Просмотр содержимого документа
«Мені? Президентім »
«Менің Президентім»
Мақсаты:Елбасшымыздың халыққа,елге жасаған елеулі еңбегімен балаларды хабардар ету.Туған елінің болашағына үлес қосатын,елі,жері үшін аянбай еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеу.Олардың бойларына адамгершілік, ізгілік қасиеттер дарытуға тырысу.
Жүр.Құрметті балалар,ұстаздар және қонақтар бүгінгі «Менің Президентім» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші:
Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытам деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері, болашағы,үміті үшін аянбай еңбек етіп,тер төккен Н.Ә.Назарбаев еді.Н.Назарбаев қазақ елін бүкіл әлемге танытты.
Аяулым:Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Ұлмекен:Халқымыздың Елбасын қорғауы,
Елбасына қайратпенен рух берер.
Қазақстанда кедейшілік болмауы,
Елбасымыздың халқымызға жолдауы.
Назым: Еліміздің жетістігін бүгінгі,
Елбасының саясаты деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан десе біреу,
Нұрсұлтан Назарбаев дер ем мен.
Самрат: Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.
Санжар:Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!
Жүргізуші:Тал шыбықтай бұралған,
Қазағымның қыздар-ай.
Сүйсіндірген биімен,
Өнерлі ғой қыздар-ай демекші келесі кезекті биге береміз «Қазақ биі»
Ендігі кезекте көрініс : «Бақыт деген не?»
(Сахнада әже отырады.Немересі жүгіріп келеді. )
-Әже,әже! Менің атымды неге бақыт деп қойдыңдар?
Бақыт деген не өзі?
-Е-е-е, балам «Бақыт»-деген еліміз тыныш болып,соғыс болмаса ,Бақыт-бейбіт өмір,адал достық деген сөз.Біздің бақытты өмір сүріп жатқанымыз елбасшымыздың арқасы ғой балам.
Баласы:Түсіндім,әже,түсіндім деп әжесінің бетінен сүйеді.
Енді балалар қазақстан табиғатына шолу жасайық.(Слайдтан қарау)
Жүргізуші:Міне,балалар Қазақстанның табиғаты қандай әсем,қандай сұлу екен.
Келесі кезекті ойынға береміз, ойын: «Шар»
Ойынның шарты:
Жүргізуші шарды лақтырады, шар әуеден түскенше балалар қимылдайды. Жерге түскенде қимылсыз, күлми тұру керек. Қимылдаса, ойыннан шығады.
Ойын осылай жалғасады.
Жүргізуші:Міне,балалар осы шар сияқты еліміз биікке көтеріліп, биіктерден көріне берсін демекпін.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды,алтын уақыттарыңызды бөліп кегендеріне көп-көп рахмет.
Ендігі кезекте көрініс : «Бақыт деген не?»
(Сахнада әже отырады.Немересі жүгіріп келеді. )
-Әже,әже! Менің атымды неге бақыт деп қойдыңдар?
Бақыт деген не өзі?
-Е-е-е, балам «Бақыт»-деген еліміз тыныш болып,соғыс болмаса ,Бақыт-бейбіт өмір,адал достық деген сөз.Біздің бақытты өмір сүріп жатқанымыз елбасшымыздың арқасы ғой балам.
Баласы:Түсіндім,әже,түсіндім деп әжесінің бетінен сүйеді
« Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ