kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың Ұлы күні келді, достар! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын!

Ақ  мол болсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Наурыз-Ұлыстың ұлы күні»»

№ 5 орта мектеп





«Наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

























Дайындаған:Рейм К.Қ.








2019-2020 оқу жылы

Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың Ұлы күні келді, достар! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!


Наурыз тойы жырымыз,

Көңіл гүлдей жайнасын!

Құлпырып тұр күн мен ай,

Құтты болсын, Наурыз той

Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін меркемен құттықтайды.

Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.

Жаңа Жылқы жылдарыңыз құтты болсын!

Жаңа жыл баршаңызға бақыт, ырыс, береке әкелсін.


Тәрбиеші: Балалар, бүгін қандай мереке?

  • Наурыз тойы. Ұлыстың Ұлы күні.

  • Қандай жыл келді?

Жылқы жылы келді.

Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқа болып жатады. Бір-бірін көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту- парыз.

Ассалаумағаликум! «Мен адаммын, адамдығымды білдіремін.» «Алланың нұры жаусын!»

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!


Алихан: Уағалайкүмассалам! «Мен де адаммын, адамдығымды білдіремін,» «Сізге де Алланың нұры жаусын!

Ұлыс оң болсын,

Пәле- жала жерге енсін!

(Екі бала төс қағыстырып амандасады.)


Каусар.Ү. Уа, халайық, халайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке бұл тойдың

Шашуларын шашайық

(Шашу шашылады)

Хор: «Наурыз тойы- жыл басы.»

Айбар: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде, Наурыз, күлімде






Диас Армысың, Наурыз,

Қуаныш боп кір, төрлет.

Ел болып саған,

Көрсетіп жатыр сый құрмет.



Ербол Наурыз келді, Наурыз келді ағайын,

Құшарлана құшағымды жазайын.

Көктем шыға көлімсіреп көк аспан,

Әнге толды, күйге толды маңайым.


Каусар.Ү. Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн өткен.

Жарығыңмен, шуағыңмен, Күн Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


Ғиас Келді Наурыз жар салып,

Би билейік, ән салып.

Жылда келші Ұлыс күн,

Тұрайық есен қарсы алып.


Хор: «Қазақтың дастарханы:»


Кәусар.Н. Хош келдің, Наурызым, ардақты,

Халқым саған бар үмітті арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөліп, нұрға бөлеп аймақты.


Саян Ақ түйенің қарны жарылды,

Наурызды елім сағынды.

Асыққың сен де сол тойға,

Барлық жұрт мұнда ағылды.





Гүлдана Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде Наурыз, күлімде.


Әли Ұлыстың Ұлы күні

Жаңғырды қазақ үні.

Түрленді жер анамыз,

Бүршігін жарып гүлі.



Фатима Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз дәстүрлі!

Бақытыма шалқыдым,

Ашылады нұрымыз.


Хор: «Туған жер»


Ерасыл Жылымның басы- Наурыз!

Жырымның басы- Наурыз!

Салт- дәстүрді жаңғыртқан,

Қазынам асыл- Наурыз!


Аида Оу, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.


Мансур Ата- бабам тойлаған,

Армысың, Наурызым!

Қызыққа еш тоймаған,

Дархан дала, қарлы шың.


Айша Жедел жүріп алаңға жетіңіздер,

Наурызға адал ниет етіңіздер!

Қарсы алып жылдың басын той-тойлайық,

Өнімді еңбек етіп ой ойнайық!

Би:


Бекнұр Уа, ағайын, туысқан,

Наурыз күн туды шығыстан.

Сол тойға келдім шақырып,

Ат терлетіп алыстан.

Бақытнұр Уа, жараңдар, келіңдер,

Той қызығын көріңдер.

Наурыз айға бас иіп,

Күнге сәлем беріңдер.


Нұржігіт Наурыз- бабамның сөзі,

Наурыз анамның сөзі,

Ғасырдан ғасырға жеткен,

Наурыз даламның сөзі.


Айым Көктемім төкті нұрды,

Көңілдің кетті мұңы.

Кел достар ән шырқайық,

Ұлыстың Ұлы күні.


Бекжан Тігіліп киіз үйлер,

Төгілді күміс күйлер.

Ойналып ұлттық ойын,

Орындалды ән, күйлер.


Нұрбақыт Көңіліммен кең дархан,

Жайылды ақ дастархан.

Наурыз көже құйылды,

Жеті түрлі дәм салған.

Балқаймақ бар, талқан, құрт.

Дәм татуда келген жұрт.

Батасын берді ақсақал:

«Молайсын» деп, ырыс-құт.


Қарақат Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!


Рамазан Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.





Жақсыбек «Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс бақты болсын.

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле- жала жерге енсін

Әумин!»


Тойымыз аяқталды. Келесі Наурызға уайым қайғысыз, аман – сау жетейік.

Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен еш нәрсе жоқ. Олай болса, аналарымыздың бал бармағынан шыққан ұлттық Наурыз көжеден ауыз тиіңіздер.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Наурыз-Ұлыстың ұлы күні»

Автор: Рейм Қамила Қойшыбайқызына

Дата: 24.03.2020

Номер свидетельства: 544071

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Т?рбие са?аты:"Наурыз -?лысты? ?лы к?ні!" "
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-nauryz-u-lystyn-u-ly-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "206190"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430126551"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Тәрбие сағаты"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні""
    ["seo_title"] => string(43) "t_rbiie_sag_aty_nauryz_u_lystyn_u_ly_kuni_1"
    ["file_id"] => string(6) "462488"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1521424204"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Наурыз-?лысты? ?лы к?ні "
    ["seo_title"] => string(27) "nauryz-u-lystyn-u-ly-kuni-1"
    ["file_id"] => string(6) "196128"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427998711"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Т?рбие са?ат та?ырыбы: «Наурыз – ?лысты? ?лы к?ні»"
    ["seo_title"] => string(39) "trbiiesagattakyrybynauryzulystynulykuni"
    ["file_id"] => string(6) "294992"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455771119"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Наурыз- ?лысты? ?лы к?ні "
    ["seo_title"] => string(27) "nauryz-u-lystyn-u-ly-kuni-2"
    ["file_id"] => string(6) "197930"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428332411"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства