Просмотр содержимого документа
««Қара қағаз» -сахналық қойылым.»
Талапкер ауылы
«Әсем-Ай» экологиялық балабақшасы
Әдіскер: СулейменоваАйнагуль Усербаевна
«Жойылсың , жалғыз сөз - соғыс деген!»
Ересек , мектеп алды даярлық топтарына арналған сценарии
«Қара қағаз» -сахыналық қойылым.
Рөлдерде :
Ана – Мөлдір
Бала – Арсен
Ақсақал – Сания
Ферма меңгерушісі- Шәмші
Анасы ыңылдап ән айтып отыр, қолында тігіп отырған шекпені бар.
Бала : - Апа , не тігіп отврсыз?
Апа : - Е, балам, бұл соғыста жүрген ағаларына беретін киім – кешек. Аз да болса , қолымнан келген көмегімді бермекшімін.
Бала :
- Апа , ананы қараңыз, біздің үйге ферма меңгерушісі Сұлтан ағай мен Құрманбай ақсақал келе жатыр.
Анасы орнынан атып тұрып, бойын қорқыныш билеп тұрып қалады:
- О тоба, олар не сұмдықты бастап келеді?
Ақсақал үйге кіріп амандасады:
- Ия, Тұрсынхан қалың қалай? Соғысқа кеткен Жандос балаңнан хабар бар ма? Менің де баламнан хабар жоқ. Бұл соғыс ананы – баладан, баланы әкеден айырды – ау.
Ана :
Құрманбай ақсақал , сонымен , не айтқын келіп отыр?
Ақсақал :
- Бекем бол, Тұрсынхан , бекем бол!
Ферма меңгерушісі қоржынынан алып, үшбұрышты бір хат береді:
- Тұрсынхан апа , балаңыз соғыс алаңында ерлікпен қаза тапты.
Ана екі қолын жайып:
- Ойбай не дейді? Сорлы басым , сорладым – ау!
Аяулым:
Қанша үйдің қалды сөніп оттары ,
Қанша арманның жүректері тоқтады.
Қанша ана сенбей «Өлді»дегенге,
Көз жұмғанша сәбилерін жоқтады.
Тәрбиеші :
Бала , ана, қарттар белін шешпеді,
Ұмытылмайды қиын жылдар естегі.
От пен оқтың жарып шығып ортасын.
Мәңгі есте Жеңіс келіп жеткені.
Надир :
- Алақай , Жеңіс! Алақай, Жеңіс!
Бота :
Гүлге толы құшақтар, көзде жас, Жеңіс!
Қоштасу мен үміттер аралас, Жеңіс!
Арыстан :
Жылдар өтер оған ешкім қарамас,
Өйткені ол ел боп күткен
Ұлы Жеңіс,Жеңіс!
Тәрбиеші :
- «Жойылсын жалғыс сөз – соғыс деген! - атты Ұлы Отан Соғысында қаза болған ата - апаларымыздың құрметіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Аружан :Біз бақытты ұланбыз,
Соғысты білмей ержеттік.
Біз бақытты ұланбыз
Ашық аспан астында
Беқам өмір біз кештік.
Дамир:Бойға жиып рух пенен намысты,
Отан үшін отқа түсті қанша жан.
Қанша азап тартты, қанша алысты,
Тікті ақыры Жеңіс туын аңсаған.
Тәрбиеші:Есінде ме, туған дала?
«Сен» деп неше жан қиылды.
Тасқорған боп мың сан адам,
Қорғады әр үйінді.
Ұлы Отан соғысының құрбандарына, Ұлы Жеңіс үшін жандарын қиған батырларға тағзым етіп, 1- минут үнсіздік жариялаймыз.
- Ия , ешкім де, ешқашан да , еш нәрсе де ұмытылмақ емес!
Осы Жеңіс жолында құрбан болған батырларға арнап балаларды дайындаған жыр – шумақтарын тамашалаңыздар.
Ғ Қайырбековтың « Жеңістер» өлеңін оқиды.
Арсен: Жеңіс атты ағалар,
Бұл ауылда жиырма бар,
Тілін алып балалар,
Ағаларды сыйлаңдар
Олар сонау ерлердің,
Алып берген Жеңісі,
Біз солардың бөбегі,
Біз солардың жемісі.
« Сақшы аға» Өлеңін ортаға шығып жатқа айтады.
Рахымбек : Тәтті ұйқысын баланың,
Шат күлкісінің ананың, Тыныштығын қаланың,
Ырыс нуын даланың,
Батыр : Қызарып күн батса да
Ағарып таң атса да
Күзетіп жүр қас қақпай
Шекарашы сақшы аға.
Асима : Бүлдіршіндер асыр сап,
Ойнар бала бақшада. Гүлденсін деп жас ұрпақ,
Күзетіп жүр сақшы аға.
Ән : «Біз Отанды қорғаймыз»
Ортаға төрт бала шығып, С. Жиенбаевтың «Жиырма сегіз батыр» өлеңін оқиды.
Аңсар : Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ.
Ерасыл: Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
Жиырма сегіз қыранды
Жеңе алмады жау бірақ.
Арай: Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып,
Жау алдында тұрды олар,
Жиырма сегіз шың болып.
Амина :Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырын
Ұмытпайды ел мәңгілік.
Ән : «Кел, билейік!»
Тәрбиеші: М. Жаманбалиевтың « Батыр» жыр шумағын Дария қызымыз оқып береді :
Мәз -мейрам боп жатырмыз,
Думан бүгін қаламда.
Ашылады батырдың
Тас мүсіні алаңда.
Мүсін бізге қарайды,
Біз мүсінге қараймыз.
Жерлес Батыр ағайды
Мақтанышқа балаймыз.,
Бірнеше балалар ортаға шығып, Қ Жұмағалиевтің « Жеңіс күні» атты өлеңін оқиды:
Тәрбиеші :Қазақ елі- достықтың, бейбітшіліктің тірегі, Жеңісті қорғауда үнемі осы бағыттан айнымаймыз, аспанымыз ашық, күніміз шуақты, көңіліміз биік бола берсін! Соғыс болмасын, бейбітшілік болсын!