Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жаңашыл тәсілдерді пайдалану»
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жаңашыл тәсілдерді пайдалану
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып , басты қажеттілік ретінде қабылданған еді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып , педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен ,олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап ,бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етіп отыр. - Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануда ; -Білім беру мазмұнын , оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды реттеп; - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен физикалық дамуын сақтауды бағдарлап ; - Баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етіп; - Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде біріңғай білім беру кеңістігі сақталып ; -Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланыс реттеліп ; - Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толық қанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық-педагогикалық негізін пайдаланып; -Әлеуметтік –мәдени міндеттер шешу - мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік орта бірігіп; - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беруді қамтамасыз етілуде.Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты.Сондықтан да , қазіргі кезде болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ,тәрбиеленуіне жңаша көзқараспен қарауды қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы.Сондықтан, бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласының басым бағыттарының бірі мектепге дейінгі білім беру мен тәрбиелеу туралы «...Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде "бетбұрыс” жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс. Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.» деген болатын. Қазіргі таңда ауыл балабақшалары жаңа заман талабына сай жабдықталған, балабақшаның әр тобында балалардың жатын, ойын, киім шешетін, жуынатын, әжетхана, спорттық зал, үйірме бөлмелері қамтылған.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа алған балабақша ұжымдары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» жүйесін жүзеге асыруда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайды. 2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» туралы Жарлығына қол қойды. Бағдарламаның басты мақсаты - Экономиканың және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту болса, осының ішінде мектепке дейінгі тәрбие берудің басты мақсаты - 1 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен толық қамтуды, балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Олай болса мемлекеттік бағдарламаны басшылыққа алған ауыл балабақшасы дене шынықтыру арқылы денсаулықты нығайту әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды, балалардың тілдік қатынасын жан-жақты дамытуда көркем сөзді қолдануды, «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша жобалық іс-әрекетті негізге ала отырып мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын дамытуды жүзеге асыруды нақты міндет деп санап отыр». Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын Қазақстан Республикасының жаңа білім беру стандарты негізінде жаңашылықты. Мектепке дейінгі балалық шақ — баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру.Ауыл бақшасында мектепке дейінгі балаларды оқытып тәрбиелеуде және жан - жақты дамыған жеке тұлғаны дамытуда барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген. Мекемелердің материалдық - оқу базасы жоғарғы деңгейде жабдықталған, мұнда медициналық, психологиялық, логопедтік қызмет, физиокабинеттен тұратын сауықтыру кешені, спорттық –хореографиялық, ән – күй залдары, ағылшын және өзін-өзі тану кабинеттері бар.Топ бөлмелері заманауи модульдық жиһаздармен және дамыту ойын, ойыншықтар, дидактикалық материалдарымен қамтамасыз етілген.Балабақшаларда мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған ағылшын тілі, би сабақтарын жүзеге асыру бойынша түрлі оқу іс-әрекеттер жүргізілуде.Денсаулық сақтау саласында:бала денсаулығын нығайту шынықтыру, сауықтыру мақсаттарында мекемеде медициналық блок, физио кабинеті, дене шынықтыру, ән-күй, би залдары заманауи жиһаздармен толық жабдықталған .Психологиялық салада:баланың жеке танымдылық, эмиоцияналдық дамуына әсер ету қамқор болу мақсатында мекеме психологы тәрбиешілер мен жеке мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауда. Бала дамуын қалыптастыратын тәсілдерді зерттеу және қолданып көру, психикалық процестердің, баланың мектепке психологиялық және ынта жағынан даярлығының мониторингін өткізу.Әлеуметтік салада:баланың рухани - адамгершілік және әлеуметтік дамуының негіздерін қалыптастыру бағыты алға қойылған. Басқару саласында:мекемеде педагогикалық ұжымды белсендіру, шеберліктерін арттыру мақсатында ғылыми – әдістемелік жұмыстың жүйесі қалыптасқан. Оған педагогикалық қызметкерлердің зерттеу жұмысы мен жобалық іс - әрекет тәсілдерін меңгеру мен жалпылау жоспарланған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда: Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру процесінде «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» негізгі білім беру бағдарламалары қолданылды.
Республиканың мектепке дейінгі білім беру мазмұнының мониторингі көрсеткендей, аталған бағдарламалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының тұтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз ете алмағандықтан, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістерді қамтамасыз ететін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бірыңғай жалпы білім беретін оқу бағдарламасын (бұданәрі-Оқу бағдарламасы) әзірлеу қажеттілігі пайда болды.
Оқу бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибелердің жетістіктерін ескере отырып әзірленген.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген.
Оқу бағдарламасының мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі- Стандарт) және мектепке дейінгі педагогика мен жас ерекшеліктері психологиясының негізгі ережелеріне сәйкес білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріле отырып, әзірленді.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, білімділік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның ерекшелігі қолайлы әлеуметтендіруге және балалардың кажетті дағдыларды игеруіне ықпал ететін, мектеп жасына дейінгі балалардың кешенді дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру,«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
- баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;
- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету;
- балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
- әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторинг ұйымдастыру;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:
- мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және дене саулығын нығайтуға, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;
- баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Бағдарламаның құрылымы: түсіндірме жазба, білім беру салаларының мазмұны мен күтілетін нәтижелерден тұрады.
Оқу бағдарламасының мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды:
Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);
мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6(7) жасқа дейін:
мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);
мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі естияр жас ─ 5 жастан 6(7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін - мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы). Оқыту бағдарламасы меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтеріне ұсынылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүние жүзілік тенденциялар санына жатады. Балабақшаларға баратын балалар аз ауырады, білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды, жалпы өмірде табысты болып келеді.Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, нерв-психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады.Сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан барлық балаларға берілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылы¬ғының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
2. Мектепке дейінгі білім беру сапасының талаптары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: 1) баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толыққанды физикалық дамуын, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері негізінде салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыруды; 2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін құруды және кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуді; 3) тілді және ана тілін, қатынас мәдениетін дамытуды, сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындауды; 4) мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, мінез-құлық нормалары мен ережелері, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыруды; 5) өз Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеуді; 6) балада қоршаған ортаның тұтас бейнесі, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруды; 7) баланың танымын дамытуды, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды; 8) баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді. 7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мынадай бес білім беру саласын қамтиды: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет». 8. Білім беру салаларының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, балалардың өзіндік іс-әрекеті және ересек адам мен баланың бірлескен іс-әрекеті арқылы іске асырылады. 9. «Денсаулық» білім беру саласы Мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуді тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық сапаларын қалыптастыру.
1. Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді. Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді. И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі". Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек. 2. Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі. Білім мазмұнының түрлері: • күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер; • көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер; • болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары; • белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер; • ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер; • әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер. Сонымен ғылыми білім — болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетінымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі. Білім - өлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту. Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен іскерліктеріне барлық пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мөндіні бөлуге, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің өздерінің қалыптастыратын іскерліктері мен дағдылары бар. Мысалы, физикадан немесе математикадан есептер шығару, химиядан тәжірибе өткізу, т.б. Ақыл-ой іскерліктері мен оқу іскерліктеріне конспектілеу, аннотация жазу, оқулықпен, сөздікпен жұмыстар жатады. Сонымен білім мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін көркемөнер, еңбек, қарым-қатынас, іс-әрекеті түрлері бар. Танымдық (оқу және оқудан тыс) іс-әрекет оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені танудық маңызды құралдарының бірі білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылыми білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі. Еңбек іс-әрекеті материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға, көбейтуге бағытталған. Түрлері: өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек. Көркемөнер іс-әрекеті әстетикалық дүниетінымды дамытып, әдемілікке сүранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бөлейді. Қоғамдық іс-әрекет оқушының әлеуметпен байланыс орнатуына көмектесіп, азаматтың бет-бейнесін қалыптастырады. Қарым-қатынастық іс-әрекетке бос уақытты ұйымдастыру арқылы үйретіледі. Іс-әрекетке үйрену үшін оқушы үлгілерге қарап жұмыс істеп, жаттығулар орындайды. Білімнің үшінші элементі - шығармашылық жұмыс тәжірибесі "дайын" білімдерді хабарлау, жаттығулар орындау, үлгіге қарап жұмыс істеумен шектелмейді. Шығармашылық жұмысқа оқушыны іздендіретін, оқулықтағы мәселелік әдіспен баяндалған шығармашылық есептер, тапсырмалар үйретеді.