Мақсаты:балалардың жазғы демалыс уақытын көңілді өткізу,балалақша мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
(алаңқай меркеге сай безендірілген)
Қалпақ ханшайымы:Сәлем менің достарым!сендерді көргеніме өте қуаныштымын!Ой қандай әдемі көздің жауын алатын қалпақтар.Менің патшалығымда да осындай қалпақтар жоқ.Кәнекей менің достарым әдемі қалпақтарымызды көрсетіп айналып өтейік. (балалар шеңбер бойымен жүріп айалып өтеді)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Қалпақтар шеруі"»
«Қалпақтар шеруі»
Мақсаты:балалардың жазғы демалыс уақытын көңілді өткізу,балалақша мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
(алаңқай меркеге сай безендірілген)
Қалпақ ханшайымы:Сәлем менің достарым!сендерді көргеніме өте қуаныштымын!Ой қандай әдемі көздің жауын алатын қалпақтар.Менің патшалығымда да осындай қалпақтар жоқ.Кәнекей менің достарым әдемі қалпақтарымызды көрсетіп айналып өтейік. (балалар шеңбер бойымен жүріп айалып өтеді)
Қалпақ ханшайымы:Балалар кәнекей қалпақтарымызбен ойын ойнайықшы!
Ойын: «Қалпақты түсіріп алма»
Ойын шарты:2 топтан 5 баладан шығады.Әр топқа таяқшаға іліп қалпақты береді.Балалар кеглиді айналып өтіп қалпақты түсіріп алмауы керек.Қай топ түсіріп алса сол айыбын өтейді.
Қалпақ ханшайымы:балалар біз балабақшамызды жақсы көреміз бе?
(Балалардың жауабы)
Ендеше бақшамызға арнап «Балабақша» әнін шырқайық
Ән: «Балабақша» сөзі мен әні:Б.Бейсенова
Музыка әуенімен сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: сәлем,сәлем менің достарым!Көңіл-күйлерің қалай?Менің көңіл-күйім онша емес,мен қалпағымды жоғалтып алдым.
Қалпақ ханшайымы:Сенің қалпағың бізде,бірақ-та біз саған оны жайдан-жай бермейміз.Сен біздің балалардың көңіл-күйін көтер!содан-соң береміз.
Сайқымазақ:ендеше менің кішкене достарым би билейік!
Би: «Қалпақтар биі»
Қалпақ ханшайымы:Балалар енді сендермен ойын ойнайық.
Ойын: «Қалпақпен жемістерді апар»
Ойын шарты:Балалар 3 топқа бөлінеді.Әр топта 5 баладан шығады.Әр топтың ойыншылары қалпақтарына жемісті салып,алдарында тұрған себетке жемісті құлатып алмай апаруы керек.Қай топ көп жеміс жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
Сайқымазақ:балақайлар менің қалпағыммен ойын ойнағыларың келе ме?
Ендеше менің қалпағымен ойын ойнайық.
Ойын: «Сайқымазақтың қалпағы»
Ойын шарты: топтан баладан шығады.Бір бала сайқымазақтың қалпағын киіп алып кеглиді айналып өтуі керек.Содан соң сайқымазатың қалпағын келесі балаға бері тиіс.Осылайша ойын жалғасады.
Қалпақ ханшайымы:! Ал менің кішкентай достарым!Менің қалпақтар еліне қайтатын уақытым болды.Сау болыңдар! Сендермен өте көңілді уақыт өткіздім.Келесі қалпақтар мерекесінде кездескеше!
Сайқымазақ:балалар менің қалпағымды тауып бергендерің үшін көптен-көп рахмет!сендермен уақытты өте қызықты өткідім.Келесі мерекеде кедескенше!Сау болыңдар!
1 маусым балаларды қорғау күніне сценарий
«Балалар Микки маус клубында»
Мақсаты:балалрдың мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру.Мерекелік көңіл-күйлерін қалыптастыру.
Алаңқай мерекеге сай безендірілген.
Музыка әуенімен ортаға Микки маус шығады.
Микки маус:Сәлем достар!Мені таныдыңдар ма?
Балалардың жауабы
Микки маус:менің клубыма барғыларың келеме?!
Клубымыз пайда болуы үшін сыйқырлы сөзді айтуымыз керек