kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні:18.03.2016

Сыныбы:2

Тәрбие сабақтың  тақырыбы: Наурыз-Ұлыстың ұлы күні.

Сабақтың мақсаты:  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.  Табиғат өзгерістерін түсіне білуге, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын
Көрнекілігі: Наурызға байланысты суреттер,слайд, ұлттық тағамдар
Барысы:
«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты.
Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» - дегендей мереке алдында балалар «Жарапазан» айтқан екен жарысып.
Қадірменді оқушылар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.

Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

«Наурыз» туралы ән
     Балалар бүгін біз  «Наурыз» туралы алған білімімізді одан әрі кеңейте түспекшіміз.

Ертеде «Қыдыр ата» наурыздың 21-нен 22-не қараған түні келетін күнді кімде-кім қарсы алса, соған беретін сыйының бар екені туралы әлемге жар салыпты. Сыйдан дәмелілердің барлығы күнді қарсы алуға дайындалыпты. Бұл сыйдың иегері қандай жануарлар екенін білесіздер. Қане, атап жіберейік. Теңдессіз сыйдан адамдар да құр қалғысы келмеген. Түнімен «Қыдыр атаны» тосқан екен. Сонда ұйықтап қалмас үшін, жастар «Ұйқыашар» ұйымдастырған екен.

    Түнімен дайындалған ел күнді қарсы алуға далаға шыққан, есік терезелерді ашып қойған. Бұл – Қыдыр ата үйге келіп кетсе екен, терезеден көріп кетсе екен деген тілек.
КҮН: Аяулым:

Самарқанның көк тасы,
Ериді мен келгенде.
Тоң боп қатқан топырақ,
Жібиді мен келгенде.
Енесіне баласын,
Телиді мен келгенде.
Тар көңілдер түнерген,

Кеңиді мен келгенде.
Ақ жүзіңді бері бұр,
Тұсыңа бір келгенде.

Аяулым мен  пен Таснима төс қағыстырып амандасуды көрсетеді.Атқан таңды қарсы алған халық бір-бірін құттықтап, амандасып көріскен екен. Бұдан кейін халық мейрамды бастап кеткен екен. Мерекенің берекесі «Ас». Бұл күнгі негізгі тамақ «Наурыз көже» болған.
Бұл туралы Томирис айтып береді .(бидай,тары,қамыр,бұршақ,ет,тұз,сүт)

Бата-тілек

«Ұлыс бақты болсын!Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле-жала жерге енсін! »

Индира бата береді.

Саумалық айту.

Саумалық,саумалық,Қан тауының көк құсы Ұйқыдан көзін ашты ма?Саумалық,саумалық,Самарқанның көк тасы Жібіді ме,көрдің бе ?

Ауыл аналары табалдырық үстіне жаңа сауған сүтті шөмішке құйып қойып:

Саумалық,саумалық, Жаңа келген жақсылықты Көрдік пе,көрмедік пе? Саумалық,саумалық,Ескі жыл шығып,жаңа жыл кірді. Саумалық,саумалық,Сүті көп,көмірі аз. Жаңа жыл,жарылқа,Ескі жыл,есірке,-деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, « қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.

Наурызда ұлттық тағамдар пісірген.

Ірімшік,тасқорық,уызқағанақ,құрғақ сүт,балқаймақ,құрт,жент,қаймақ,құрт көже,айран,май,сүзбе,шұбат,қазы –карта,жал-жая,шұжық,қуырдақ,т.б.

Ұлттық ойындар :

«Көкпар», « Аударыспақ», « Қыз қуу», « Алтыбақан», « Ақсүйек», « Тең көтеру», « Арқан тартыс»,т.б.

Ұлыс күні кәрі-жас, Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып,өріскен,

Шалдар бата беріскен: Сақтай көр деп терістен,

Кел таза Бақ кел десіп, Ием, тілек бер десіп.

Көш Қайрақан көш десіп, Көз көрмеске өш десіп.

Қоғамдық өмір өрістеп,
Сан ғасыр зулап өтсе де,
Наурыз тойын теріс деп,
Айтпаған ешкім әйтсе де.
Өйткені оның бойында
Еңбек, бірлік, достық бар.
Музыка қосу «Шашу» биін билеу, сабақты аяқтау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні"»

Күні:18.03.2016

Сыныбы:2

Тәрбие сабақтың тақырыбы: Наурыз-Ұлыстың ұлы күні.

Сабақтың мақсаты:  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Табиғат өзгерістерін түсіне білуге, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын
Көрнекілігі: Наурызға байланысты суреттер,слайд, ұлттық тағамдар
Барысы:
«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты.
Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» - дегендей мереке алдында балалар «Жарапазан» айтқан екен жарысып.
Қадірменді оқушылар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты.
Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

«Наурыз» туралы ән
Балалар бүгін біз «Наурыз» туралы алған білімімізді одан әрі кеңейте түспекшіміз.

Ертеде «Қыдыр ата» наурыздың 21-нен 22-не қараған түні келетін күнді кімде-кім қарсы алса, соған беретін сыйының бар екені туралы әлемге жар салыпты. Сыйдан дәмелілердің барлығы күнді қарсы алуға дайындалыпты. Бұл сыйдың иегері қандай жануарлар екенін білесіздер. Қане, атап жіберейік. Теңдессіз сыйдан адамдар да құр қалғысы келмеген. Түнімен «Қыдыр атаны» тосқан екен. Сонда ұйықтап қалмас үшін, жастар «Ұйқыашар» ұйымдастырған екен.

Түнімен дайындалған ел күнді қарсы алуға далаға шыққан, есік терезелерді ашып қойған. Бұл – Қыдыр ата үйге келіп кетсе екен, терезеден көріп кетсе екен деген тілек.
КҮН: Аяулым:

Самарқанның көк тасы,
Ериді мен келгенде.
Тоң боп қатқан топырақ,
Жібиді мен келгенде.
Енесіне баласын,
Телиді мен келгенде.
Тар көңілдер түнерген,

Кеңиді мен келгенде.
Ақ жүзіңді бері бұр,
Тұсыңа бір келгенде.

Аяулым мен пен Таснима төс қағыстырып амандасуды көрсетеді.Атқан таңды қарсы алған халық бір-бірін құттықтап, амандасып көріскен екен. Бұдан кейін халық мейрамды бастап кеткен екен. Мерекенің берекесі «Ас». Бұл күнгі негізгі тамақ «Наурыз көже» болған.
Бұл туралы Томирис айтып береді .(бидай,тары,қамыр,бұршақ,ет,тұз,сүт)

Бата-тілек

«Ұлыс бақты болсын!Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле-жала жерге енсін! »

Индира бата береді.

Саумалық айту.

Саумалық ,саумалық,Қан тауының көк құсы Ұйқыдан көзін ашты ма?Саумалық,саумалық,Самарқанның көк тасы Жібіді ме,көрдің бе ?

Ауыл аналары табалдырық үстіне жаңа сауған сүтті шөмішке құйып қойып:

Саумалық,саумалық, Жаңа келген жақсылықты Көрдік пе,көрмедік пе? Саумалық,саумалық,Ескі жыл шығып,жаңа жыл кірді. Саумалық,саумалық,Сүті көп,көмірі аз. Жаңа жыл,жарылқа,Ескі жыл,есірке,-деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, « қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.

Наурызда ұлттық тағамдар пісірген.

Ірімшік,тасқорық,уызқағанақ,құрғақ сүт,балқаймақ,құрт,жент,қаймақ,құрт көже,айран,май,сүзбе,шұбат,қазы –карта,жал-жая,шұжық,қуырдақ,т.б.

Ұлттық ойындар :

«Көкпар», « Аударыспақ» , « Қыз қуу», « Алтыбақан», « Ақсүйек», « Тең көтеру», « Арқан тартыс»,т.б.

Ұлыс күні кәрі-жас, Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып,өріскен,

Шалдар бата беріскен: Сақтай көр деп терістен,

Кел таза Бақ кел десіп, Ием, тілек бер десіп.

Көш Қайрақан көш десіп, Көз көрмеске өш десіп.

Қоғамдық өмір өрістеп,
Сан ғасыр зулап өтсе де,
Наурыз тойын теріс деп,
Айтпаған ешкім әйтсе де.
Өйткені оның бойында
Еңбек, бірлік, достық бар.
Музыка қосу «Шашу» биін билеу, сабақты аяқтау.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Тәрбие сағаты"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні"

Автор: Рахимжанова Сымбат Алпысовна

Дата: 19.03.2018

Номер свидетельства: 462488

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства