kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ханды?ына - 550 жыл. Ильяс Есенберлинні? "?а?ар" романынан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  ?аза?  ханды?ына - 550 жыл 

   Ілияс  Есенберлинні? ту?анына 170 жыл толуына орай  биік т?л?асына то?талып, образын ашу.

Міндеттері:  Білімділік – о?ушыларды? ?з тарихын білуі, жазушыны? шы?армалары  туралы тере? ма??лмат беру.

Типі: жа?а саба?:

  ?дісі:  М?тінмен  ж?мыс, сахналы? ?ойылым

К?рнекілік: Ілияс  Есенберлин портреті, шы?армалар жина?ы, б?ктемелер, тірек с?здер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ханды?ына - 550 жыл. Ильяс Есенберлинні? "?а?ар" романынан »

Тақырыбы: Қазақ хандығына - 550 жыл

Ілияс Есенберлиннің туғанына 170 жыл толуына орай биік тұлғасына тоқталып, образын ашу.


Міндеттері: Білімділік – оқушылардың өз тарихын білуі, жазушының шығармалары туралы терең мағұлмат беру.

Типі: жаңа сабақ:

Әдісі: Мәтінмен жұмыс, сахналық қойылым

Көрнекілік: Ілияс Есенберлин портреті, шығармалар жинағы, бүктемелер, тірек сөздер

Сабақ барысы:

Жүргізуші:

Қазақ жерінде не көп мал көп. Ал мына біріреулерді мал деуге де, құлпы тас деуге де, серете деуге де келеді. Қазақ көбінде мұндайды оба дейді. Осындай бір төбе басындағы тас обаның жанында үш адам отыр. Бірі- Кенесары қасындағылары Таймас пен Әбілғазы. Бір күні Кенесары Таймас пен Әбілғазы үшеуі обалардың қасына келеді

Алихан: - Мен кеше бір түс көрдім. Түс емес –ау, өзімнің ажалымды көрдім соның жоруын сұрайын деп едім –деді.

Абзал: - Түс түлкінің боғы деген, хан ием, оны жорытып не қыласыз, – дейді. Кенесарының « ажалымды көрдім» дегеннен шошып.

Алихан: - Жоқ, түсім демеңдер, өңім деңдер

Абзал: - Жақсы, айтыңыз

Алихан: - Біз, қалың қазақ, осы арадан босып Балқашқа барып, қамал аралында қыс өткізіп, одан Меркені алған екенбіз. Қырғыздың манаптары Сарбағым Орман мен Жантайға: «Ағайынды екі жұрт бірігіп, Қоқан ханыны жойып, жеке ел болайық деп хат жазыппын. Содан Орман маған сен маған бағын, сөйтсең бірігуім мүмкін, әйтпесе ұстап берем» деді.

Абзал:Түсіңізге тағы соғыс кірсе қиын екен...

Алихан:- Соғыс әлі басталған жоқ, бірақ менің екі көзім Кекілтау жағында. Күндіз көзіме түсері тау басына жыра сайы, қайнауы мен шаңын бұрқыратып ағылып келіп жатқан қалың қол. Түнде бүкіл Кекітаудың бойын қаптай жанған оттар ... Мен шошынып, Әбілқазы сенен: « Қырғыз көп пе, әлде аспандағы жұлдыз көп пе?» -деп сұраймын

Әбіш: - Кенесары аға, бұныңызға мен жауапты қазір берейін. Сіз манаптардым өзін көрдіңіз бе, әлде тек шаң мен отты көрдіңіз бе?

Алихан: - Шаң мен отты ғана көрдім Манаптарды көргенім жоқ.

Әбіш: - Ескендір Зұмхарнайынға қарсы соғысқан да сақ, қыпшақ, үйсіндер осындай әдіс қолданыпты. Түнде жорыққа шыққанда да әрбір сарбазға жеке от жақтырып, ал күндіз екі сап қолды екі таудың арасымен шаңды аспанға шығарып жүріп өткен. Бұны көрген Ескендір « Қазақтар мұнша көп қолы бар ма еді» деп сескеніп, қзақ даласына аттанудан бас тартыпты.

Алихан; - Бұл бір еске алатын қулық екен, - деді Кенесары. Біздің қолымыз қоршауға түсіп қалыпты Қоршаудан қашып шықтық. Бірақ алдымда Төрегелді манап басқарған Қалиғұл жасағы тұр екен. Қолға түстім, Қалиғұл маған « иманыңды айта бер, қазір басыңды аламыз» дейді. Мен иманымды келтіргеннен гөрі, өткен өмірімді, ағайын-туысымды, үзеңгілес серіктестерімді , туып өскен Көкшенің көкгілдір тауларын, Сарыарқаның айдын шалқар көлдерін,ғ жасыл орманын, көк шалғын белдерін есіме алдым. Басымды Қалиғұлдың қолындағы қылышқа тоса бердім. Сұп- суық болат қылыш көк желкемнен кірш етіп кіріп басым анадай жерге домалап түсті...

Абзал: - Қазақ түсінде өлген адам ұзақ жасайды дейтін еді, ұзақ жасайсыз Қанеке

Алихан – Қоя тұр, ұзак жасар құзғын құс кімге тұлға болып жүр?- деді. Қалиғұл менің басымды Рессей империясына арнап берді. Ол жерде менің миымды, бас терімді, кеңсірігімді сыпырып ап, маңдайыма күйдіріп «қырдың қарақшы сұлтаны Кенесары Қасымұлының басы» деген таңба салып, патша ағзамдардың тамаша заттары тұратын кең сарайға апарып қойды,..»

Әбіш: - Ойпырмай Кенеке, қайдағы жоқты көріпсыз ғой, - деді. Түс деген сандырақ емес пе, қайтесіз соны еске түсіріп... Қалсын пәлекет сол бетімен түс болып.

Алихан: - Менің қу басым бір кең сарайда тұрды. Ол сарайдың аты «Өрім тәж»дей ме, «Ерім тәж» дей ме әлгі үйді... Әркім келіп қу басқа қарай берді. Біреулер «Мынау қу бас дала сұлтаны Кенесары дегеннің басы ма?- дейді. Енді бірі «Россия патшасына көнбеймін дегендердің жайы осындай болады. Тірімде естімеген сөзімді сонда естідім. Түсімді жорудан бұрын, бір сұрағым бар:Ақ патша менің маңдайыма «қарақшы Сұлтаның басы» деп таңба салды. Россия патшалығына көнбей өз жерімізде қазақ хандығын құрамын десем, бұл қарақшылығым ба?

Әбіш: - Кім бұл іске қалай қарайды? Қоржыңды қарабура сияқты жендеттердің көзі мен қарағанда, әрине, сіз қарақшы қанышерсіз

Алихан: - Екінші сұрағым: ақ патшаға жағынып менім басымды алдырға Орман ханның басын әлгі Алтын сарайға қоймай, өмір бақи қас болып кеткен менің басымды неге қойды, соны ойлашы?

Абзал: -Орыс ұлы халық. Ұлы халық қашан да болса ұлылығын істейді . Жаман достан, жақсы қасты айыра бідеді.

Алихан : Ұлы халық. Ұлылығы қазақ секілді азғантай елді жәбірлегені ме?

Абзал:-Жәбірлегшен ақ патшағой ... Ал ол жәбірлемесін десең, сенің халқың да сондай көп, сондай ұлы болуы керек.

Алихан: -Аз ғана асқа бақауыл, аз ғана елге, бек болма деген осыда!

Абзал:- Неге олай дейсіз, хан ием! Көктегі күнді күркірете алатын жай тасы едің, қазағының басы құм секілді бірікпесе амалың не?

Алихан: -Иә, аз жұртты басқарсам да, көп жұртқа жараймын ба деуші едім, жаңа түсіндім: Бұл Абылай атам заман емес екен . Хан болып қаталдығымен жеңем бе деп едім, о да алдануым тәрізді. Қазір қазақтің басын біріктіруден қасқырдың басын біріктіру жеңіл.

Кенесары ханның ажалы өңінде қайталанып, қырғыздардың қолынан қаза табады.

Қорытынды: Жазушы атамыз Әзілхан Нұршайықовтың тәуелсіздік туралы айтылған сөзімен қортындылау.

  1. Тәуелсіздікті анаңдай ардақта , балаңдай мәпеле, құдайдай құүрметте!

  2. Тәуелсіздік қорғау – ұлттың ұйтқысын сақтау, еліңнің жеріне жау жуытпайу, халқыңның азбай-тозбай мәңгі өмір сүруіне өз үлесін қосу.

  3. Ханның да, қараның да рухани өзегі - тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі

  4. Тәуелсәздәк үшін тәніңді де, қаныңды да, жаныңды да аяма. Ең қасиетті күрес –тәуелсіздік үшін күрес екенін ұмытпа!

  5. Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, тәуелсіз елдің ұлтаны бол!

Бағалау:

Үйге тапсырма: Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романын оқып келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
?аза? ханды?ына - 550 жыл. Ильяс Есенберлинні? "?а?ар" романынан

Автор: МОЛБОСЫНОВА ОЗИПА АЛИЕВНА

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 203987


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства