kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің елім. Менің Президентім

Нажмите, чтобы узнать подробности

http://Менің Елім. Менің Президентім 19.01.2013 1 Vote Кемербаева Гүлнұр Тақырыбы: Менің Елім. Менің Президентім Мақсаты: а)білімділік:Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. ә)Дамытушылық:Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету. б)тәрбиелік:Оқушыларды өз Отанын,халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа,патриоттық сезімге тәрбилеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі:Н.Ә.Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері,өнегелі істері жайлы слайдтар, жазған кітаптары Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сапқа тұрғызу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. II.Кіріспе: Мұғалім:Оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да,ел экономикасын,ел тарихын,ұлт рухын,халықтың салт-санасын дүр сілкіндіріп оятатын ойлар,мол өмірлік тәжірибе,ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз.Сондықтан да еліміздің болашақта үміт күтетін ұрпағы сендер,елбасының «Менде қазақтың елдігін,Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та,арман да жоқ»,-деген сертпен тең тегеурінді ойларын,елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын,қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын. Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға — алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Алайда кейбіреулерді бұл мерекенің шығу тарихы ойландырары анық. Айталық, былтыр ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Мұның себебі неде? Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы — Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Сондай-ақ 1991 жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Оған дейін Президент «Одаққа бағынған мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚКСР иелігіне ауыстыру туралы» және «ҚКСР-ның алмас және алтын қорын құру туралы» Жарлық шығарды. Қысқасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің іргетасы осылай қаланды. 10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Нұрсұлтан На¬зарбаев республиканың көпэтносты халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтауға, азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын кепілдендіруге, Қазақстан Республикасының Пре¬зидентіне жүктелген міндеттерді адал орындауға ант берді. Одан кейінгі мемлекет құрылысының табысты жылдары Мемлекет басшысының 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Рес¬пуб¬ликасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конс¬титуциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті. Осы заңның 1-тарауында: «Қа¬зақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптерi бойынша құрады. Өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгiн басқа мемлекеттердің тануы үшiн Қазақстан Республикасы ашық. Қазақстан Республикасының бүкiл тер¬риториясында Қазақстан Респуб¬ликасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. Қазақстан Респуб-ликасының территориясы қазіргі шекараларында бiртұтас, бөлiнбейтiн және қол сұғуға болмайтын террито¬рия болып табылады», — делінген. Рас, содан берігі 21 жылда елдің іргесі сөгілген жоқ. Ұлтаралық та¬тулыққа селкеу түспеді. Яғни Конс¬титуциялық заңның дер кезінде қа¬былдануы Қытай, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен шекараны реттеуге ықпал етті. заң Еуразиялық кеңістікте тұрақтылық пен серіктестік, сенім саясаты не¬гіздерін қалыптастырды. Шындығы сол, «Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдау жаңа тәуелсіз мемлеке¬ті¬міздің шынайы егемендігінің бастауы болды. Тыңнан түрен салған Қазақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің елім. Менің Президентім»

Менің Елім. Менің Президентім

19.01.2013

 

 

 

 

 

 

1 Vote


Кемербаева Гүлнұр

Тақырыбы: Менің  Елім.  Менің Президентім

         Мақсаты:

а)білімділік:Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.

ә)Дамытушылық:Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету.

б)тәрбиелік:Оқушыларды өз Отанын,халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа,патриоттық сезімге тәрбилеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:Н.Ә.Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері,өнегелі істері жайлы  слайдтар, жазған кітаптары

 

     Барысы:

 

 I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сапқа тұрғызу

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

 

II.Кіріспе:

Мұғалім:Оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да,ел экономикасын,ел тарихын,ұлт рухын,халықтың салт-санасын дүр сілкіндіріп оятатын ойлар,мол өмірлік тәжірибе,ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз.Сондықтан да еліміздің болашақта үміт күтетін ұрпағы сендер,елбасының «Менде қазақтың елдігін,Қазақстан Республикасының   мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та,арман да жоқ»,-деген  сертпен тең тегеурінді ойларын,елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын,қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.     Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға — алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Алайда кейбіреулерді бұл мерекенің шығу тарихы ойландырары анық. Айталық, былтыр ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Мұның себебі неде? Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы — Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Сондай-ақ 1991 жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Оған дейін Президент «Одаққа бағынған мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚКСР иелігіне ауыстыру туралы» және «ҚКСР-ның алмас және алтын қорын құру туралы» Жарлық шығарды. Қысқасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің іргетасы осылай қаланды.

10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Нұрсұлтан На­зарбаев республиканың көпэтносты халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтауға, азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын кепілдендіруге, Қазақстан Республикасының Пре­зидентіне жүктелген міндеттерді адал орындауға ант берді. Одан кейінгі мемлекет құрылысының табысты жылдары Мемлекет басшысының 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті.
Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Рес­пуб­ликасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конс­титуциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті.
Осы заңның 1-тарауында: «Қа­зақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптерi бойынша құрады. Өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгiн басқа мемлекеттердің тануы үшiн Қазақстан Республикасы ашық. Қазақстан Республикасының бүкiл тер­риториясында Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. Қазақстан Респуб­ликасының территориясы қазіргі шекараларында бiртұтас, бөлiнбейтiн және қол сұғуға болмайтын террито­рия болып табылады», — делінген.
Рас, содан берігі 21 жылда елдің іргесі сөгілген жоқ. Ұлтаралық та­тулыққа селкеу түспеді. Яғни Конс­титуциялық заңның дер кезінде қа­былдануы Қытай, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен шекараны реттеуге ықпал етті. заң Еуразиялық кеңістікте тұрақтылық пен серіктестік, сенім саясаты не­гіздерін қалыптастырды.
Шындығы сол, «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдау жаңа тәуелсіз мемлеке­ті­міздің шынайы егемендігінің бастауы болды. Тыңнан түрен салған Қазақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Менің елім. Менің Президентім

Автор: Аккулова Жайжан Тубировна

Дата: 12.12.2017

Номер свидетельства: 443729

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) ""Мені? Президентім" та?ырыбында?ы ашы? т?рбие са?атыны? жоспары 2-сынып"
    ["seo_title"] => string(78) "mienin-priezidientim-tak-yrybyndag-y-ashyk-t-rbiie-sag-atynyn-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "286329"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454326872"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Мені?  т???ыш президентім"
    ["seo_title"] => string(27) "mienintungyshpriezidientim2"
    ["file_id"] => string(6) "289204"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454758093"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "«Мені? т???ыш президентім»  ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті"
    ["seo_title"] => string(66) "mienin-tu-n-g-ysh-priezidientim-u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekieti"
    ["file_id"] => string(6) "317209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460302691"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы."
    ["seo_title"] => string(36) "ielin_suighien_ieli_suighien_ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "364835"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480629736"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Елбасы - ел тірегі"
    ["seo_title"] => string(20) "ielbasy-iel-tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "260877"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449044153"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства