kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мектеп әлеміне саяхат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий написан для детей подготовительной группы детского сада, с казахским языком обучения.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мектеп әлеміне саяхат»»

«Мектеп әлеміне саяхат»

(мерекелік сценарий)

Пайдаланатың құралдар:

1.«Мектеп», «қоңырау» - сөздердің әріптері;

2. Толқындар биіне арналған - 3 орамал;

3. «1 қырқүйекке гүлшок жинау»ойынына арналған жапырақтар ;

4. «Портфель жинау» ойынына арналған мектеп керек-жарақтары;

5. 6 түрлі-түсті орамалдар;

6. саяхат картасы;

7. теңізшілер бас киімі;

8. ұлдарға – тақиялар;

9. ойыншықтар: аю, қуыршақтар и т. б.

10. түлектерге: гүлдер,сыйлықтар.

Кейіпкерлер: 2 тәрбиеші, Бармалей – ересек адамдар;

Білмес, Дымбелмес, алтын балық, толқын, теңізшілер -балалар.

Мерекеге сай әсем безендірілген залға музыка әуенімен тәрбиешімен екі бала қонырау соғып кіреді.

/балалар шығады, тәрбиешілер екі жаққа турады/

1бала. Сыңғыр, сыңғыр, қонырау,

Қоныраудың шақырған,

Тәтті әуені ән думан.

Білім алған бақшадан,

Біз көнілді балдырған.

2бала. Шақырады мектепке,

Білім алған бақшадан,

Біз көнілді балдырған.

Шақырады мектепке,

Сыңғырлаған қонырау.

1.Тәрбиеші. Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарын аттаған

Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

2.Тәрбиеші. Өсті міне ойларың,

Өсті міне бойларың,

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсың тойларың!

«Ертегілер» композициясы /қуыршақтармен/

1бала. Балабақша алғашқы бесігім,

Тағы бір той жасайық.

Ашып мектеп есігін,

Өзіңмен қоштасайық.

2бала. Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше.

Балабақшамен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.

3бала. Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз, сауы құрамыз.

Қашық та болмас арамыз,

Сіздерге келіп тұрамыз.

4бала. Сезімді туған баламыз,

Оянды ақыл, санамыз.

Адамдықтың бастауын,

Өзіңнен алып барамын.

Ән «Мектепке барамыз» /балалар отырады/

1.Тәрбиеші. Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер,

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер!

Өсті ақыл-ойларың,

Қуанышты бүгінгі-

Құтты болсың тойларың!

Музыканың сүйемелдеуімен ортаңғы топ балалары кіреді.

1. Мектепке енді барасыңдар,

Оқып, сауық құрасыңдар!

Қашық қылмай арамызды,

Біздерге келіп тұрасыңдар.

2. Сіз барған соң сабаққа,

Оқумен өтер әр апта.

Іздеп келіңіз жатсынбай,

Оқта-текте қонаққа.

3. Өздеріңді ұмытпай,

Есімізге аламыз.

Ұмытпасын деп әрқашан,

«Қанша бала» деген әнін саламыз!

Ән «Қанша бала, қанша қыз»

2.Тәрбиеші. Рахмет сендерге кішкентай бүлдіршіңдер.

Балалар өз сыйлықтарын тәрбиешіге береді, ал даярлық топ өз сыйлықтарын кіші балаларға береді.

2.Тәрбиеші. Ал еңді- біз оыйншықтарды еске алайық. Ойыншықтарымызбен қоштасып, би билейік.

Алты бала ойыншықтарды алады, ортаға шығады.



1бала: Мектеп бізді тосты алда,

Сендер де енді бос қалма.

Тапсырдық енді ойыншықты,

Іні, қарындастарға.

2бала. Қош бол, ойыншықтарым,

Жасырып кейде тыққаным.

Кеткенде кешке коштасып,

Келгенде алдан шыққаным.

«Ойыншықтар» әні (жеке орындайтын ән)

Қөңілді әуенмен залға Білмес пен Дымбелмес кіреді. Білмес Дымбелместі қолынан тартып, ал Дымбелмес аузын ашып жан-жаққа қарап кіреді. Залдын ортасына тұрады.

Білмес. Сәлеметсіздерме,балалар!

Дымбелмес. Сәлем! Мен – Дымбелмеспін, мені барлығы таниды.

Мұнда қандай мейрам болып жатыр?

Білмес. Дымбелмес, сен есіне сақтаған жоқсың ба, мен саған айтқаным бар ғой: бүгін даярлық топта үлкен мейрам «Балабақшамен қоштасу». Балалар мектепке барады.

Дымбелмес. Қайда? Мектепке? Маған мектеп қызықты емес, жалқауым үстап түр.

2.Тәрбиеші. Ал біздің балалар өте ақылды да өнерлі, ал жалқаулықты білмейді. Балалардың биін тамашалайық.

«Жалқаубек» биі

Білмес. Жарайсындар, балалар. Дымбелмес, балалар бақшамен қоштасып, үлкен кемесімен мектеп әлеміне саяхатка шығады.

Дымбелмес. Неге кемесімен? Балаларға мектеп немесіне керек?

Білмес. Біріншіден, балалар балабақшада алған білімдерін мектепке апарады. Екіншіден – мектеп барғлығымызға керек. Балалар, Дымбелмеске көрсетіндерші өз білімдерінді, өнерлерінді.

Тәрбиеші тапсырманы оқиды. Балалар жауап береді.

1. Тәрбиеші. Бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан, қаңдай кітап тіл ашқан? (әліппе)

Қабат – қабат қатталған, асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін, ол қазына өлмейтін. (кітап)

Ілулі тұр кең алаң, керегімді мен одан,

Жазып алам көшіріп, сүртем сосын өшіріп. (тақта)

Жалқаумен бір жүретін, құдды қармақ ілетін.

Жоламайды зерекке, сабақтарын білетін. (екілік)

Оқуыма төреші, тоқуыма төреші, парақтасам байқалар.



Білімімнің өресі, онда және жазылған, кестем де бар келесі. (Күнделік)

Бірін-бірі қоштаған, бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (42 әріп)

1.Тәрбиеші. Балалардың орыңдауында «42әріп» әнің тамашалаңыздар.

«42 әріп» әні

Білмес. Жарайсындар балалар, мектеп әлеміне саяхатка шығуға болады. Бірақ алдымен тағы бір тапсырма орындаңыздар.

Осы әріптерден сөздер құрыңыз: «Мектеп», «Қоңырау».

Жургізуші балалар мен ата-аналарды ортаға шақырады. Дымбелмес балаларға бөгет жасайды. Балалар сөздер құрастырады.

Білмес. Дымбелмес, сөздерді оқып берші.

Дымбелмес. Мен оқи алмаймын.

Білмес. Ендеше балалар сені саяхатқа алмайды.

Дымбелмес. Енді не істеймін? Әріптерді қалай жаттаймын.

Білмес. Балаларды тында.

«Әліппе» әні (жеке орындайтын ән)

Білмес. Түсіндің бе Дымбелмес. Сен де даярлық топка барғаның жөң. Ал кемемізді кім жүргізеді екен?

1.Тәрбиеші. Бізде көңілді теңізшілер бар.

«Теңізшілер» биі

Білмес пен Дымбелмес. Жолға шығатың уақыт келді. Біз сендерге тілейміз: ақылды, білімді болыңдар.

Балалар (бірге): Рахмет!

Дымбелмес. Кездескенше сау болыңдар!

(Білмес пен Дымбелмес залдан шығады. Балалар отырады, екі жақтан екі ұл-бала бастарына бас киім киіп, бір баланың қолында саяхатың картасы болады)

1бала. Көрмеген қызықты әлемге
Алға жүзіп кемесіміз келе жатыр

Рульдің басында тұр сенімді екі батыл капитаны.

2бала. Дауыл теңізі оларга қорқынышты емес
Боран да оларға қорқынышты емес
Бірақ не күтеді бізді алда?

Балалар: Мектеп әлемі!

(Осы кезде әуен дыбысымен залға Бармалей жугіріп кіреді)

Бармалей. Штурвалдан! Моторларды тоқтат! Көрейін сендерді!

2 Тәрбиеші. Бұл кім екен?


Бармалей. Мен ұлы Бармалеймін!

2Тәрбиеші. Бәрекелді, расында да Бармалей екен! Саған не керек?

Бармалей. Мынау! (1баланың қолынан картасың тартып алады)

2 Тәрбиеші. Біздің картамыз саған несіне керек, Бармалей. Онда мектеп әлеміне жол көрсетілген.

Бармалей. Ал мен бермеймін! (Бармалей картаны алып, залдан жугіріп шығады)

2Тәрбиеші. Теңіз жағында кішкені бөгелу керек.

Музыка әуені естіледі.

2 Тәрбиеші. Менімше біз Африкаға жеттік. Балалар отырындар, демалындар. Пальманың жанында біз хат бар екен. Оны Бармалей калтырғаң шығар. Оқып берейнші: «Егер мектеп әлеміне жеткілерің келсе, сендер би билеу, ән орындау, ойнауды білетіңдеріңді көрсетіңдер. Мектеке дайын шығарсыңдар.» Балалар, балабақшада сендер көп білім алдыңдар.

1 Тәрбиеші. Бармалей қайда екен? Көрсең қандай сендер ақылдысыңдар!

Музыка әуенімен Бармалей залға жугіріп кіреді.

1 Тәрбиеші. Бармалей, балабақшада біздің балалар үйренгенің тамашала.

Балаларымыз тамаша «Түрлі түсті орамал» биің орындайды.

«Түрлі түсті орамал» биі

Бармалей. Билерің тамаша екен! Ал ойын ойнай аласыңдар ма?

1 Тәрбиеші. Біздің балалар өте өнерлі де, ақылды. Қазір көрсетеміз. Балаларымыз анғылыша да біледі.

«Санау» (1,2,3,4,5)ойыны

Бармалей. Керемет екен, балалар! Ал анғылыша ән орындай аласыңдар ма?

1 Тәрбиеші. Әрине. Тамашала.

«Поппури анғылыша»

Бармалей. Балалар қандай ақылдысыңдар! Ал мен анғылыша білмеймін. Бірақ, мектепке портфель жинай аламын, мен оған банан, финик, пряник саламын.

1 Тәрбиеші. Бармалей, біздің балалар портфельге не салатының көрсетсің.

«Портфель жинау»ойыны

(2 отбасы ата-аналармен)






«1 қырқүйекке гүлшөк жинау»ойыны

(2топ- балалар-ата-аналар)

(Ойынға 5 бала қатынасады. Міндеті: бір түсті гүл жинау, Бармалей дұрыс жинай алмайды-7 түсті гүл жинайды)

1 Тәрбиеші. Мектепке баруға, Бармалей, саған алі ерте. Дымбелмес пен бірге даярлық топқа дайындалуға бару керек.

Бармалей. Жоқ, менім туған жерім- Африка, сондықтан ешкайда бармаймын. Ал сендер мені барлығына үйретіндер.

1 Тәрбиеші. Біздің де балалар өз туған жерін жақсы көреді. Біздің балаларды тыңда.

«Әліпе» әні (жеке) Балалар сөздер құрастырады.

Бармалей. Ал мен сендерді осында қалтырамын, карталарыңды бермеймін.

1Тәрбиеші. Енді не істейміз? Балалар, алтын балықты шақырайық, теңіз толқыны көтеріліп тұр ғой, тыңдандарші.

(Фонограмма әуенімен, қыздар көк орамал мен би билейді. Бидің аяғында қыздар шеңбермен тұрады, ал бір қыз басына Алтын балықтың бас киімін киіп, бір, екі қимыл-қозғалыс жасайды. Толқындар жарты шеңбер жасап отырады, алтын балық ортада. Оған бір бала жақындайды. )

«Теңіз толқыны» биі (қыздар биі)

1бала. Балақ,балық көмектес, Бармалейді қууға.

Саяхат картасың, бізге тезірек әкел.

Алтын балық. Сіздерге көмектесуге қуаныштымын.
«Ей, теңіз толқыны! Балаларға көмектесіңдер»

1 Тәрбиеші. Рахмет саған, Алтын балық.

Алтын балық (картаны көтеріп): Карталарыңды алып, әрі қарай жүзіңдер.

(Балық картаны алып жургізушіге беріп, залдан шығады.)

1 Тәрбиеші. Балалар, саяхат сендерге үнады ма? Картада «Мектеп» жазуы бар екен. Балабақшамен қоштасатын кез келді.

Айналайын балалар, алда мектеп-ана бар.

Өздеріңнен өседі, өнерпаздар, даналар.

Балалар ортаға шығады, тамшылап тұрады.

2. Тәрбиеші. Біздің балапандарымызды көмектескен, күткен балабақша ұжымына алғысымызды білдіреміз.

1бала. Мектепке енді барамыз,

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз,

Бақшаға келіп тұрамыз.



2бала. Балаулап баптап өсірдіңіз,

Балалық етсек кешірдіңіз.

Ұмытпаймыз өзіңізді,

Ұмытпаймыз сөзіңізді.

3бала. Орын берген бақшадан,

Меңгеруші жақсы адам.

Сондықтан да біз үшін,

Артық өзі басқадан.

4бала. Әлпештеп бізді баптаған

Ардақтап бізді мақтаған.

Тәрбиешілерімізге мың алғыс!

5бала. Ақ төсекке жатқызған,

Тәтті тамақ жасаған.

Бала болып ойнаған,

Күтүшімізге мың алғыс.

6бала. Бізде мұнда әрдайым,

Бәрі, бәрі дап дайын.

Қамымызды ойлаған,

Қоймашыға мың алғыс.

7бала. Біздің гүл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы,

Ақ көңіл, жақсы апа.

Әлде май, қаймақ па,

Борщ па, сорпа ма?

Тұрады ортада.

Барлық аспазшы апайларға

Мың алғыс.

8бала. Мың бұралта ән мен биді үйреткен,

Ортамызда жақсы апай жүр көптен.

Әнші, биші апайға.

Бәрімізден мың алғыс.

Бәрі : Көп,көп рахмет.

1бала. Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сылаймыз.

Өнер-білім үйреткен,

Бақшамызды қимаймыз.

Ән «Қош бол, балабақша»




1. Тәрбиеші. Енді балалар балабақшамен қоштасады.

Балалар: Қош бол, балабақша –Сәлем, мектеп! (қол шапалақтайды).

Ән-«Сәлем мектеп».

1. Тәрбиеші.Ал, мерекеміз әлі аяқталған жоқ, сендерді құттықтауға ата-аналарың келді. (балалар орыңдарына отырады.)

2.Тәрбиеші. Сөз балабақшанын бастығына беріледі.

1.Тәрбиеші. Еңдігі сөз ата- аналарға береміз.

1.Тәрбиеші. Құрметті балалар, ата-аналар, сендерді мерекемен құттықтаймыз зор деңсаулық, ашық аспан тілейміз.

Балалар залдан шығады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мектеп әлеміне саяхат»

Автор: Жапарова Нуржамал Инырбаевна

Дата: 24.06.2020

Номер свидетельства: 553951

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Внеклассная работа по математике: "Туындылар ?леміне саяхат" "
    ["seo_title"] => string(64) "vnieklassnaia-rabota-po-matiematikie-tuyndylar-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "181454"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425357947"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс сабақ: Физика әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan_tys_sabak_fizika_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "356599"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478602805"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "«Психология әлеміне саяхат» Тренинг сабақ 8-9 cыныптарға арналған"
    ["seo_title"] => string(66) "psikhologiia_lemine_saiakhat_trening_sabak_8_9_cynyptarga_arnalgan"
    ["file_id"] => string(6) "506826"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1555003633"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Асыл с?з ?леміне саяхат" "
    ["seo_title"] => string(26) "asyl-soz-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "221326"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435205907"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Д?ст?рлі емес саба?: "Геометрия ?леміне саяхат" математикалы? жарыс "
    ["seo_title"] => string(74) "d-sturli-iemies-sabak-gieomietriia-lieminie-saiakhat-matiematikalyk-zharys"
    ["file_id"] => string(6) "139404"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417709675"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства