Зал іші күз мерекесіне сай көркемделген. «Күз» әуені ойналғанда сайысқа қатыспайтын балалар залдың ішін айналып жарты шеңбер жасап тұрады.
1-жүргізуші:
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті ата-аналар, әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді. Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз, жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, бізде әрқашан көңілдіміз. Сондай көңілді шағымызда бүгін «Гүлдер» және «Шаттық» топтарының арасынан «Күз ханшайымын» таңдап алмақпыз. Олай болса, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, қазылр алқасымен таныс болыңыздар.
Балабақша меңгерушісі: Алмажай Тажиданқызы
Балабақша әдіскері: Ж. Юлайевна.
Ата-ана
1-жүргізуші:
Кірпігі ине болып қадалды да,
Ұшқындап көрермендер жанарында.
Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә, адам бар ма? – дей отырып сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз.
3. «Шебер қолдар» (ата-аналарымен бірлесіп жасаған қол өнер жұмыстары)
4. «Өнерлі өрге жүзер» (өз бойындағы өнерлерін көрсету)
2-жүргізуші:
Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан ортамызға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға – дей отырып сайысымыздың І кезеңін бастаймыз.
1-жүргізуші:
Осындай сары алтындай күз көрінісіне арнап өлең жазбаған ақын жоқ шығар, сондай-ақ, күзгі көріністі, жапырақтарды және алтын астық туралы тақпақтарымен ортаға
Дастан:
Алтын сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
Жансұлтан:
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін.
Біздің дала – бай дала,
Алтын астық айнала.
Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала – бай дала,
Алтын астық айнала.
Мағжан:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
2-жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен.
Әсем біздің арулар сән үлгісін,
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен.
Олай болса, кішкене ғана аруларымыздың өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
Жапқандай жапырағымен іздерді,
Қуантып байлығымен ізгі елді.
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді, - демекші сайыскерлеріміз ІІІ кезеңге дайын болғанша балалардың «алтын күзге» деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Әсел:
Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық, береке,
Жомарт күз – мереке.
Әлішер:
Жаса, жаса, Жомарт күз!
Бар сый сізге, Жомарт күз!
Қожа:
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Жомарт күзді тойлаймыз.
Дастан:
Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Біз мектепке баратын,
Алақай-ау күн жақын.
2-жүргізуші:
Сайысымыздың ІІІ кезеңі «Шебер қолдар» деп аталады. Бұл кезеңде аруларымыз аналарымен бірге жасаған жұмыстарын таныстырып өтеді.
1-жүргізуші:
Темірлан:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Ерасыл:
Алақай, алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті, дән пісті,
Айтамыз алғысты.
Мансур:
Алтын сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
2-жүргізуші:
Бар қазақтың көкрегіне кіремін,
Бар қазақтың жырлап өтем тілегін.
Өнеріммен асқақтатам аспанды,
Мен солардың жүрегінде жүремін.
Сайысымыздың соңғы кезеңі «өз өнерімен» аруларымызды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшаға лайықты, ақылды да, парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге де келіп жеттік. Әділ қазыларымыз сараптап болғанша ортаға қыз, жігіттерімізді вальс биімен қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Хор: «Алтын дала»
1-жүргізуші:
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шындалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен-күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар – дей отырып, «Күз ханшайымы» байқауының нағыз ханшасын жариялау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз.
2-жүргізуші:
Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.