Ертеңгілік тақырыбы: «Дәруменге толы күз»
Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген. Ортаға 3 бала шығады:
Қойлым: «Дәруменге толы күз»
Раяна:
Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Інжу:
Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
Ақерке:
Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Дәруменге толы күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Амир:
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Қыздар айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Раяна : Енді біз саған бір жұмбақ жасырайық, тауып көрші.
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін- бұл не, Амир?
Амир:
Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
Раяна: Енді, не істейміз?
Ақерке:
Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Амир:
Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез.
Қыздар : Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі дарігер келеді)
Дәрігер:
Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Раяна: Мансурға дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер:
Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын. (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дәрігер: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы. (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың жоқ екен
Білдім, неден ауырғаныңды.!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Амир: Енді не істеймін?
Дәрігер:
Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!.
Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
- Алло, алло! Егінші ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек еді
Поезбен жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(Поездің дауысы естіліп, Егінші жемістер мен көкөністерді тиеп алып келеді)
Дәрігер: Қош келдің, Егінші!
Егінші: Баршаңызға сәлем бердім. Күз берекелі болсын! Баршаңыз дәм татсын деп жаз бойы өсіріп баққан жемістерім мен көкеністерімді ала келдім.
Дәрігер: Дұрыс істедің Егінші бізге дәрумендер өте қажет болып жатыр.
Ендеше не тұрыс бір тамаша ән салмаймызба
Ән: «Күз тамаша» әнін орындау
Дәрігер: Егінші мен бұл жеміс пен көкеністеріңізді таный алмай тұрмын.
Өз-өздерін таныстырса.
Бұршақ:
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдармен
Сый жасаймын бәріне Ару
Қызылша:
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегрете үстелде Ералы
Қырыққабат:
Мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
Жейді бәрі тамсана Али
Қарбыз:
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таңғалды.
Бәріне сый боламын.
Тауып көр менен дарханды! Надир
Сәбіз:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де! Даяна
Қызанақ:
Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген? Айсури
Пияз:
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық - барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға. Сырым
Жүзім
Жүзім пісті бір-бірлеп
Үзіп мәзбіз біз енді
Қоңырауы күмбірлеп
Қыркүйекте күз келді Камила
Құлпынай
Жапырақта тасалап
Өскен жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Оның аты құлпынай Дамиля
Алма
Мен алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал-дәмді
Достарыма арнадым Нурали
Дәрігер: Бәсе енді сенді таныдым. Дәрумендер ағзамызға өте пайдалы.
Егінші: Қане, ендеше тір тамаша биімізді билеп жіберейік.
Қыздар биі: «Жапырақтар»
Күннің күркірегені, желдің соққаны естіледі де әдемі әуенмен Алтын күз кіреді.
Күз ханшайымы: - Баршаңызға сәлем бердім. Құрметті қонақтар, Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейік.
Сұлтан
Бір-біріне жер аспан,
Мейіріммен қарасқан.
Ұстаз-шәкірт жүздескен,
Қош келіпсіз күз дескен.
Бірінші қыркүйек,
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
Алинур
Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты.
Сары даланы сәндетіп,
Думандатып, әндетіп.
Жаңбырлы ғажап айы,
Бұл мен қазан айы.
Темірлан
Мол байлық тергені,
Шаттығы қаншалық.
Қараша өрледі,
Қараша ән салып.
Күн суытып барады,
Малдар қолға қарады.
Қараша ауыл даламыз,
Қысқа дайын боламыз.
Дәрігер: Төрлетіңіздер, жоғары шығыңыз.
Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз.
Інжудің орындауында «Бұл алтын күз» әні
Жүргізуші: Балаларымыздың ағылшын тіліндегі тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Раяна
Е литл ельф
Сәт ин е три
Пейнтинг ливз
Ту сру әт ми
Ливз оф иеллоу
Енд ливз оф ред
Кам тамблинг даун.
Ақерке:
Ред ливз енд иеллоу ливз
Оринж ливз енд браун
Ливз адәнсинг евриуеа
Хәпли дәнсинг даун.
Бахтияр
Нөу саншайн лотс оф рейн
Нөу уам дейз сноу егейн
Нөу багз ор биз
Нөу ливз он триз
Ю маст ремембә
Зис из новембә.
Айша:
Нөу шейд нөу шайн
Нөу батафлайз нөу биз
Нөу фрут нөу флауаз
Нөу ливз нөу бөдз новембә.
Алихан
Уол зе ливз е фалинг даун
Оринж иеллоу ред енд браун
Фалинг софти әс зей ду
Өуве ми енд ю
Уол зе ливз е фалинг даун
Оринж иеллоу ред енд браун.
Сценка «Как звери грибы собирали»
Жүргізуші- Асылым
Тышқан-Адема
Түлкі-Ақерке
Аю-Бахтияр
Тиін-Айя
Кірпі-Мәди
Ән: «Күз»
Би: «Флеш моб»
м