Балалар мерекеге безендірілген залға көңілді әуенмен кіреді. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Күзгі жәрмеңке» мерекесін тамашалауға шақырамыз! Қош келдіңіз қонақтар Алтын күз»дің– кешіне
Отырыңыз қол соғып
Шат күлкіге бөлене.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Қанша бала, қанша қыз Бір шоқ гүлміз баршамыз
Ойын, күлкі ордасы Біздің балабақшамыз.
Гүлге толы қолымыз, Біз өсеміз, толамыз. Бәрімізде ертең - ақ Үлкен жігіт боламыз.
Біз ертеңгі батырмыз, Біз ертенгі ақынбыз Бір анадан туғандай Біз бәріміз татумыз
Ән: «Алтын күз»
Жүргізуші:-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
-Енді мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырамын, соны шешіп көріңдер.
1.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
2. Қызыл түсті дөңгелек,
Ортасында дәмі бар,
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар. (алма)
3. Қабат, қабат киім киген,
Бір түймесі жоқ ілінген. (қырыққабат)
4. Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар (сәбіз)
Қатты соққан желдің дауысы шығады. Балалар жүгіріп орнына отырады. Тәрбиеші жерге жапырақтарды шашып тастайды.
Көңілді әуен ойналады, жел соққаны естіледі. «Күз ханшайымы» кіреді. Сәлеметсіңдер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Мен сіздерге алыстан келдім. Бұлттар төніп, Жаңбыр төгіп, Жапырақтар сарғайды. өңі тайып сұры қашып денең мұздап тоңады. Айтыңдаршы бөбектерім Бұл қай кезде болады? Балалар - Күзде Күз ханшайымы: - дұрыс айтасыңдар. Ал мен «Күз ханшайымы» боламын.Сендермен көргеніме өте қуаныштымын.Мен сендерге бос келген жоқпын, би ойын алып келдім.
1.Ендеше бәріміз ойын ойнайық. Жердегі жапырақтарды жинау үшін «кім жылдам» ойынын ойнаймыз.
Кәне жапырақтарым, маған қарай ұшыңдар.
2.Би: «Жапырақтар биі» қыздардың орындауында 3.Күзде балалар не істейді?
Тақпақтар: 1 бала: Ел егінді жинайды, Қырманға дән сыймайды Біздің дала – бай дала Алтын астық айнала. 2 бала: Құстар қайтты ән салып, Бұлт торлады аспанды. Қыс келеді жар салып, Күзгі суық басталды. 3 бала: Алтын, сары, қызыл, көк Алуан, алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады жапырлап. 4 бала: Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді.
Ән: «Күз» Жерде жаңбыр жалтырайды, Жапырақтар қалтырайды. Көкте ай, күн балқымайды, Көлде аққу қалқымайды.
Жел тұрудан жалықпайды Күн жылытып жарытпайды. Жапырақтар жерге қарай Қалықтайды, қалықтайды. Жүргізуші: Осымен мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!