kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мамыр

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.  Балаларды? бойына же?істі д?ріптей отырып, ту?ан жеріне, еліне деген с?йіспеншілік ?асиеттерін арттыру, ту?ан елін ?ор?ай білуге т?рбиелеу.

2.  Отбасында?ы ?ке мен бала арасында?ы ?арым – ?атынасын  ны?айту, ?кеге деген бала махаббатын ны?айту.

Енді  со?ыс  келмесін-деп  б?гінгі  ?лы  Же?істі?  68  жылды?ына  орай  ?йымдастырыл?ан  кездесуімізді  ая?таймыз. Атамыз?а  ал?ыс айта отырып, отбасына аманды?, деніне саулы? тілейміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«мамыр»

Мақсаты:

1. Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

2. Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым – қатынасын нығайту, әкеге деген бала махаббатын нығайту.

Осыдан тура 68 жыл бұрын, Ұлы Отан соғысы аяқталды. Фашистік Германиямен 1418 күн мен түнге созылған шайқаста Кеңес Одағы жеңіске жетті. Бұл соғыста 27 млн. адам құрбан болды. Бүгінгі бейбіт күндеріміз аталарымыз бен ағаларымыздың сондағы төгілген қаны мен терінің өтеуі.

Олардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан – құрметпен еске аламыз. Отан үшін қан төккен ерлеріміз ешқашан ұмытылмайды.

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,

Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.

Ұрпақ үшін тозбайтұғын,бітпейтін,

Ардагерлер естелігі соғыстың.

Соғыста құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске аламыз.

Нұрхат : Мінетін де кезіміз атқа бекіп,

Көрген емес, есеміз жатқа кетіп.

Жеңіс тойын тойлайды балаларда,

Аталардың еңбегін мақтан етіп.

Аяулым : Болмаса да осы жолмен салалас,

Бас иеді кәрі мен жас аралас.

Қаһарлы күн куәгері тұр, міне-

Өрттен қалған қара ағаш!

Олай болса, Ұлы Отан соғысында елімізді фашистерден қорғауға қатысқан батыр ағамыз, бүгінде елдің ақ сақалды батагөй қариясы Ералы мен Айсананың атасын қошеметпен қарсы алайық.Қысқаша өмірбаяны .

Енді атамызға бір – екі сауал тастайық:

1. Ата, сіз отбасыңызда немереңізге қандай тәрбие бергіңіз келеді ?

2. Немереніздің ұнамай қалған немесе көңіліңізге келетін қылықтары бар ма ?

3. Ата, сіз соғыстан елге аман- есен оралдыңыз, отбасын құрдыңыз, бала

сүйдіңіз, немере, көрдіңіз сіздің арманыңыз бар ма ?


Бүгінгідей егемен елде қайғы – қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек балалар. Қарттарымызды ардақтап өтейік ! Бұл кісілерді сыйлап, қадірлейік !

Балалардың тақпақтары:

Мерейгүл : Отан туған үйіміз,

Отан туған жеріміз,

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз.

Нұрай : Отан – менің ата – анам,

Отан – досым, бауырым.

Отан – үлкен Астанам

Отан – туған ауылым.

Бекарыс : Біздің солдат-сақшысы

Біздің қызық күндердің

Біздің солдат-сақшысы

Біздің тыныш түндердің.

Ибрагим: Асқақ ән көңілді тербесін,

Тұтпасын күн қара пердесін,

Бақытпен көз ашқан балалар,

Бүлікшіл соғысты көрмесін.

Ақерке: Енді соғыс болмасын,

Қабақты қайғы шалмасын.

Күрсінбесін аналар,

Күле берсін аналар.

Ән: ( Ел қорғауға әзірміз)

Анель: Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабағын шытпасын.

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Али: Ынтымақ бар елде гүлденсін,

Адамдар араз боп жүрмесін.

Қызықпен көз ашқан балалар,

Қан құйлы соғысты көрмесін.

Абзал: Қара бұлт күн көзін шалмасын,

Қуаныш жер-көкті шарласын.

Сәбилер шаттанып ұшырған.

Ақ кептер аспанда самғасын!

Алтынай: Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді қалама

Келді ауылға сән көрік.

Құралай: Жеңіс келді әке боп,

Жеңіс келді, алақай!

Жетім қалған балаға

Тоя жейтін нан болып.

Абат: Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия аты-көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Аяжан: Әпкеміз деп жүреді

Атын аңыз, жыр қылып

Елдің батыр түлегі,

Әр жүрекке тұр келіп.

Аққыз: Отан деген атамекен.

Отан деген туған жер

Отан- ана, Отан үлкен

Қазақстан- туған ел!

Ералы: Отан бізге біреу-ақ

Ол біздің-Қазқстан

Амир: Отан-менің жүрегім

Отан-менің тірегім

Отан-сенің саяңда,

Бақыт құшып жүремін.

Амирхан: Отан-біздің әкеміз.

Отан-біздің сәніміз.

Ер жетеміз туған ел.

Сені сүйіп бәріміз.

Хор: «Солдат болам мен ертең»

Елге қауып төнбесін,

Аман-есен болайық.

Ардагер асыл атаның,

Ақ батасын алайық,-деп атамыздан бата сұрайық.


Нұрхат: М ұқағали Мақатаевтің « Көгершіндер» өлеңі

Тәрбиеші: Елге қауіп төнбесін,

Халқым өсіп өрлесін.

Есен-аман болайық,

Енді соғыс келмесін-деп бүгінгі Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай ұйымдастырылған кездесуімізді аяқтаймыз. Атамызға алғыс айта отырып, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
мамыр

Автор: Магмурова Асель Бекетовна

Дата: 17.11.2015

Номер свидетельства: 254273

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Cаба?ты? та?ырыбы: Ш?к?рім ??дайберді?лыны?  «?ал?аман  -  Мамыр»  дастаны. "
    ["seo_title"] => string(74) "cabak-tyn-tak-yryby-sh-k-rim-k-u-daibierdiu-lynyn-k-alk-aman-mamyr-dastany"
    ["file_id"] => string(6) "247273"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446536954"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "27 с?уір – Мемлекеттік тіл к?ні. 1-мамыр ?аза?стан хал?ыны? бірлігі к?ні"
    ["seo_title"] => string(63) "27suirmiemliekiettiktilkuni1mamyrkazakstankhalkynynbirlighikuni"
    ["file_id"] => string(6) "325164"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462874037"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Ш?к?рім ??дайберді?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы, «?ал?аман-Мамыр» поэмасы. "
    ["seo_title"] => string(83) "sh-k-rim-k-u-daibierdiu-lynyn-omiri-mien-shyg-armashylyg-y-k-alk-aman-mamyr-poemasy"
    ["file_id"] => string(6) "201479"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429071328"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "9 мамыр - жеңіс күні."
    ["seo_title"] => string(23) "9_mamyr_zhien_is_kuni_4"
    ["file_id"] => string(6) "469144"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1526031107"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Жамбыл Жабаев "Калкаман - Мамыр" поэмасы "
    ["seo_title"] => string(39) "zhambyl-zhabaiev-kalkaman-mamyr-poemasy"
    ["file_id"] => string(6) "181956"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425433318"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства