Просмотр содержимого документа
«Дене шынықтыру сабағынан»
«Балалардың денсаулығы - ұлт саулығы» (спорттық ойын - сауық)
Мақсаты: Білімділік: Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік, күш, сапалық қасиеттерін дамыту Дамытушылық: Балаларды дене даярлық сапасын арттыру, бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл — әрекетке жаттықтыру. Тәрбиелік: Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ. Сабақтың әдісі: Эстофеталық жарыстар. Сабақтың тәрбиелік мәні: Дене тәрбиесі мәдениеті мен гигиенасын дамыту. Өтілетін орын: Музыка залы Керекті құрал — жабдықтар: самокаттар, доптар, ойыншық күрек, арқан, екі доға, 6обруч, екі орындық, кедергілер, секіретін шар. Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, балалар! Бүгінгі өткелі тұрған «Баланың денсаулығы-ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымызға қош келдіңіздер!
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сараптарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Бүгінгі жарысымызда әділ баға беріп төрелік ететін әділқазылар алқасымен танысайық.
Шаттық шеңбер: Біз бақытты баламыз, Шыныға да аламыз Сәулетті елдің көгінде Шамшырақ болып жанамыз. (иіліп сәлем беру)
Осы спорттық іс-шараға арнаған балалардың тақпақтары бар:
Айғаным: Спорт, спорт, спорт,
Денсаулыққа пайдалы.
Секірген әрі жүгірткен
Жаттықтырған адамды.
Дильназ:
Спорт – көркі өмірдің, Спорт - досың, серігің. Жаттықсаң шымыр боларсың, Шынығып, өсіп, толарсың
Надира:
Спорт сенің серігің-
Жанға дауа, қолға күш.
Сергітетін адамды-
Қимыл менен қозғалыс.
(Осы кезде музыка залына доктор Айболит кіреді. Балалармен амандасады.)
Жүргізуші:
Дүбірле бақшам, дүбірле,
Жақсылық болсын үйіңде.
Қуаныш толып жүзіңде
Арнаулы жолдан сүрінбе
Жарыста нағыз мықтылар,
Жеңіске жетер түбінде
Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
1.Топтың аты мен ұраны;
2.«Кедергілер» жарысы
3.«Самокат» жарысы
4.«Күрекпен шар тасу» жарысы
5.«Кенгуру» жарысы
6.«Арқан тартыс» жарысы
Жүргізуші:
Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке-жеке команда.
Ал балалар, өздеріңді танытыңдар,
Естелік, мықтылық, батылдық, көрсетіп табанды
«Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз,
Жарысымызды бастаймыз!
Ал енді сайысымызды бастайық.
Топтың аты мен ұраны.
Әр топ өздерінің атымен ұрандарын таныстырсын.
«Сұңқар»тобы
Топтың ұраны: «Сұңқарлар алға, биікке самға, ешкімнен қалма!!!» Эмблемасы
«Тұлпар» тобы
Топтың ұраны: «Тұлпар болып шабамыз, сұңқардан біз озамыз» Эмблемасы
Жүргізуші:
Қалма жүрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
2.«Кедергілер» жарысы Ойын шарты: Бағдаршам көздерінің үстінен қоянша секіру, орындық үстімен еңбектеу. Құрсау арасынан өту. Допты баскетбол сеткасына лақтыру.
3. «Самокат» жарысы
Ойын шарты: Әр топтың ойыншысы самокатпен белгіленген межеден айналып жарысады.
4. «Күрекпен шар тасу» жарысы
Ойын шарты: Әр топтың ойыншысы ыдыстағы допты қарсы жақтағы бос ыдысқа ойыншық күрекпен тасуы қажет.
5. «Кенгуру» жарысы
Ойын шарты: Үрленген шарлармен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Жүргізуші:
Қазағымның ойыны арқан тартыс,
Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс
Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс.
Көтеріп, ең биікке туын намыс.
6.«Арқан тартыс» жарысы
Ойын шарты: Ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан бегісі бар. Екі топ арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.