Мен Президентімді мақтан етемін тақырыбы бойынша тәрбие сағатын мектепалды даярлық сыныбында өткіздім.Бұл тәрбие сағатының мақсаты балалардың отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімін дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мен Президентімді мақтан етемін!»
Тәрбие сағат тақырыбы: «Ұлтына қамқор - Елбасы»
Мақсаты: Балаларға Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру. Елбасыны құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу
Ұйымдастырушы кезең:
Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар 1-ші желтоқсан- тұңғыш Президент күні.
Қазақстан Республиқасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті. Н.Ә. Назарбаев өзінің еңбекқор ақыл- парасатымен үздік оқу орындарын бітіріп, 1991 жылы Қазақстан Республиқасының Президенті болып сайланды. Қазақстан Республиқасына адал қызмет етіп жүрген елбасы.
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
Тәрбиеші: Балалар, сендер қалай ойлайсындар, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында? - Әрине, Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
-1992 жылы 4маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.
Енді біздің тобымыздың балалары тақпақ айтады.
Айсулу
Отан – жерім,
Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Інжу
Әйнегі – күн,
Шатыры – аспан,
Кең далам асқақ.
Төсі толған егін,
Көлдері күміс шашқан,
Қазақстан – Республикам менің!
Еркебұлан
Көк байрағы бабамның
– Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке-баланың
– Қазақстан жалауы.
Арыстан
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілді,
-Ортада аспан әлемі.
Әзиза
Тәуелсіздік жолыңда
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
-Еркіндігім – Елтаңбам.
Зарина
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Шырқатып ән салған күн
Жарайсыңдар балалар. Енді сұраққа жауап берейік.
Қ.Р. Президенті кім?
Қ. Р. Рәміздерін ата?
Н. Ә.Назарбаев қай қалада тұрады?
Қорытынды: Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі. Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.
«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз
Ән: «Отаным» Мектепалды даярлық сынып оқушылары
Елбасы күні – елімізді өркендетін төуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп, сынып сабағымызды аяқтаймыз.