Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Берекелі алтын күз"»
Тексерілді:
Балабақша әдіскері: Ж.Амангелдиева
Тақырыбы:«Берекелі алтын күз»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
І жүргізуші: Төңірек толы сары алтын Күз келді туған жеріме Шуағы нұрлы жайнаған Алтын күз әсем айналам
Армысыздар құрметті қонақтар баршаңызды күзгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз.Құттықтай отырып бүгінгі біздің ересек топтардың «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Ертеңгілігімізді бастамас бұрын «Жазира»балабақшасының меңгерушісі К.Жалгасбаеваға құттықтау сөзін берейік.
«Білімділер бекеті» ересек тобы хормен өлең жолдарын айтады.
ІІ жүргізуші: Олай болса,
Мерекесі халықтың Алтын күзді бастайық Алтын күзге арналған Ертеңгілігімзіді бастайық
Хор: «Күзгі жапырақтар»
Ғажайып сәт: Әуенмен залға күз ханшайымы келеді. -Саламатсызар ма балалар,саламатсыздар ма қонақтар.Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймын. -Балалар күз ханшайымы бізге қонаққа келіпті.Қандай өнер көрсетесіңдер.
Ән: «Қол шатыр» ортаға Ару мен Сайданы шақырамын.
Балалар,сіздерге сұрақ қойсам деп отырмын.
Балалар күз мезгілінде неше ай бар? (3)
Атайықшы. (Қыркүйек,Қазан,Қараша)
Сол үш айларды ортаға шақырып тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар: (Қыркүйек) Бірінші қыркүйек, Білімге бастады. Мал мен аң жүр билеп, Құс шарлап аспанды. Әмина,Әбдірахман
(Қазан) Жаңартқан ғаламды, Жаңбырлы ғажап ай.
Осынау заманды, Орнатқан қазан ай. Жансая,Ерсайын
(Қараша) Мол байлық тергені, Шаттығы қаншалық. Қарашы,өрледі, Қараша ән салып. Саян,Райяна
Би: «Көкөністер»
Тақпақтар:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап . Кәусар,Нұрислам,Нұрайша
«Білімділер бекеті» тобынан Қарақат,Әли,Шапағат
І жүргізуші: Балабақша бағында Сайраңдаймыз жанында Нақ өзіндей бүлдіршін Көп достардың жанында,-деп,біздің кішкентай қыздарымыз сіздерге ан
Келесі кезекте Хор: «Күзім-ау» «Болашақ»тобының бүлдіршіндері шырқайды.
Тақпақтар: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді Зере,Альбина,Мейіржан,Айзере
«Білімділер бекеті» тобынан Айбар
І жүргізуші: Бақ өсіріп көрік беріп Жайқалтамыз алқапты Алма,жүзім,өрік теріп Біздің бақтан тарапты.
Келесі кезекте Хор: «Алтын күзде молшылық» «Білімділер бекеті» тобы ән шырқайды.
Келесі кезекте мың бұралған бишіліерімізді ортаға шақырайық. Би: «Жаңбырлар»
Тақпақтар: Күздің қазан айында, Алма, алмұрт піседі. Жапырақтар сарғайып, Сыбдыр - сыбдыр түседі. Іңкәр,Шахназ,Інжу
«Білімділер бекеті» тобынан
Ойын: «Кім жылдам?»
І жүргізуші: Апортқа алма жетпейді Күллі әлем сүйсінген Дәмі аузыңнан кетпейді Хош иісі үйіңнен-,деп келесі кезекте Хор: «Балабақша бақытым»
Құрметті қонақтар,баршаңызды тағы да күз меркесімен құттықтаймыз.Осымен бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар