kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күз жомарт" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күз мезгілінде өтетін ертеңгілік. бұл ертеңгілікте күз мезгілінің ерекшеліктерімен, жеміс -жидектер, көкөністер, егін туралы айтылады. балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланады. 

Әсем әуенмен  балалар залға кіреді және жартылай шеңбер жасап тұрады.

 Жүргізуші:      Терістіктен желдетіп,

                        Жаңбырлатып, селдетіп,

                        Шаттандырып біздерді,

                        Шат-шадыман күз келді.

Армысыздар, құрметті қонақтар, мерекемізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

Армысыздар, құрметті қонақтар, бүгінгі «Күз жомарт» мерекесіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі, күз құтты болсын!

Жапырақтар сап сары боп

Түсіп жатыр жан - жаққа

Жеміс жидек, көкөністер  пісіп жатыр  бау - бақта.

Осының бәрі балалар,

Күз сиқыры болмақ па?

Балалар, қазір жалдың қай мезгілі?

Балалар: Күз

Жүргізуші:  Далада қандай өзгерістерді байқадыңдар?

Балалар: Жапырақтар сарғайып түсіп жатыр.

Жүргізуші: Дала сары алтынға оранып, жарқырап жатыр. Демек Күз сиқыршы болған ғой, жан- жақтың бәрін алтынға айналдырған.  Сол үшін  біз  «Күз сиқыршы» деп атаймыз. 

 -Балалар, міне күзгі орманға да келіп қалдық. Күзгі орман сендерге ұнады ма? Мынау менің қолымдағы кітапты көрдіңдер ме, осы кітапқа біз күзгі орман туралы ертегі жазамыз. Ертегі жақсы болып шығу үшін бәріміз ертеңгілігімізге белсене, көңілді қатысуымыз керекпіз. Бәріміз күзге арналған әнімізді айтайық.

 Хор: «Күз жомарт» Д.Ботбаев

 (балалар өлең жолдарын  оқиды)

Асылай:

Шатыр тікті сары алтын.

Шартараптың бәрі алтын,

Алып келді мереке,

Астық жеміс береке.

Ақпейіл:

Батырлыққа жараса,

Көбейді той тамаша.

Ән салды өзен, тал-құрақ,

Шашу болды жапырақ.

Гүлдина:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

4-бала:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

 Көз тартады атырап.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

5-бала:

Сапырды дән алтын күз,

Сабантойы салтымыз.

Күздің салқын самалы,

Аймалайды маңдайдан,

Алып қашып барады

Жапырақты сарғайған.

6-бала:

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін,

Біздің дала- бай дала

Алтын астық айнала.

7-бала:

 Қараңдаршы, балалар,

Күзгі жәрмеңке ашылды.

Ол суретші секілді,

Жер беті күз кілемін жамылды.

8-бала:

Бақшаларымыз алуан түрлі

Жеміс-жидектерге толды.

Күздің сыйы мол болды,

Жапырақтар сарғайды!

9-бала:

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.

10-бала:

Соңғы шуақ төгіліп,

Жарқырап тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

11-бала:

Көкөністі көп ектік

Өссін,піссін деп ектік

Көктемде еккен көкөніс

Күзде берді көк өніс

11-бала:

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз.

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз.

 (Шымылдықтың артынан шу естіледі.)

 Жүргізуші: Ой, мынау не? Балалар сендер шуды естідіңдер ме.. Т-с-с!

   (Шымылдықтың артынан тағы да шу естіледі.)

 (Музыканың сүйемелдеуімен арқасына күз жапырақтарын салып алған Кірпі  мен Қоян  шығады )

Қоян:

Мен Қоянмын, Қоянмын,

Шуды естіп ояндым.

Орманға біздің кім келді

Тұрмын соны  ойлап  -ай.

Оу-оу-оу. (есінейді)

Кірпі:

Мен кірпімін, кірпімін

Көрінбей тұр кірпігім.

Балаларға ұнайды

Жүретінім түртіліп. (Есінейді)

Қоян, жүрші, ұйықтайықшы.

 Жүргізуші:

Эй, жануарлар, тоқтаңдар!

Балаларға қараңдар!

Жануарлар:

Ой орманда кімдер жүр?

Балалар: Бұл біз –балалармыз. Сәлеметсіңдер ме, жануарлар! (Жануарларға қол бұлғайды)

Жануарлар: Сәлем, сәлем, балалар! Сендер біздің күзгі орманымызға не үшін келдіңдер?

Жүргізуші: Біз күз туралы ертегі шығарып, оны сиқырлы кітапқа жазып алуды ұйғардық. (Жануарларға кітапты көрсетеді)Сендер туралы да жазамыз: не көрдіңдер, не естідіңдер және  әдемі суреттер саламыз.

Жануарлар: Керемет! Яғни ол кітапта біз туралы да жазылады ғой? Алақай! Алақай!(Қол шапалақтап музыканың сүйемелдеуімен көңілді билейді)

Қоян: Ал сендер Күзді таба аласыңдар ма? Орман үлкен ғой!

Балалар: Табамыз!

Кірпі: Онда біздің сыйлығымызды Күзге жеткізесіңдер ме? Сыйлығымыз дайын емес, бізге көмектесесіңдер ме?

Балалар: Көмектесеміз.

 Ойын: «Кім жылдам?»

Ойын шарты: Жерде сәбіздер мен алмалар шашылып жатады. Балалар қоянның себетіне сәбіздер, кірпінің себетіне алмаларды жинайды. 

 Қоян : Міне, Күзге бір себет сәбіз.

Кірпі: Менде бір себет алма.

 (Жануарлар сыйлықтарын  Жүргізушіге тапсырады)

Жүргізуші:Рахмет, сыйлықтарыңа, орман жануарлары! Оны біз міндетті түрде Күзге береміз. Біздің балалар тек қазақ тілінде  ғана мес және орыс, ағылшын тілдерін де өлең жолдарын біледі.  Бұны біздің сендерге деген сыйлығымыз деп қабыл алыңдар.

 Жануарлар отырып жайғасады.

Балалар орысша, ағылшынша өлең жолдарын оқиды. 

12-бала:

Над землей туман клубится

Сквозь туман плывет рассвет

Осень рыжая лисица

Красит листья в рижый цвет.

13-бала:

Дует, дует, ветер

Дует, задувает.

Желтые листочки с дерева срывает.

И летят листочки,

Прямо нам под ножки.

Жануарлар: Жарайсыңдар, балалар, орманға баратын уақыт болды! Сау болыңдар, балақайлар!

Қоян: Кеттік, Кірпі, менікіне қонаққа.

Кірпі: Кеттік Қоян (Кетіп қалады.) 

Би: «Күз суретші»

Қатты музыка ойнайды. Балалардың жолын Жауын-шашын апай бөгейді.

Жауын-шашын апай: (түшкіреді, жөтеледі)Апчхи! Апчхи! Бұл кім? Орманға мұндай керемет қайдан келді?! Жылдам жауап беріңдер, әйтпесе бәріңді жаңбырдың астына қалдырып, желмен ұшырамын!

Балалар: Біз балабақшадан келген балалармыз.

Жауын-шашын апай: Менің орманыма неге келдіңдер? Апчхи! Апчхи! Міне тағы суық тигізіп алдым! Апчхи!

Жүргізуші: Ал сенің есімің кім, қымбаттым?

Жауын-шашын апай: Қандай күйге түскенімді қарашы. Сендер мені танымадыңдар ма?

Балалар: Жоқ, біз сізді танымаймыз.

Жауын-шашын апай : Жауын-шашын апаймын! Күзгі уақыт менің сүйікті мезгілім: дымқылдық, батпақ. Апчхи! Мен осының бәрін ұнатамын. Ал ән мен күлкіні жек көремін! Сондықтан мына жерден тезірек кетіңдер!

Жүргізуші: Жауын-шашын апай, неге сонша айқайлайсың? Қарашы, күзгі орманға қандай керемет балалар келді! Біз осы жыл  мезгілі туралы ертегі жазғымыз келеді. Сен туралы да міндетті түрде жазамыз. Рас қой, балалар? (Балалардың жауаптары).

Жауын-шашын апай: Ия?! Рас па? Жақсы! Онда бәрің менімен ойын ойнаңдаршы.

Ойын: «Картоп егу»

Жауын-шашын апай: Жарайсыңдар, балалар, менің көңілім бір сергіп қалды. Мен сендерге бөгет болмайын. Сендерге естелікке сиқырлы қолшатырымды сыйлаймын. Онымен сыйқыр жасап керек заттарыңда ала аласыңдар.

Балалар: Рахмет!

Жауын-шашын апай: Орындаарыңа тезірек отырыңдар, сиқырлаймын. Ару күзді осында шақырамын!

Сиқырлы баяу музыка ойнайды. ЖША музыканың сүйемелдеуімен «сиқырлайды».

Жаңғырсын баулар бір,

Жау,  жаңбыр, жау, жаңбыр!

Төгілсін таудан нұр,

Жау,  жаңбыр, жау, жаңбыр!

(Қолын бұлғайды да залдан шығып кетеді.

Әдемі әуенмен залға күзгі жапырақтар қоршаған, екі себетпен сыйларын алып,   Күз шығады. )

Күз:

Амансыңдар ма, балғындар!

Күзгі бақтағы қонақтар.

Өздеріңе әкелдім,

Күздің сыйын көз тартар.

 Балалар, Мен өзімнің ормандағы үйшігімде сендерді бақылап отырдым. Мен бәрін білемін және көрдім, мені сиқырлы Күз деп тектен текке атамаған болатын. Керемет мереке өтті. Міне, жаңа күзгі ертегі жазылады. Осы күннің естелігі ретінде сендерге осы керемет кітапты сыйға тартамын.

Балаларға қолындағы сыйлары: көкөністер мен дәнді дақылдар туралы айтып өтеді.

Балалар: Рахмет!

Жүргізуші:Ару Күз, жаңа жолдан Қоян мен Кірпіні кездестірдік. Олар сізге сыйлықтарын беріп кетті. (Сыйлықты береді)

Жүргізуші: Ару Күз, біздің балалар да сізге арнап өнерлерін сыйға тартпақ, тамашалап, кітабыңызға жазып алыңыз! Жайғасып отырыңыз.

Би: «Гүлдер мен көбелектер»

 Жүргізуші: Алтын күздің балалармен ойын ойнағысы келіп тұр екен.

 Ойын: «Картоп теру»

 Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар, жаңбыр тамшылап келе жатыр, мен қайтайын.

 Күз: Мен қайтайын, балалар,

Аман- есен болыңдар.

Еңбек етіп, ойнап, күліп,

Шырқап әнге салыңдар.

Балалар: Сау болыңыз, Алтын күз!

Жүргізуші: Алтын күз, келесі кездескенше қош  сау бол!

 Молшылық күз, жомарт күз

Береке  күз мерекеміз

-деп, «Күз жомарт» мерекесін  аяқтаймыз.. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп -көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күз жомарт" ертеңгілігі»

Әсем әуенмен балалар залға кіреді және жартылай шеңбер жасап тұрады.


Жүргізуші: Терістіктен желдетіп,

Жаңбырлатып, селдетіп,

Шаттандырып біздерді,

Шат-шадыман күз келді.

Армысыздар, құрметті қонақтар, мерекемізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

Армысыздар, құрметті қонақтар, бүгінгі «Күз жомарт» мерекесіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі, күз құтты болсын!


Жапырақтар сап сары боп

Түсіп жатыр жан - жаққа

Жеміс жидек, көкөністер пісіп жатыр бау - бақта.

Осының бәрі балалар,

Күз сиқыры болмақ па?

Балалар, қазір жалдың қай мезгілі?

Балалар: Күз

Жүргізуші: Далада қандай өзгерістерді байқадыңдар?

Балалар: Жапырақтар сарғайып түсіп жатыр.

Жүргізуші: Дала сары алтынға оранып, жарқырап жатыр. Демек Күз сиқыршы болған ғой, жан- жақтың бәрін алтынға айналдырған. Сол үшін біз «Күз сиқыршы» деп атаймыз.


-Балалар, міне күзгі орманға да келіп қалдық. Күзгі орман сендерге ұнады ма? Мынау менің қолымдағы кітапты көрдіңдер ме, осы кітапқа біз күзгі орман туралы ертегі жазамыз. Ертегі жақсы болып шығу үшін бәріміз ертеңгілігімізге белсене, көңілді қатысуымыз керекпіз. Бәріміз күзге арналған әнімізді айтайық.


Хор: «Күз жомарт» Д.Ботбаев


(балалар өлең жолдарын оқиды)

Асылай:

Шатыр тікті сары алтын.

Шартараптың бәрі алтын,

Алып келді мереке,

Астық жеміс береке.

Ақпейіл:

Батырлыққа жараса,

Көбейді той тамаша.

Ән салды өзен, тал-құрақ,

Шашу болды жапырақ.

Гүлдина:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

4-бала:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

5-бала:

Сапырды дән алтын күз,

Сабантойы салтымыз.

Күздің салқын самалы,

Аймалайды маңдайдан,

Алып қашып барады

Жапырақты сарғайған.

6-бала:

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін,

Біздің дала- бай дала

Алтын астық айнала.

7-бала:

Қараңдаршы, балалар,

Күзгі жәрмеңке ашылды.

Ол суретші секілді,

Жер беті күз кілемін жамылды.

8-бала:

Бақшаларымыз алуан түрлі

Жеміс-жидектерге толды.

Күздің сыйы мол болды,

Жапырақтар сарғайды!

9-бала:

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.

10-бала:

Соңғы шуақ төгіліп,

Жарқырап тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

11-бала:

Көкөністі көп ектік

Өссін,піссін деп ектік

Көктемде еккен көкөніс

Күзде берді көк өніс

11-бала:

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз.

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз.


(Шымылдықтың артынан шу естіледі.)


Жүргізуші: Ой, мынау не? Балалар сендер шуды естідіңдер ме..... Т-с-с!

(Шымылдықтың артынан тағы да шу естіледі.)


(Музыканың сүйемелдеуімен арқасына күз жапырақтарын салып алған Кірпі мен Қоян шығады )

Қоян:

Мен Қоянмын, Қоянмын,

Шуды естіп ояндым.

Орманға біздің кім келді

Тұрмын соны ойлап -ай.

Оу-оу-оу.... (есінейді)

Кірпі:

Мен кірпімін, кірпімін

Көрінбей тұр кірпігім.

Балаларға ұнайды

Жүретінім түртіліп. (Есінейді)

Қоян, жүрші, ұйықтайықшы.


Жүргізуші:

Эй, жануарлар, тоқтаңдар!

Балаларға қараңдар!

Жануарлар:

Ой орманда кімдер жүр?

Балалар: Бұл біз –балалармыз. Сәлеметсіңдер ме, жануарлар! (Жануарларға қол бұлғайды)

Жануарлар: Сәлем, сәлем, балалар! Сендер біздің күзгі орманымызға не үшін келдіңдер?

Жүргізуші: Біз күз туралы ертегі шығарып, оны сиқырлы кітапқа жазып алуды ұйғардық. (Жануарларға кітапты көрсетеді)Сендер туралы да жазамыз: не көрдіңдер, не естідіңдер және әдемі суреттер саламыз.

Жануарлар: Керемет! Яғни ол кітапта біз туралы да жазылады ғой? Алақай! Алақай!(Қол шапалақтап музыканың сүйемелдеуімен көңілді билейді)

Қоян: Ал сендер Күзді таба аласыңдар ма? Орман үлкен ғой!

Балалар: Табамыз!

Кірпі: Онда біздің сыйлығымызды Күзге жеткізесіңдер ме? Сыйлығымыз дайын емес, бізге көмектесесіңдер ме?

Балалар: Көмектесеміз.


Ойын: «Кім жылдам?»

Ойын шарты: Жерде сәбіздер мен алмалар шашылып жатады. Балалар қоянның себетіне сәбіздер, кірпінің себетіне алмаларды жинайды.


Қоян : Міне, Күзге бір себет сәбіз.

Кірпі: Менде бір себет алма.

(Жануарлар сыйлықтарын Жүргізушіге тапсырады)

Жүргізуші:Рахмет, сыйлықтарыңа, орман жануарлары! Оны біз міндетті түрде Күзге береміз. Біздің балалар тек қазақ тілінде ғана мес және орыс, ағылшын тілдерін де өлең жолдарын біледі. Бұны біздің сендерге деген сыйлығымыз деп қабыл алыңдар.


Жануарлар отырып жайғасады.

Балалар орысша, ағылшынша өлең жолдарын оқиды.


12-бала:

Над землей туман клубится

Сквозь туман плывет рассвет

Осень рыжая лисица

Красит листья в рижый цвет.

13-бала:

Дует, дует, ветер

Дует, задувает.

Желтые листочки с дерева срывает.

И летят листочки,

Прямо нам под ножки.


Жануарлар: Жарайсыңдар, балалар, орманға баратын уақыт болды! Сау болыңдар, балақайлар!

Қоян: Кеттік, Кірпі, менікіне қонаққа.

Кірпі: Кеттік Қоян (Кетіп қалады.)


Би: «Күз суретші»


Қатты музыка ойнайды. Балалардың жолын Жауын-шашын апай бөгейді.

Жауын-шашын апай: (түшкіреді, жөтеледі)Апчхи! Апчхи! Бұл кім? Орманға мұндай керемет қайдан келді?! Жылдам жауап беріңдер, әйтпесе бәріңді жаңбырдың астына қалдырып, желмен ұшырамын!

Балалар: Біз балабақшадан келген балалармыз.

Жауын-шашын апай: Менің орманыма неге келдіңдер? Апчхи! Апчхи! Міне тағы суық тигізіп алдым! Апчхи!

Жүргізуші: Ал сенің есімің кім, қымбаттым?

Жауын-шашын апай: Қандай күйге түскенімді қарашы. Сендер мені танымадыңдар ма?

Балалар: Жоқ, біз сізді танымаймыз.

Жауын-шашын апай : Жауын-шашын апаймын! Күзгі уақыт менің сүйікті мезгілім: дымқылдық, батпақ. Апчхи! Мен осының бәрін ұнатамын. Ал ән мен күлкіні жек көремін! Сондықтан мына жерден тезірек кетіңдер!

Жүргізуші: Жауын-шашын апай, неге сонша айқайлайсың? Қарашы, күзгі орманға қандай керемет балалар келді! Біз осы жыл мезгілі туралы ертегі жазғымыз келеді. Сен туралы да міндетті түрде жазамыз. Рас қой, балалар? (Балалардың жауаптары).

Жауын-шашын апай: Ия?! Рас па? Жақсы! Онда бәрің менімен ойын ойнаңдаршы.

Ойын: «Картоп егу»

Жауын-шашын апай: Жарайсыңдар, балалар, менің көңілім бір сергіп қалды. Мен сендерге бөгет болмайын. Сендерге естелікке сиқырлы қолшатырымды сыйлаймын. Онымен сыйқыр жасап керек заттарыңда ала аласыңдар.

Балалар: Рахмет!

Жауын-шашын апай: Орындаарыңа тезірек отырыңдар, сиқырлаймын. Ару күзді осында шақырамын!

Сиқырлы баяу музыка ойнайды. ЖША музыканың сүйемелдеуімен «сиқырлайды».

Жаңғырсын баулар бір,

Жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!

Төгілсін таудан нұр,

Жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!

(Қолын бұлғайды да залдан шығып кетеді.

Әдемі әуенмен залға күзгі жапырақтар қоршаған, екі себетпен сыйларын алып, Күз шығады. )

Күз:

Амансыңдар ма, балғындар!

Күзгі бақтағы қонақтар.

Өздеріңе әкелдім,

Күздің сыйын көз тартар.

Балалар, Мен өзімнің ормандағы үйшігімде сендерді бақылап отырдым. Мен бәрін білемін және көрдім, мені сиқырлы Күз деп тектен текке атамаған болатын. Керемет мереке өтті. Міне, жаңа күзгі ертегі жазылады. Осы күннің естелігі ретінде сендерге осы керемет кітапты сыйға тартамын.

Балаларға қолындағы сыйлары: көкөністер мен дәнді дақылдар туралы айтып өтеді.

Балалар: Рахмет!!!

Жүргізуші:Ару Күз, жаңа жолдан Қоян мен Кірпіні кездестірдік. Олар сізге сыйлықтарын беріп кетті. (Сыйлықты береді)

Жүргізуші: Ару Күз, біздің балалар да сізге арнап өнерлерін сыйға тартпақ, тамашалап, кітабыңызға жазып алыңыз! Жайғасып отырыңыз.


Би: «Гүлдер мен көбелектер»

Жүргізуші: Балалардың дайындап келген көрінісін қабыл алыңыз!


Жүргізуші: Балалардың күз туралы өлең жолдарын қабыл алыңыз.


(Балалар өлең жолдарын оқиды)

14-бала:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.



15-бала:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көк егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін


16-бала:

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал, терек

Жапырағын жұлғызып.


17-бала:

Күздің қазан айында

Алма-алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді.


18-бала:

Қуандырып біздерді

Мерекелік күз келді

Кел, жемісті Алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.


19-бала:

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей


20-бала:

Дала сары киінді

Самал соқты салқындау

Қырмандарға үйілді

Алтын астық-алтын тау.


Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.


Жүргізуші: Алтын күздің балалармен ойын ойнағысы келіп тұр екен.


Ойын: «Картоп теру»


Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар, жаңбыр тамшылап келе жатыр, мен қайтайын.

Күз: Мен қайтайын, балалар,

Аман- есен болыңдар.

Еңбек етіп, ойнап, күліп,

Шырқап әнге салыңдар.


Балалар: Сау болыңыз, Алтын күз!

Жүргізуші: Алтын күз, келесі кездескенше қош сау бол!


Молшылық күз, жомарт күз

Береке күз мерекеміз

-деп,

«Күз жомарт» мерекесін аяқтаймыз. . Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп -көп рахмет!!!



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Күз жомарт" ертеңгілігі

Автор: Кунчаева Кулмайра Жагипаровна

Дата: 09.11.2016

Номер свидетельства: 356929

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "«Жомарт күз» ертеңгілік"
    ["seo_title"] => string(22) "zhomart_kuz_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "566838"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1607876147"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ертеңгілік "Жомарт күз""
    ["seo_title"] => string(22) "ertengilik_zhomart_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "599500"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1643897011"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Ертеңгілік " Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған""
    ["seo_title"] => string(65) "iertien_ghilik_altyn_kuz_siem_ainalam_ielinie_bieriekie_syilag_an"
    ["file_id"] => string(6) "360965"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479715526"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Берекелі, мерекелі - Алтын күз!" (ертеңгілік)"
    ["seo_title"] => string(38) "berekeli_merekeli_altyn_kuz_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "592291"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1637598912"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "?лгілі саба? жоспары "Атымтай Жомарт""
    ["seo_title"] => string(34) "ulghilisabakzhosparyatymtaizhomart"
    ["file_id"] => string(6) "325035"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462810382"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства