Бұланты мен Аңырақай шайқастарында жеңіске қол жеткізу; Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіру.
ә).Патриоттық,адамгершілік тәрбиесін беру.
б).Қосымша материалдармен және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту,тарихи оқиғаларды бағалай білуге,оқулық мәтінін,картадағы мәліметтерді талқылауға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыппен таныстыру және кіріктірілген сабақ.
И.И.Крафт «Далалық аймақтардағы кырғыздар(қазақтар) туралы заңдар» жинағынан үзінді.
Үй тапсырмасын мұғалімнің қорытындылып,оқушылардың бағалануы.
3.Жаңа сабақ.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық куресі.
Мәтін бойынша жұмыс.
Негізгі мазмұны(жалпы шолу).
Мәліметтерді талдау.
Хронологиялық жұмыс.
Тақтаға жылдарды жазып оқушылардан сол жылдарда қандай оқиға болғанын сұрау.
1723 ж.
1724 ж.
1725 ж.
1726 ж.
1728 ж.
1730 ж.
Мәтінмен жұмыс.
-Біріккен күштердің алғашқы жеңістері.
-Қазақ халық жасаұтарымен ірі қолбасшыларының шығуы.
-Әбілқайыр-бас сардарбек.
-Болат ханың кайтыс болуы,алауыздықтан қайтадан басталуы.
Проблемалар:
-Ру тайпалық араздық,феодалдық жанжалдар,үш жүздегі саяси тұрақсыздық.
-Жонғар әскерінің саны мен қарулану жағынын басымдығы.
Сабақ барысында үш биге сөз беру.
Сахналық көрініс.
Қаз дауысты Қазыбек бабамыз:
-Біз қазақ деген – мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп,найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.Достығымызды сақтай білген елміз,асқақтаған хан болса,ордасын таптай білген елміз.Атадан ұл туса,құл боламын деп тумайды,анадан қыз туса,күң боламын деп тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.Сен қалмақ болсаң,біз – қазақ,қарпысқалы келгенбіз,сен темір болсаң,біз – көмір,еріткелі келгенбіз.Қазақ қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз,танысуға көнбесең,шабысқалы келгенбіз.Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз.Берсең жөн деп бітімінді айт,не тұрысатын жеріңді айт!
Төле бидің Болат ханға айтқаны:
-Уау,Болат тақсыр! Тыным тапқан ел көрмей,шығын тапқан ел көріп,қабырғам қайысып барады.Бұлаң кердей бұлықсыған еліңнің бүгінгі шерін тындар құлақ бар ма? Шаңырағың күйреп,аңырауың жиілеп бара жатқан мына кунде еліңнін бірлігін шыңдар шырақ бар ма? Тақсыр,батқан күнге,туған айға бата ғып өткен халқың бауырын жаралап,жанын қаралап алдыңа тізіліп келіп отыр.Тынышын алған ойраттан намысын қайтарар күнді күтеді.Тынышын үзген жандан туысын,танысын қайтарар шықты күтеді.Зар тілегіміз – бірлік.Соған құлай ұысаң,бейіл болсаң жақыным,барым,бауырым деп құлшынған ықыласыңды түгел бер.Ортаға үлкен сыбаға түсіп отыр.Бөліп алып,таласып,жұлмалап әкетпе.Жұмыла кірісіп,кеңесіп шешіп,шын иесіне құс қылып қондыр.Ырғасып кіріспейік,жайғасып келісейік.Ол – бас сардарды тағайындау. Үш жүздің қолын басқарар бір білекті бетке ұстау,қауым боп қауқылдасып,іріленіп,шоқтық көтеру.Келелі тобыңа кеңесімді салдым,кірісіңдер де келісіңдер,ағайын!
Әйтеке бидің сөзі: Елдің бағын ашпаса,ер мұратқа жетер ме!
Ерінің сағын сындырса,ел мұратқа жетер ме? Ел тілдегі – ері,ер тілегі еді болса,білген қауымның басынан бағы кетер ме? Есті ерінді ез тұтсаң,өзінді – өзің қорлайсын,есеріңді ер тұтсаң,іргемізден жау кетпей,төріңізден дау кетпей,сойқаннан сойқан жолығып,сорларсың да зарларсың.Ел мұраты – көрешек,ер мұраты – келешек.Көрешегін күйттеген – түбі коймас сүрінбей,келешегін күйттеген – түбі қоймас сүйінбей.
Жетелі ер адаспас,бабадан калған сөз бар ғой.Жетелі ел адаспас,бағзыдан қалған із бар ғой.
Жаңа сөздерді дәптерге жазу.
Аманат;
Қарақалпақтар;
Сардарбек;
Зерттеу.
Құжаттармен жұмыс.
4.Бекіту.
- Қандай киноларды білесіңдер? («Жаушылар асығады», «Батыр Баян», «Көшпенділер»).
- Қандай шығырмаларды оқыдындар?
(Ә.Кекілбаев «Үркер», Х.Есенжанов «Жаушы», М.Мақатаев «Райымбек,Райымбек», «Қаракерей Қабанбай») т.б. кітаптар.
Үйден осы шығармаларды қосымша окуды тапсыру.
5.Анаграмма «Елім-ай».
6.Қорытындылау.
Батырлық,ерлік туралы мақал-мәтелдермен қорытындылау.
Мысалы, «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» т.б.
Оқушылардан сұрау.
Оқушыларды бағалау.
Жаңа сабақта танысқан ең маңызды сөздерді айтуды тапсыру.
Мысалы, «Ақтабан шұбырынды». «Аңырақай шайқасы». Қазақ батырлығының алтын ғасыры. Отан соғысы.