Мақсатым – ұлт болашағына алаңдайтын ұлы тұлғалар тәрбиелеу. Міндетім – тәліммен қоса тәрбиені де қатар беру. Еңбек еткен ұстаздық жолымда қанша шәкіртке бағыт-бағдар бердім. Білім бәйгесінде баптағандарым бүгінде бір отбасының ұйтқысы, бір елдің белді азаматы болып отыр. Мамандықпен мақтану әсте әбестік емес. Өйткені, мұғалімнің қашанда рөлі шынайы, болмысы биік. Педагогика мен психологияны қатар алып жүру кім-кімнің болсын қолынан келе бермейді. Ұстаздық жолында одан бөлек, қоғамнан да хабарың болуы маңызды. Демек, әлеуметтану да артықшылық етпейді. Философия да ұстаздың басты қаруы. Ұстаз – осындай әмбебаптықты талап ететін күрделі мамандық. Мен Ұстазбын. Ертеңгі күннің еңселі ұрпағын саналылыққа қарай бағыттау басты міндетім. Ол үшін білім де, әдіс пен тәсіл де, арнайы дәреже де маңызды емес. Ең әуелі адамдықтың шынайы бейнесін шәкіртке көрсете білу қажет. Мейірімге мұқтаж мына заманда мұғалімнің берері мол. Қаталдық қағидасы бұл күнде өз мәнісін жойған. Себебі, бүгінгі қоғам тым күрделі. Оқушы психологиясы да соған сай қиындау. Ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнату, оқушымен тіл табыса білу, түрлі методика арқылы қызығушылықты арттыру – ұстаздың жетістігі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ертегілер еліне саяхат. Ертеңгілік.»
Ертегілер еліне саяхат Мақсаты: 1. Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау, буындату, дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін қорытындылау; 2. Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы заттарды өлшеу, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық есептер, таңбаларды білу арқылы балалардың білімін тиянақтау; 3. Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу; 4. Сурет салдыру арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету. Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, салыстыру. Көрнекіліктер:Ертегілер суреттері, атрибуттар, текшелер, жолақтар, 1-ден 10-ға дейінгі сандар, ауыр, жеңіл, сұйық, сусымалы заттар, музыка, қылқалам, бояу, сүлгі. Сөздік жұмысы: Ертегі, кейіпкер, сөз, сөйлем, дыбыс, буын. Мотивациялық қозғаушы: Балалар, бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, кәне амандасайық. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал қанекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме? Апайлар! -Балалар , енді орнымызға отырайық. Балалар, казір жылдың қай мезгілі? - Аптаның қай күні? -Біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Қай облыс, қай аудан, қай ауылда тұрамыз? -ҚР-ң елбасы кім? -ҚР-ң рәміздерін ата - Олай болса, бүгінгі сабағымызда Ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. «Қарлығаш пен Дәуіт» -Қандай ертегі еліне келдік? -Сендер бұл ертегі туралы білесіңдер ме? Ертегі туралы сұрақтар қою: -Қарлығаш балапандарын құтқаруға нелерден көмек сұрайды? (-Көкек, Қарға) -Қарлығашқа не көмектеседі? (Дәуіт) -Дәуіт қандай дос? -Қарлығаш қай мезгілде ұшып келеді? (Көктемде) -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктемде қандай өзгерістер болады?( Күн жылынады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді.) -Көктем мезгілінде неше ай бар? (3 ай бар,Наурыз, Сәуір, Мамыр) -Кім көктем туралы тақпақ біледі? Дамир: Көктем келді шуақты, Балаларды қуантты. Алақай-ау, алақай! Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты. Дала гүлге толыпты, Аққу көлге қоныпты. Алақай-ау, алақай! Көктем қандай көрікті. Көктемде қандай құстар ұшып келеді? (Қарлығаш, Көкек, Тырна,) -Құстар туралы кім тақпақ, мақал-мәтел, тыйым сөздер біледі? Ердос: Кезек-кезек шөп әкеліп, Ұлпа жүнді көп әкеліп. Таңдап алып қия жарды, Қарлығаштар ұя салды. Даниял: Жаршысымын көктемнің Көкек дейді мені жұрт Өз атын айтар құс менмін. Көктемді күтсең мені күт. Мақал-мәтел: Ердос: Қарға-қарғаның көзін шұқымас. Назира: Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады. Әсемай: Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға. Дидактикалық ойын: «Құстарды ажыратып, орналастыр» Ойынның шартымен түсіндіру. Балалар құстарды ажыратып, өз орындарына орналастырады. Сергіту сәті: Кәне қанат жазайық, қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық. Қарлығаш болып ұшайық, торғай болып қонайық. Сауысқан болып секіріп, тоқылдақ болып тоқиық. «Жыл басына таласқан хауанаттар» Балалар әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. -Балалар қандай ертегі еліне келдік? Дұрыс, айтасыңдар. -1 жылда неше ай бар? - 12 айды кім атап береді?( Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.) - Жыл басын ең бірінші көрген кім? Тышқан Олжас: Тышқан деген батырың, Таңды көзбен атырды. Төбесінен түйенің, Жылды көріп қатырды. Барлығына қараңдар. Жылды көрген тышқанды, Жылбасы деп санаңдар. Енді балалар тышқан деген сөзді буынға бөліп, сөйлем құрап, дыбыстық талдау жасайық. Ең алдымен сөйлем құрайық. (Тышқан жыл басы. Тышқан ін қазды.) -Неше сөзден құралып тұр? - Неше буын бар? Дыбыстық талдау жасайық. -Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? -Дыбыс нешеге бөлінеді? -Кім атап береді? Үстел үстіне отырып, жолаққа текше арқылы дыбыстық талдау жасайды. Тақтаға бір бала шығарып, дыбыстық талдау жасату. -Неше дауысты және дауыссыз дыбыс бар? «Қасқыр мен жеті лақ» Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. -Қандай ертегі еліне келдік? -Ой, балалар мына жерде ешкі жылап отыр екен. Кәнекей, не үшін жылап отыр сұрап көрейік. -Ешкі, ешкі сен неге жылап отырсың? Ешкі: Менің лақтарымды қасқыр босатпай жатыр, егер тапсырмаларымды орындасаң ғана босатамын дейді. Ал, мен тапсырмаларды орындай алмай отырмын. Балалар ешкінің жағдайы мәз емес екен. Кәнекей, тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе? 1.1-ден 10- ға дейін тура және кері санау. Дидактикалық ойын:«Жоғалған санды тап» 2. Кім санамақ біледі? Санамақ: Дидар: Бір дегенім - бесік, Шықтым содан өсіп. Екі дегенім - елім, Далам, тауым, көгім. Мөлдір: Үш дегенім - үміт, Үміт артар жігіт. Төрт дегенім - төзім, Төзе білем өзім. Алихан: Бес дегенім - бақыт, Бағалайтын уақыт. Алты деген - ақыл, Тыңдағаның мақұл. Жангүл: Жеті деген - жалау. Жүректегі алау. Сегіз деген - сөзің, Серт беретін кезің. Назира: Тоғыз деген - тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он дегенім - Отан, Қорға соны ботам! 3. Сандардың көршісін тап. 4.Ауыр және жеңіл, сұйық және сусымалы заттарды ажырат. 5.Мына суреттер қандай пішіндерден құралған? 6. Қандай таңбаларды білесің? 7.Логикалық есептерді шеш: 1.Жан-жаққа кетті зымырап, Мысықтан қорыққан тышқандар Қорапқа кірді біреуі, Артынан кетті екеуі, Тығылды сонда нешеуі? 2. Ағашта 4 торғай қонып тұр еді,ала мысықты көріп торғайлар ұшып кетті. Ағашта қанша торғай қалды? 3. Тауықтың алдында 2 балапан артында 3 балапаны тұр.Тауықтың барлық балапаны қанша? 4. 10 асықтың үшеуін досың сұрап алады.Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады? Қасқыр: Жарайсыңдар, сендер барлық тапсырмаларды белсенді орындадыңдар, мен лақтарды босатамын. Ешкі риза болып, қоштасып кетеді. Сабақты қорытындылау: Диаграмма жасау: -Бүгін біз қайда саяхат жасадық? -Бірінші қандай ертегіге кездестік? -Онда қандай тапсырма орындадық? - Екінші қандай ертегіге кездестік? - Онда қандай тапсырма орындадық? -Үшінші қандай ертегіге кездестік? -Онда қандай тапсырма орындадық? -Өз сезімдерімізді қалай білдірдік? -Ертегілер еліне -«Қарлығаш пен Дәуіт» -Тақпақ, мақал-мәтел, тыйым сөз, дидактикалық ойын ойнадық. -«Жыл басына таласқан хауанаттар» -Сөйлем құрадық, буынға бөлдік, дыбыстық талдау жасадық. -«Қасқыр мен жеті лақ» -Сандарды тура және кері санадық,ауыр, жеңіл, сұйық,сусымалы заттарды, пішіндерді ажыраттық. Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау. Кәнекей балалар шеңбер құрайық, Қонақтармен қоштасайық. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық. Күтілетін нәтиже: Білуі тиіс: Жыл бойындағы өткен сабақтарды, ертегілерді, санауды, сусымалы, сұйық заттарды, сөйлем құрауды, буынға бөлуді, табиғатты қорғауды, өз сезімдерін жеткізе біледі. Болуы қажет: Жыл бойы өтілген білімдерін тиянақтау.