Мақсаты:Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Сахнада өздерін дұрыс ұстау мәдениеттерін жетілдіру. Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Жұмбақ, өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру.
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. Жапырақтарға келіп тоқтайды.
Жүргізуші:Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Меркелі, берекелі Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Ертеңгілікті бастайық.
Аяна:
Армысыздар, балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар!
Нұрали:
Если на деревьях
Листья пожелтели,
Если в край далеки
Птицы улетели,
Если небо хмурое,
Если дождик льется,
Это время года
Осенью зовется.
Айбар:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Т.Айша:
Фол из фан
Ай кен ран
Ай зе сан
Фол из фан
Артур:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Әли:
Жарып шыққан қауызын
Дән өмірлік азығын
Жегеніңде ақ нанды
Нәрге толар ауызың
Ерте тұрып,ақ таңнан
Қара жерге нәр құйған
Айналайын диқаннан
Егін егіп,нан жиған
Мейірұлы А:
Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді
Медина:
Закружился надо мной
Дождь из листьев озорной
До чего же он хорош!
Где такой еще найдешь
Ән: «Алтын күз»
Жүргізуші: Балалар, тыңдандаршы бізге көңілді гном келе жатыр. Кәне онымен ойын ойнайық. Жапырақтың астына тығылайық.
Музыка әуенімен гном келеді.
Гном: Мына жерде жапырақтар үйіліп қалыпты ғой. Маған жұмыс көбейіпті. Қазір мен бұл жерді ретке келтірейін.
Сыпыртқысымен сыпыра бастайды. Балалар ортаға жиналады.
Жүргізуші:
Қайың, терек басынан,
Қызыл, сары жапырақ.
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрлесе қалықтап.
Желдің дыбысы естіліп балалар қайта орындарына отыра қалады.
Гном: Ой мына желме, мазамды алды ғой. Мына жапырақтарды қайтадан жинау керек болды ғой!
Сыпырады. Балалар ортаға жиналады.
Жүргізуші:
Қайың, терек басынан,
Қызыл, сары жапырақ.
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрлесе қалықтап.
Желдің дыбысы естіледі. Балалар орындарына отыра қалады.
Гном: Ой мыналар жарпырақтар ма десем, бұлар балалар екен ғой! Менімен ойнағылары келген екен ғой. Мен шаршадым енді демалайын (маңдайын сүртеді). Сендердің өнерлерінді тамашалағым келіп тұр.
Жүргізуші:Бізбен бірге қалыңыз.
Балалар орындыққа отырады.
Көңілді гном: Балалар мен сендерге бір жұмбақ алып келдім. Кім шешуін табады екен.
Үсті толы ине,
Өзін қорғай алады,
Домаланып қалады. Қандай аң? (Кірпі)
Көңілді гном: Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақтың шешуін таптындар! Ой мына жерде көп кірпілер отыр екен ғой. Кәне, ортаға шығып билейік.
Би «Кірпілер»
Жүргізуші:
Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат шадыман күз келді.
(Музыка ойналады, Залға билеп Күз ханшайымы кіреді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, сүйкімді балалар. Бүгін сіздерде мереке болып жатыр гой, дендеріңіз сау болып, дастархандарыңыз жеміс жидекке толы болсын. Балалар мен сендердің тақпақтарыңды, ән мен билеріңді сағынып келдім. Мен сендерге түрлі түсті жапырақтарымды ала келдім.
Қане, қыздар келіңдерше, осы жапырақтармен би билейік.
Би: «Жапырақтар биі»
Жүргізуші: Ортаға тақпақтарын айтуға Айдана, Диас,Т.Бекарыс, Аружан, А.Бекарыс, Рустам, Лилия, Нұрасыл, Д.Айша
Айдана:
Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілді
Ай жапырақ сары алтын
Айналаның бәрі алтын
Диас:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді,
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.
Т.Бекарыс:
Наступила осень
Пожелтел наш сад
Листья на березе
Золотом горят
Не слыхать веселых
Песен соловья
Улетели птицы
В дальниек края
Аружан:
Что за время года
Дождик морсит
Это просто осень
В детский сад спешит
А.Бекарыс:
Алтын суық күз келді
Жел мен жаңбыр әкелді
Құстар ұшып кетеді
Ән салмайды өтеді
Рустам:
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Лилия:
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді
Нұрасыл:
Стало вдруг светлее вдвое
Двор, как в солнечных лучах
Это платье золотое
У березы на плечах
Утром мы во двор идем
Листья сыплются дождем
Под ногами шелестят
И летят, летят, летят
Д.Айша:
Күн суытып келеді
Жапырақтар түседі
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз-мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Гном: Балалар, мен сендерге тағы да бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Кім шешуін табады екен.
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,
От жағып,дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр. ( жаңбыр)
Жүргізуші: Дұрыс таптыңдар балалар! Енді осы жаңбыр туралы ағылшынша жаттаған өлеңімізді айтып берейік.
Ән «Рейн,рейн»
Жүргізуші:Балалар тақпақтарынды айтуға ортаға шығындар. Айым, Бекнұр, Дарина, Махамбет, Дастан, Маржан, Айару, Балауса, Алмас, Мұратбек Алдияр
Айым:
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал-терек
Жапырағын жұлғызып
Бекнұр:
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін
Дарина:
Осень славная пара
Любить осень детвора
Груша,слива,винаград
Все поспела для ребят
Махамбет:
Заглянула осень в сад
Птицы улетели
За окном с утра шуршат
Желтые метели
Дастан:
Дарит осень чудеса
Да еще какие!
Разнаряжены леса
В шапки золотые
Маржан:
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді.
Айару:
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды
Балауса:
Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді
Алмас:
Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан
Қаздар қайтып барады
Қайтқан елдей жайлаудан
Соңғы шуақ төгіліп
Салқындатып тұр аймақ
Ақ сәулеге шомылып
Жапырақтар жүр ойнап
Мұратбек Алдияр:
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр – сыбдыр етеді
Жүргізуші: Балалар, бізге тағыда қонақ келе жатқан сияқты. Қарсы алайық.
Музыка әуенімен Бағбан ата келеді.
Бағбан ата: Мен қайда келдім? Мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, Бағбан ата! Біз «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз. Балапан тобына келдіңіз.
Бағбан ата: Мен бақшамыздағы көкөністерімді іздеп жүрмін. Сендерге келмеді ме? (қолымен қарайды) А-а-а, мұнда екен ғой! Кәне, менің қасыма шығындар!
Көкөністер шығады.
Бағбан ата: Балалар, мен сендер ауырмасын деп көкөністерді көп өсірдім. Кәне, көкөністер айтыңдаршы!
Айбар: Мен орамжапырақпын. Мен дәрумендерге баймын.
А.Бекарыс: Мен қызанақпын. Мені көп жесендер ауырмайсындар!
Т.Бекарыс: Мен пяизбын. Мені көп жесендер қыста тұмаумен ауырмайсындар.
Рустам: Мен шалқанмын. Мен дәрумендерге баймын.
Али: Мен сәбізбін. Мені көп жесендер бойларын ұзын болып өседі.
Жүргізуші: Көрдіңдер ме, балалар! Көкөністер өте пайдалы екен. Көп жеуіміз керек.
Т.Бекарыс: Біз құр келген жоқпыз. Сендерге би алып келдік.
Бәрі: Мерекелеріңізге би билеп берейік.
Би «Көкөністер»
Жүргізуші: Көрдіңдер ме, балалар Алтын күзіміз өте жомарт екен. Көп жемістер мен көкністер піседі. Осы жомарттығына риза болып «Күз жомарт» әнін айтып берейікші.
Ән «Күз жомарт»
Жүргізуші: Жақсы балалар! Енді біздің Алтын күзіміздің қоштасатын уақыты болыпты.
Алтын күз: Балалар, сендерге риза болдым. Өте өнерлі екенсіңдер! Мен сендерге құр келген жоқпын. Өзімнің бағымнан жемістер алып келдім. Тәрбиеші апайларға берейін.
Гном: Ой, балалар, менің де кететін уақытым болды. Сендер өте өнерлі екенсіңдер. Рахмет сендерге! Гном бірге шығып кетеді.
Алтын күз бен Гном қоштасады.
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзімізбен қоштастық. Енді біздің де қайтатын уақытымыз болды. Алтын күздің сыйын топта барғанда беремін. Құрметті ата –аналар осымен біздің даярлаған «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!