өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың өзін- өзі бағлауы негізінде мұғалімнің жиынтық бағалауы жасалынады. -Рефлексия. |
| Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2мин) | Ұйымдастыру сәті. «Аялы алақан»тренингі Сыныпты топқа бөлу (жылы түстер арқылы) Топ ережесін құру. | Қызыл,сары түстерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. |
| ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5мин) | Үй тапсырмасы бойынша білімдерін тексеру (сұрақ-жауап) Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады,берілген сұрақтарға эстафета таяқшасы арқылы жауап береді. |
| ІІІ. Жаңа тақырып (25 мин)
Сергіту сәті (қимыл қозғалыс) | Тақырыпқа кіріспе. Тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді.Б.Ұзақовтың өмірбаянымен таныстырады. Жаңа сөздермен таныстырады.Оларды оқиды, аударады, қайталатады. | Слайдтарды қарап, өз ойларын ортаға салады. Жұмыс дәптерлеріне қысқаша түсінік жазады. Тындалым. Оқылым. Сөздерді оқиды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен жаттығу жүргізіледі. |
| 1-тапсырма | Айтылым. Сұрақтарды оқып толықтырады. | Қойылған сұраққа байланысты әңгіме дебат жүргізеді. |
| 2-тапсырма | Жазылым.Кейіпкерлерге деректі, дерексіз зат есімдерді, сын есімнің шырайларын қолданып мінездеме жазғызады. | Жазылым.Өзі оқыған ертегілер мен кинофильмдердегі кейіпкерлерге деректі, дерексіз зат есімдерді, сын есімнің шырайларын пайдаланып мінездеме жазады. |
| 4-тапсырма | Топпен жұмыс. Тындалым. Оқылым. Мәтінмен жұмыс: қара әріппен жазылған сөздерді екі бөлек бағанаға аудармасын жазғызады. | Топтық жұмыс. Тындалым. Оқылым. Мәтінді тындайды, мәнерлеп оқиды. |
| 7-тапсырма | Әр топқа бір бөліктен береді.Өздері қалаған тәсілмен (постер, кластер, сурет, тірек сызба кестесі және т.б) мәтіннің мазмұнын қорғауға болады. | А4 парағында өздері қалаған тәсілмен мәтіннің мазмұнын қорғайды. Топтан бір оқушы жауап береді. |
| |
| ІV. Қорытындылау (3мин) | Кері байланыс (сұрақ-жауап) Аңыздарға сенесіңдер ме? Сендерге қандай кейіпкерлер ұнайды? Жын туралы қандай мультфильм көрдіңдер? | Айтылым. Сұрақтарға жауап береді. |
| V. Үй тапсырмасын беру (1 мин) | 9-тапсырманы түсіндіріп орындауға береді. | |
| VI. Бағалау (3мин) | Формативті бағалау Мұғалім топ мүшелері бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | Топ мүшелері әр оқушыны бағалайды . |
| VII. Рефлексия (1 мин ) Тілек ағашын толтыру | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер таратады. | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады. Постерлерге жабыстырады. |