kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен президент болсам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  «Мен президент болсам.»

Саба?ты? ма?саты: а) жас ?рпа??а Елбасыны? сан ?ырлы талант иесі, ??діретті   

                                    т?л?а екенін таныту.

                                   ?)Елімізге е?се тіктеп, мемлекетімізді мы?ымдап берген,                  

                                   хал?ымызды ?лемге танытып, алаш баласыны? абыройын

                                   а?са?татып, Елбасыны? кісілік келбетін ме?геру.

                                   б) Елін с?йген, елі с?йген Елбасынан ?лгі алу?а т?рбиелеу.

Т?рбие ба?ыты: патриотты? т?рбие

Саба? т?рі: пікір алмасу, ой тол?ау

Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен президент болсам »

Сабақтың тақырыбы: «Мен президент болсам...»

Сабақтың мақсаты: а) жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті

тұлға екенін таныту.

ә)Елімізге еңсе тіктеп, мемлекетімізді мығымдап берген,

халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын

ақсақтатып, Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Тәрбие бағыты: патриоттық тәрбие

Сабақ түрі: пікір алмасу, ой толғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Армысыздар, қадірлі қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 1- ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

1- жүргізуші: Бүгін 1-ші желтоқсан - Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 3- ші жыл тойланып отыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалады.

2- жүргізуші: Мемлекеттігіміздегі жоғары лауазым Президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.

1- жүргізуші: Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

2- жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Балалық шағымның аспаны" атты фильмінен және "Қарт сөзі" әнінен үзінді.

1- жүргізуші: Құрметті оқушылар осы фильмнен қандай ой түйдіңдер?

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

2- жүргізуші: Қазақ ақын- жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.

Өлең оқу: Мағжан Жұмабаевтың "Мен Қазақпын"

1- жүргізуші:

Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге,

Мыңдаған дастан жатыр халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай,

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

2- жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң,

Тәй- тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып,

Әннен шашу болды міне бір арман.

1- жүргізуші: Ән "Көк тудың желбірегені"

2- жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев - мемлекетімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы- төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұсында жетті.

2- жүргізуші:

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдарындағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу мақсатында "Жылдар сөйлейді" атты сұрақ- жауап.

1- жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- ата- анасын қатты құрмет тұтқан, ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір- қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет- ғұрпы мен салт- дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

2- жүргізуші:

Елбасы- халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

1- жүргізуші:

"Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат- қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын" - деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

1- жүргізуші: Оқушылардың Елбасына арнаған өлеңдері.

1. Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

2. Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отаның өмірін де түсініп.

"Елім, жерім" деп ұрандай тайсалмай,

Бір керемет жасады- ау кісілік!

1- жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бөкемдеп саясаттын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына.

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!- дей отырып біздің сыныптың оқушыларының "Мен Президент болсам.." атты ойларын тыңдап көрейік.

2- жүргізуші: Жарайды олай болса өзімізден басқа сыныпта оқитын оқушылардан алған сұхбатты тыңдап көрейік..... Барекелді сіздерден жақсы Президент шығатынына біз үміт артамыз.

1- жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күн іс- шарамызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса , жер жетім.

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Осымен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Мен президент болсам

Автор: Кондыбаева Айгуль Тохтаровна

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174966

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "1 желто?сан т???ыш президент к?ніне арнал?ан саба?ты? ?зірлемесі "
    ["seo_title"] => string(77) "1-zhieltok-san-tu-n-g-ysh-priezidient-kuninie-arnalg-an-sabak-tyn-zirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "200130"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428735211"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) ""Т?уелсіз елімізді?- т??ырлы Президенті""
    ["seo_title"] => string(37) "tuielsizielimizdintugyrlypriezidienti"
    ["file_id"] => string(6) "281736"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453573075"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Менің елім. Менің Президентім"
    ["seo_title"] => string(33) "mienin_ielim_mienin_priezidientim"
    ["file_id"] => string(6) "443729"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513054474"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) ""Білім кілті -бастауышта" онкүндігі Егер мен президент болсам"
    ["seo_title"] => string(66) "bilim_kilti_bastauyshta_onkundighi_ieghier_mien_priezidient_bolsam"
    ["file_id"] => string(6) "386602"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485965846"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Елбасыны? даналы?ы, даралы?ы "
    ["seo_title"] => string(30) "ielbasynyn-danalyg-y-daralyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "155509"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421294667"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства