kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?.Жаркенов. "Жаман болады" саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:          Жаман болады. (?.Жаркенов)

                                                      (Сахналы? ?ойылым)

Саба?ты? ма?саты:              1)О?ушыларды? сахналы? ?ойылым

                                                   ?ой?ыза отырып,?аза? хал?ыны?

                                                   ырымдары туралы,оларды? ма?ыналары

                                                   туралы,ырым мен тыйым с?здерді?  

                                                   айырмашылы?ы туралы т?сінік беру.

                                                  2)О?ушыларды? ой-?рісін,тілін,ойын дамыту.

                                                  3)?аза?ты? ырымдарын,

                                                 біліп,ж?руге,жа?сы,адал,адамгершілігі мол т?л?а  

                                                  болып ?алыптасу?а баулу.                     Саба?ты? типі:                      Бекіту саба?ы.       

Саба?ты? ?дісі:                      Сахналы? к?рініс,т?сіндіру 

 Саба?ты? к?рнекілігі:        ?р о?ушы ?зіне лайы? киім киеді, ауыл ?мірін

                                                  бейнелейтін ата-?жені? ?йі,интерактивті та?та.

Саба?ты? барысы:

Кіріспе с?з. (?зартыл?ан к?н тобыны? м??алімі)

??рметті ?стаздар,о?ушылар!

Б?гінгі ?КТ-ны? о?ушыларыны? ?йымдастыруымен ?ткізгелі отыр?ан  сахналы? к?рініске хош келді?іздер!?КТ-да ?неге са?аты ?теді.Сол ?неге са?атында біздер к?птеген та?ырыптарды ?оз?ап ?лгердік.Сол та?ырыптарды? бірі ?аза?ты? ырымы туралы 10-желто?санда «Ырымнан тыйым»,17-?арашада  «?аза?ты? ырымы мол»та?ырыптары туралы о?ушылармен ой б?лістік.

Халы? даналы?ында ырым ж?не тыйым с?здерге к?п м?н беріледі.Ырым с?здержа?сылы??а бастаса,тыйым с?здер жаманды?тан са?тандырады.

Ырым с?здер

Тыйым с?здер

Жа?сыдан т?б?рік ал,шапа?аты тиеді.

Ата-ана?а ?арсы келме.

Жа?а айды к?ргенде «жа?а ай жарыл?а,ескі ай есірке» деп,бата жасап,ырымдайды.

Діні?ді,?лты?ды,ары?ды сатпа.

.Ал ,б?гінгі ?ткізгелі отыр?ан сахналы? к?рінісімізді? та?ырыбы осы ?аза?ты? ырым-тыйымдары туралы болма?.О?ан ары ?арай ?здері?із ку? боласыздар.

?ойылым аты: Жаман болады. (?.Жаркенов)

?атысушылар:Атасы-?сет

                            Апасы-Айс?лу

                           М??алім-Сапар

                           Айбол-А??діл

Найзабек-Н?рс?т

Дари?а-Самал

                                                    Жаман болады

                                                                                                      ?.Ж?ркенов

?атынасушылар:Атасы,апасы,м??алім,Айбол,Найзабек,Дари?а.

Авторды? с?зі:Айбол саба?тан келсе,атасы таспа сыдырып,апасы дастархан жасап ж?р екен.Ол шала-п?ла шешініп,дастарханны? шетіне ?исая кетті. Немересіне жымиып ?арап отыр?ан ?арт бір кезде ?атулана ?алды.

Атасы:Ана екі б?те?ке? екі жа?та неге теріс ??лап жатыр?Ая? киімні? теріс ?арап жат?аны жаман болады.

Айбол:Неге,ата?

Атасы:Негесі сол,барып о? ?аратып ?ой.

Апасы:Бас киімін де теріс киіп алыпты.

Атасы т?сін суытып: ?неріні? т?рін!

Айбол ойланып:Т?йірі,осы кісі мені? ж?ріс-т?рысымды а?диды білем.?йтеуір,оп-о?ай ?ана «жаман боладысын» айта ?ояды.

Автор:Ерте?іне мектепте де Айболды?  есінен «жаман боладылар» кетпей ?ойды.Сынып?а кірсе Найзабек досы шы??ырып, ойранды салып ж?р екен.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?.Жаркенов. "Жаман болады" саба?»

Сабақтың тақырыбы: Жаман болады. (Қ.Жаркенов)

(Сахналық қойылым)

Сабақтың мақсаты: 1)Оқушылардың сахналық қойылым

қойғыза отырып,қазақ халқының

ырымдары туралы,олардың мағыналары

туралы,ырым мен тыйым сөздердің

айырмашылығы туралы түсінік беру.

2)Оқушылардың ой-өрісін,тілін,ойын дамыту.

3)қазақтың ырымдарын,

біліп,жүруге,жақсы,адал,адамгершілігі мол тұлға

болып қалыптасуға баулу. Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: Сахналық көрініс ,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Әр оқушы өзіне лайық киім киеді, ауыл өмірін

бейнелейтін ата-әженің үйі,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз. (Ұзартылған күн тобының мұғалімі)

Құрметті ұстаздар,оқушылар!

Бүгінгі ҰКТ-ның оқушыларының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған сахналық көрініске хош келдіңіздер!ҰКТ-да өнеге сағаты өтеді.Сол өнеге сағатында біздер көптеген тақырыптарды қозғап үлгердік.Сол тақырыптардың бірі қазақтың ырымы туралы 10-желтоқсанда «Ырымнан тыйым»,17-қарашада «Қазақтың ырымы мол»тақырыптары туралы оқушылармен ой бөлістік.

Халық даналығында ырым және тыйым сөздерге көп мән беріледі.Ырым сөздержақсылыққа бастаса,тыйым сөздер жамандықтан сақтандырады.

Ырым сөздер

Тыйым сөздер

Жақсыдан тәбәрік ал,шапағаты тиеді.

Ата-анаңа қарсы келме.

Жаңа айды көргенде «жаңа ай жарылқа,ескі ай есірке» деп,бата жасап,ырымдайды.

Дініңді,ұлтыңды,арыңды сатпа.



.Ал ,бүгінгі өткізгелі отырған сахналық көрінісіміздің тақырыбы осы қазақтың ырым-тыйымдары туралы болмақ.Оған ары қарай өздеріңіз куә боласыздар.

Қойылым аты: Жаман болады. (Қ.Жаркенов)

Қатысушылар:Атасы-Әсет

Апасы-Айсұлу

Мұғалім-Сапар

Айбол-Ақәділ

Найзабек-Нұрсәт

Дариға-Самал

Жаман болады

Қ.Жәркенов

Қатынасушылар:Атасы,апасы,мұғалім,Айбол,Найзабек,Дариға.

Автордың сөзі:Айбол сабақтан келсе,атасы таспа сыдырып,апасы дастархан жасап жүр екен.Ол шала-пұла шешініп,дастарханның шетіне қисая кетті. Немересіне жымиып қарап отырған қарт бір кезде қатулана қалды.

Атасы:Ана екі бәтеңкең екі жақта неге теріс құлап жатыр?Аяқ киімнің теріс қарап жатқаны жаман болады.

Айбол:Неге,ата?

Атасы:Негесі сол,барып оң қаратып қой.

Апасы:Бас киімін де теріс киіп алыпты.

Атасы түсін суытып: Өнерінің түрін!

Айбол ойланып:Тәйірі,осы кісі менің жүріс-тұрысымды аңдиды білем.Әйтеуір,оп-оңай ғана «жаман боладысын» айта қояды.

Автор:Ертеңіне мектепте де Айболдың есінен «жаман боладылар» кетпей қойды.Сыныпқа кірсе Найзабек досы шыңғырып, ойранды салып жүр екен.

Айбол:Тоқта!Сен,шыңғырма жаман болады!

Найзабек сасқалақтап:Неге, не болады?

Айбол:Негесі сол,шыңғыру ұл балаға жат қылық.

Найзабек күліп:Біздің ауылдағы шалдардың ішінде «жаман боладыны» ең көп айтатыны-осының атасы. Мынаған да қоныпты. «Атаға қарап бала өседі»деген осы.

Автор:Балалар өстіп дауласып тұрғанда сыныпқа мұғалім кірді.Негізі көбінің жауабын өзі білсе де,Айболдың ойында мұғалімнен бір сұрап алу бартын.Бүгін соның реті келді.

Айбол:Ағай,сұрағым бар еді.

Мұғалім:Құлағым сенде.Айта бер.

Айбол:Осы мен бірдеңе істей қалсам болды атам: «Олай істеме,жаман болады»дей қояды.Соларында не мән бар екенін түсіне алмай жүрмін.

Мұғалім:Мысалы?...

Айбол: Мысалы, «көшеде ысқырма,күнмен таласып кітап оқыма,біреуге қиянат жасама»және тағы басқа толып жатыр.

Найзабек:Ағай,мен де айтайыншы?..

Мұғалім:Жарайды онда. «Неге жаман болады?» дейсіңдерғой.Иә,үлкендер «Жаман боладының»түрлерін көп айтады.Негізі бұл әріден келе жатқан,көбіне жаман әдеттен сақтандыру мақсатында айтылған сөз.Мысалы,Айбол,сен ысқыру жайында сұрадың. «Жел соғады»дедің.Шынында да ысқыру арқылы жел соқтыра алмайсың.Желдің пайдалы жағы жа жоқ емес,ал зиянды жағы көбірек шығар.Қыста ызғырық суық тіпті түтек боран болады.Бір кездегі бүкіл тірлігі малға байланысты халық үшін жел қай бір жақсылық әкеле қояр дейсің.Оның үстіне қысы-жазы киіз үйді мекендейтін жұрттың қатты соққан желден зәре-құты қашады екен.Ал шынында көшеде,үйдің ішінде ысқыру әдепсіздік,жүгенсіздік.Халық мұндайда көргенсіздік деп реніш білдіреді, жек көреді.Ал біреуге қиянат жасама деп біздің ата-бабаларымыз адамгершілікті уағыздаған.Тағы қандай сөз еді?

Айбол: «Құдайдың күнімен таласып іс істеме»деген не сонда?



Мұғалім:Онда бір жақсы негіз бар.Көрмескі жарықта сығалап,кітап оқудың көзге зиянды екені бәріңе де айқын. Сондықтан жаман болады демей не десін.

Найзабек:Ағай! «ауылға қарай шаппа ,үйге қарай жүгірме»деп неге айтады:

Мұғалім: Мұның да арғы уақытқа байланысты елеулі негізі болған.Қазірде кейде айтылады.Ертеде жаукершілік заманда суық хабарды ауылға абыржыған күйде шауып келіп хабарлайды екен.Адам қазасында солай естірткен екен.Ауылға қарай шапқан адамға жұрт тіксіне жаман хабар күте қарайтын бопты.Дегенмен,қай уақытта болмасын бұл далбақтау-ең кемінде парықсыздықтың,мәдениетсіздіктің белгісі.

Дариға:Менің татем «Үлкендердің алдын кесіп өтпе жаман болады дейді».

Мұғалім: «Ал үлкендердің алдын кесіп өтпе»дегенінде үлкенді сыйлау деген мән бар,инабаттылық бар.Бұл-халқымыздың табиғатына тән,ертеден қалыптасқан әдептілігінің қасиетті көрінісі,даналықтың бір ұшқыны.

Автор:Мұғалім әңгімесін аяқтады.Балалар ата –бабалары айтып кеткен,аталы сөздің әрқасысының өз орны,өз мағынасымен өнегелі мәні бар екенін ұғынды.

Атаның берген ақылы К.Салықов

(Бес оқушы өлең оқиды).

Данияр:

Әркімнің жастай құмар бар нақылы, Мәтелі,әзіл-қалжың,қақпақылы. Ескермей,естен кетпей дәріс болып, Атамның маған берген қалды ақылы:

Айсұлу:

Алтынды тағу оңай,қазу қиын. Жараны салу оңай,жазу қиын. Қолыңа билік тисе көңіл жықпа, Кердеңдеп мықты екен деп қазір күйім.

Сапар:

Сеп тигіз қиналғанға шама жетпей, Көппен бол әкімсініп дара кетпей. Біреуге жәрдем етсең көзге түртпе, Жөнге сал сүрінгенді мазақ етпей,

Самал:

Кең жүрек әдептіден жан аспайды, Ақ ниет,кемел көңіл адаспайды. Мақтаншақ,өтірікші,ынсапсыздан, Жат түгіл,жақыны да алыстайды.

Нұрсәт:

Жалқаудың жиналмайды төсегі көп, Жаманның таусылмайтын өсегі көп. Жылмағай,жылпостарға жолай көрме, Олардан кісі өтпейді кеселі көп.

(Барлығы қосылып иіледі.)



Осымен Ұзартылған күн тобы тәрбиенушілерінің шағын сахналық қойылымы аяқталып та қалды.Сөз кезегі мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу жұмысы жөніндегі орынбасары:Мұқанова Шолпан апайға беріледі. Сахналық қойылымға белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттайды.































Қойылым кезіндегі сәттер


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?.Жаркенов. "Жаман болады" саба?

Автор: Сержанова Г?лмира

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 314031

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?.Жаркенов.  "Жаман болады" саба?"
    ["seo_title"] => string(34) "k-zharkienov-zhaman-bolady-sabak-1"
    ["file_id"] => string(6) "314032"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459597457"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства