kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз- ?лысты? ?лы к?ні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз мейрамын ?ткізер алдында мектепті? іші-сырты ?ктеліп, ауласы кір-?о?ыстан тазартылады. Ары?тар аршылып, жер ?опсытылады. Мектеп ба?ына а?аштар, г?л – райхандар отыр?ызылып, олар к?тімге алынады. Парталар мен ?стелдер, едендер бірнеше ?айта  жуылып, ша?-тоза? с?ртіледі. Осы айтыл?андар ?бден орындалып біткеннен со? мектепті? ма?дайшаларына, кіре берістегі есікті?, сырт?ы есікті? о? ж?не сол ?ана?аттарына ?н-?рандар мен ?ла?атты с?здер жазылып, Наурызды? белгі – эмблемасы ілінеді.

    Мейрам?а арнал?ан хабарландыру екітілде – ?аза? ж?не орыс тілдерінде ж?реді.

    Мейрамны? басталуы

    Алдымен зал?а ?аза? ертегілеріні? кейіпкерлері бейнесінде киінген Алдар к?се, Жиренше шешен, ?арашаш с?лу шы?ып, дабыл ?а?ып ж?ртшылы?ты ?лысты? ?лы к?ні – Наурыз мерекесін тойлау?а ша?ырады. М?ны шатты? ша?ыра?ына ша?ыру деп айтады.

Алдар к?се:

  • Ты?да?ыздар! Ты?да?ыздар!

Той дабылып ?а?ып т?р?ан

М?нда біз бар.

Естімеген есті?іздер!

Ты?дама?ан ты?да?ыздар!

?лысты? ?лы к?ні,

К?ктемні? н?ры, г?лі –

Наурыз тойы басталды.

Естімей та?ы ?алма?ыздар!

Жиренше шешен:

  • М?нда жедел жеті?іздер!

Наурызда адал ниет ете?іздер!

Алдарды? с?зіне сені?іздер,

К?не, халайы?, бізге ері?іздер!

?арашаш с?лу:

  • Ж?рі?іздер, Наурызда басып- ая?,

?алыс адам болмасын некен-сая?.

?н айтылсын,

Би билесін, ?ауым болып,

Уа?ыт болды т?рмайтын ?нерді аяп!

  Осыдан кейін сахнаны? екі жа?ынан екі бастаушы шы?ып Наурыз мейрамыны? шы?у тарихын екі тілде ?ыс?аша баяндап береді.

Бірінші ж?ргізуші. – «Наурыз» парсы с?зі, ?аза?ша «жа?а к?н» деген ма?ынаны білдіреді. Оны? ?ткен тарихын зерделейтін болса?, сонау к?не заманнан бастау ал?ан б?л мерекені халы? болып тойлау ?асыр?а жал?асып, ?рпа?тан-?рпа??а ауысып келеді. Наурыз – шы?ыс халы?тары пайдалан?ан к?не  к?нтізбекке жолды? басы, жа?а жыл ретінде к?рінеді. Ол таби?атта ?айта бастал?ан, жа?адан т?леп бастау ал?ан жа?а ?адамны? белгісі іспетті. ?йткені, таби?атта?ы барша тіршілік иесі осы к?ннен бастап ?айыра т?леп, жаару, жасару кезе?інен бастайды. Наурызды – жа?ару, жасару, к?ктеу мерекесі деп атауы да сонды?тан болар.

    К?ні б?гінге дейін хал?ымызды? ?анына сі?іп, ?деп-??рыпты? ?ш басына айнал?ан осынау мерекені? адамзат баласына берер та?лымы мен ?уанышы ?з алдына бір т?бе ??гіме. ?аза?, ?збек, ?ыр?ыз, т?рікмен ж?не бас?а да халы?тар б?л мерекені «наурыз» деп атаса, т?жіктер «г?л?ардан», татарлар «нарду?ан», ал ежелгі гректер «патрих» деп ата?ан. ?ай ел ?алай деп атаса да оны? білдіретін ма?ынасы біреу-а?: игілік, молшылы?, ке?пейілділік, тазалы? ізет пен а?жар?ын к??іл.

    К?н мен т?нні? те?елуі наурызды? 22-сіне д?п келгендіктен де, шы?ыс халы?тары оны – ?лысты? ?лы К?ні деп ?астерлейді, жыл басы санайды. Б?л к?ні жеті  т?рлі та?амнан араластырып «наурыз к?же» жасалады. Ол жеті ыдыспен таратылады. Б?л к?ні ел м?мкіндігінше жа?а киімдерін киіп, к?птен к?ріспеген кісілердей бір-бірімен ??ша?тасып амандасады, а? жол, с?ттілік тілейді, бір-біріні? ?йінен д?м татады. Сондай-а?, б?л к?ні б?кіл ел халы?ты? мерекеге жиналып, ?лтты? ойындар ?ткізіледі, ауыл ?сті ?нге тербелп, к?й мен биге кенеледі. Б?л к?ні адамдар арасында?ы ?кпе, реніш, ?мытылады, бір-біріне молшылы? болсын, а? к?бейсін деген ізгі тілектер айтылады.

    Ендеше а? к?бейсін, халайы?!

    А? жол са?ан ?лысты? ?лы к?ні –

    Наурыз!

    Содан со? екінші ж?ргізуші с?з кезегін алып Наурыз мейрамы туралы орыс тілінде ??гімелеп береді.

    Екінші ж?ргізуші с?зін ая?тай салысымен сахна?а ?лтты? киімдерін киген балалар тобы шы?ады. Оларды? арасынан екі о?ушы орта?а келіп (оны? біреуі ?аз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз- ?лысты? ?лы к?ні »
















орыс сыныптарында мерекеленетін наурыз мейрамының сценарийі


















Наурыз мейрамын өткізер алдында мектептің іші-сырты әктеліп, ауласы кір-қоқыстан тазартылады. Арықтар аршылып, жер қопсытылады. Мектеп бағына ағаштар, гүл – райхандар отырғызылып, олар күтімге алынады. Парталар мен үстелдер, едендер бірнеше қайта жуылып, шаң-тозаң сүртіледі. Осы айтылғандар әбден орындалып біткеннен соң мектептің маңдайшаларына, кіре берістегі есіктің, сыртқы есіктің оң және сол қанағаттарына үн-ұрандар мен ұлағатты сөздер жазылып, Наурыздың белгі – эмблемасы ілінеді.

Мейрамға арналған хабарландыру екітілде – қазақ және орыс тілдерінде жүреді.

Мейрамның басталуы

Алдымен залға қазақ ертегілерінің кейіпкерлері бейнесінде киінген Алдар көсе, Жиренше шешен, Қарашаш сұлу шығып, дабыл қағып жұртшылықты Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауға шақырады. Мұны шаттық шаңырағына шақыру деп айтады.

Алдар көсе:

  • Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Той дабылып қағып тұрған

Мұнда біз бар.

Естімеген естіңіздер!

Тыңдамаған тыңдаңыздар!

Ұлыстың ұлы күні,

Көктемнің нұры, гүлі –

Наурыз тойы басталды.

Естімей тағы қалмаңыздар!

Жиренше шешен:

  • Мұнда жедел жетіңіздер!

Наурызда адал ниет етеңіздер!

Алдардың сөзіне сеніңіздер,

Кәне, халайық, бізге еріңіздер!

Қарашаш сұлу:

  • Жүріңіздер, Наурызда басып- аяқ,

Қалыс адам болмасын некен-саяқ.

Ән айтылсын,

Би билесін, қауым болып,

Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп!

Осыдан кейін сахнаның екі жағынан екі бастаушы шығып Наурыз мейрамының шығу тарихын екі тілде қысқаша баяндап береді.

Бірінші жүргізуші. – «Наурыз» парсы сөзі, қазақша «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оның өткен тарихын зерделейтін болсақ, сонау көне заманнан бастау алған бұл мерекені халық болып тойлау ғасырға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келеді. Наурыз – шығыс халықтары пайдаланған көне күнтізбекке жолдың басы, жаңа жыл ретінде көрінеді. Ол табиғатта қайта басталған, жаңадан түлеп бастау алған жаңа қадамның белгісі іспетті. Өйткені, табиғаттағы барша тіршілік иесі осы күннен бастап қайыра түлеп, жаару, жасару кезеңінен бастайды. Наурызды – жаңару, жасару, көктеу мерекесі деп атауы да сондықтан болар.

Күні бүгінге дейін халқымыздың қанына сіңіп, әдеп-ғұрыптың өш басына айналған осынау мерекенің адамзат баласына берер тағлымы мен қуанышы өз алдына бір төбе әңгіме. Қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен және басқа да халықтар бұл мерекені «наурыз» деп атаса, тәжіктер «гүлғардан», татарлар «нардуған», ал ежелгі гректер «патрих» деп атаған. Қай ел қалай деп атаса да оның білдіретін мағынасы біреу-ақ: игілік, молшылық, кеңпейілділік, тазалық ізет пен ақжарқын көңіл.

Күн мен түннің теңелуі наурыздың 22-сіне дөп келгендіктен де, шығыс халықтары оны – Ұлыстың Ұлы Күні деп қастерлейді, жыл басы санайды. Бұл күні жеті түрлі тағамнан араластырып «наурыз көже» жасалады. Ол жеті ыдыспен таратылады. Бұл күні ел мүмкіндігінше жаңа киімдерін киіп, көптен көріспеген кісілердей бір-бірімен құшақтасып амандасады, ақ жол, сәттілік тілейді, бір-бірінің үйінен дәм татады. Сондай-ақ, бұл күні бүкіл ел халықтық мерекеге жиналып, ұлттық ойындар өткізіледі, ауыл үсті әнге тербелп, күй мен биге кенеледі. Бұл күні адамдар арасындағы өкпе, реніш, ұмытылады, бір-біріне молшылық болсын, ақ көбейсін деген ізгі тілектер айтылады.

Ендеше ақ көбейсін, халайық!

Ақ жол саған Ұлыстың Ұлы күні –

Наурыз!

Содан соң екінші жүргізуші сөз кезегін алып Наурыз мейрамы туралы орыс тілінде әңгімелеп береді.

Екінші жүргізуші сөзін аяқтай салысымен сахнаға ұлттық киімдерін киген балалар тобы шығады. Олардың арасынан екі оқушы ортаға келіп (оның біреуі қазақтың ұлттық киімінде болуы тиіс), былай деп тақпақтайды:

1 – бала:

- Армысыңдар, халайық!

- Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай,

Биыл қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық,

Өлең жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп,

Тойға шашу шашайық.

2 – бала:

- Сегодня праздник у нас,

Этот праздник празднуем пятый раз.

Светится радость у всех на глазах,

Здесь русский, татарин и казах,

Дорогие ребята и гости! Чтобы счастье и удача не покидали вас и ваш дом, разрешите нам произвести небольшой обряд «Шашу» в честь гостей.

Күйтабақта Құманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.

Әр түрлі ұлттардың киімдерін сахнада тұрған оқушылар бауырсақ, құрт, тәтті тағамдардан шашу рәсімін жасады. Жүргізушілер Наурыз сахнасына арнайы шақырылған қонақтар мен мектеп басшыларын шақырады. Балдырғандар оларға түрлі тағамдар мен естелік бұйымдар ұсынады. Олар құттықтау сөз сөйлеп, сахнадан түсіп кетеді.

Ескерту: сөйлеушілер қысқа да нұсқа сөйлегені ескерілуі керек.

Бірінші жүргізуші: - Әрбір халықтың өзіне тән ұлттық дәстүрі, соған орай психологиялық өзгешелігі болады. Қазақ халқының да өзіне лайық қадір-қасиеті бар. Біз қазір ұлттық психологияны танытатын қазақтың мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын, жаңылпаштарын айтушыларды ортаға шақырамыз. Кәне кім бар?

3 – бала:

- Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны өріңдер.

Томсырайып тұрмаңдар,

Жұмбақ, мақал ойладар.

Таппай оны қоймадар!

Екінші жүргізуші: - Красна речь поговоркой. Теперь приглашаем желающих рассказать казахские пословицы и поговорки. Потому что, эти краткие поэтические изречения с открытым и ясным содержанием отражают одаренность, мудрость народа, а также го психологию.

4 – бала:

- Бізде қызық жұмбақ бар,

Бәрің әне тыңдап қал!

Бесінші және алтыншы бала жұмбақ жасырады, тойға жиналғандар оны шешуге кіріседі.

Жұмбақтар әр түрлі болып келуі мүмкін. Соның бір үлгісі мынадай:

5 – бала:

- Қазағым қара, қаламым ақ.

6 – бала:

- Бумага черная, ручка белая.

(Тақта мен бор – Доска и мел)

5 – бала:

- Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Таппайтұғын жолы жоқ.

6 – бала:

- Без рук, без ног,

А дорогу всегда найдет.

(Хат - Письмо)

Осы ретпен уақыт мөлшеріне орай әрі соза беруге болады. Балалар бірінен соң бірі сахнаға шығып, мақал-мәтелдер, жаңылпаштар, тағлымы бар сөздер айтады.

Артынан күйтабақ «Туған жер» әні орындалып, одан кейін «Қамажай» биі көрсетіледі.

Бірінші жүргізуші:

  • Наурызымызды халқымыз,

Жыл басы санайды,

Үлгілі салтымыз,

Көп елге тарайды.

Құрметті қауым! Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрі әр халыққа да үлгі боларға лайық. Сол салт-дәстүрден сіздерді хабардар ету мақсатында бірнеше қысқаша көрініс көрсетіп жіберсек деп едік.

Екінші жүргізуші. – Дорогие гости и ребята!

Представьте себе, что вы находитесь в широких степях Казахстана. Прекрасные народные традиции передавались из поколения в поколение. Сегодня мы покажем несколько фрагментов из прекрасных традиций наших предков – предков казахского народа. Сейчас мы покжем сцены в которых отражается быт и обычаи казахского народа.

Сахна төрінде түс киіз ілінген, ортада дөңгелек қазақы үстел тұрады. Онда тағамдар жатады. Олардан төменірек, яғни көрермендердің қызықтауына лайықтап жасалған бесік тұрады. Дөңгелек үстелді айнала қонақтар отырады.

Сахнаға екі бала жүгіріп шығады.

1 – бала:

- Сүйінші! Сүйінші! Келін келеді!... Келін келеді!...

2 – бала:

- Алақай! Алақай! Жеңешем келді!... Жеңешем келді!... – десіп жар салады.

Бірінші жүргізуші:

  • Ал, кәнекей, келіңіз,

Көрімдігін беріңіз.

Жар-жар айтып қуантып

Келді келін, көріңіз!

Екінші жүргізуші: - Вы посмотрели фрагмент обряда «Бесікке бөлеу» - укладывание малыша в колыбель, освещали его, изгоняли порчу, злых духов, чтобы ребенок в нем спал спокойно и рос здоровым, смышленным.

Күйтабақта «Туған жер» әні орындалады.

Бірінші жүргізуші: - Қазақта енді қаз-қаз баса бастаған жас нәрестенің тұсауын кесу рәсімі болған. Бұл ата-бабаларымыздан қалған киелі мұра. Тұсауды үш түрлі затпен кескен.

Біріншіден, адам болсын, адал болсын, ешкімнің ала жібін аттамасын дегенді ырым етіп ала жіппн кескен;

Екіншіден, көп көп болсын, ақ мол болсын, қайда жүрсе де жол болсын дегенді ырым етіп көк шөппен кескен;

Үшіншіден, қарыны тоқ болсын, қайғы-мұңы жоқ болсын дегенді ырым етіп тоқ ішекпен кескен.

Баланың тұсауы кесілген соң, сәбидің отбасы сол күні ауылдастарын дастарханнан дәм тартуға шақырған. Ол той-думанға ұласқан.

Екі жүргізуші қосарлана:

  • Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

  • Наурызғ ақ жол!

  • Да здравствует великий день народов Востоко!

Күйтабақта Құрмағазының «Сарыарқа» күйі ойнап тұрад. Ұлыстың ұлы күніне арналып ұйымдастырылған бұл мерекелі той – оқушылардың сауық – сайранына ұласады.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Наурыз- ?лысты? ?лы к?ні

Автор: Кусайнова Мугилсим Сатбековна

Дата: 06.04.2015

Номер свидетельства: 197930


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства