Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»»
«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезені — Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ертеңгілімізді салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіздер.Ертеңгілімізді ашу үшін сөз кезегін мектеп директоры Қыдыралиева Лайсира Батырқызына береміз. — Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! Мал біткеннің бал татыған ұызды, Қуат болып қанымызға тарайды. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. «Аман ба» деп мал жаның? Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. — Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!
ІІ. Әңгімелесу Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. — Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) — Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. — Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.
Ортаға екі бала шығады. Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады. Ернұр : Ассалаумағалейкум Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын!
Дінмұхамед: Уағалейкумссалам Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр. Би: «Қаражорға»
Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз! Балалармен амандасады.
Әже Гүлнұр: (қолында тостаған) Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін! Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт –түлігі ақты болсын,
қайда барса жол болсын! - Балалар «наурыз көже» туралы не білесіңдер?
- күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр ет Әже: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады.
- Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар! - отырған қонақтарға наурыз көжені ұсынады.
Жүргізуші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз. Назым: Құтты болсын Наурыз Жалқаулық қос жауымыз Дала толы егіске, Малға толсын тауымыз Саян: Наурыз тойы әдемі, Әжем еске түсірді Біздерге арнап әдемі, Наурыз көже пісірді. Арай: Кел балалар ойнайық, Наурыз тойын тойлайық Баянды боп мереке Қыр гүліндей жайнайық:
Алижан: Думандасын дархан жерім,
Күмбірлесін күй төгіліп.
Наурыз тойы құтты болсын,
Қонақ жайлы жомарт елім
Жүргізуші:Ендігі кезекте бүлдіршіндердің орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Дастарқан»
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік. Аделя:Арпа, бидай, тары бар Қатық, малта, тағы бар Ішілетін, жейтінің Бұл көжеде
Бакдаулет Бата беріп атамыз, Бата беріп әжеміз Тәтті болып жасаған Көжеден дәм татамы
Айзере: Құт бауырсақ шашылып, Наурыз тойы ашылсын Бір бірімен мына жұрт Көрімдігін асырсын
Жүргізуші: Тойды одан әрі тұсау кесу рәсімімен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде аяқтарын апыл –тапыл басып, бақша есігін аттағалы отырған шөберелеріңіз де бар. Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын. Әже(Гүлнұр): Әлбетте, қарағым ! Ал, халайық менің шөберемнің тұсауын кесіп, жоралғысын алар қайсың бар? - Мен бар, мен бар –деп біреу шығады.
Тұсау кесуші (Есенкүл апай):
Ала жіпті алайын Әжеңе алып барайын Ер жетті деп айтайын Шашуын жеп қайтайын
Қаз, қаз балам, қаз балам! Қадам бассаң мәз болам Күрмеуіңді шешейін Тұсауыңды кесейін Қаз бол ғой қарағым Құтты болсын қадамың Өмірге аяқ баса бер! Асулардан аса бер! Әже шашу шашады, бата береді.(Гүлнұр)
Жортқанда жолың болсын! Арғымақтай жүйрік бол Асқардай таудай биік бол Әумин! Әже: Шөберемнің тұсауын кестің, орамал тон болмайды, жол болады рахмет!(Сыйлығын береді) Жүргізуші:Балалар Наурыз мейрамына арналған тақпақтарымызды айтайықшы.
Балғаным: Ұлы күні кәрі- жас, Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай
Наурыз тойы құт болсын!
Жансая: Шапағатын аямай бұл жақта аспан, Жадырайды әр адам мұң шақпастан. Ой ағайын, келіңдер! Бүгін бізде – Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ қосқан
Балауса: Бүгін күн мен түн теңелді, Жер шуаққа көгереді, Соны тойлап ел енді. Қуанышқа кенеледі
Жүргізуші:Ендігі кезекті мың бұралған қыздарымыздың билерін тамашалаңыздар:
Би: «Домбра биі»
Жанерке: Наурыз той салтымыз, Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді. Көгерсін деп бағымыз
Рамазан: Наурыз келсе,құт келгені, халайық! Есік ашып,шашу шашып, Ел боп қарсы алайық..
Ерлан: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Алинұр: Әнімде саған биімде,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш әкеліп үйіме,
Күлімде наурыз күлімде.
Қанат: Күн менен түн теңеледі Жер шуаққа кенелді Соны тойлар ел енді Жанерке: Наурыз шаттық әніміз Салтанатты сәніміз Ән саламыз бәріміз Би билейміз бәріміз
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.Ендігі кезекте ұлттық ойынымыз «Қыз қууды» тамашалайық
Жүргізуші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық.Енді «Қол күрес» ойынын ойнатайық.
Жүргізуші: Енді қыздарымыздың биін тамашалайық. Би: «Өзбекше» Жүргізуші: Ендігі кезекті әнімізге береміз. Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Жүргізуші: Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті.Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Жүргізуші: Қош келдіңіз! Ұлыс күні қазан толса Ол жылы ақ мол болар Ұлы кісіден бата алсаң Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз
Ернұр: Азамат боп ержетіңдер, Ақылды болып ержетіңдер Азамат болыңдар көрікті, Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты Мінездерің болсын салмақты Өнерлі болыңдар жан – жақты Осы айтқанның бәрі қабыл болып Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.
Жүргізуші: Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенше күн жарық болсын
Жүргізуші: Осымен «Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.Сау болыңыздар!