Мақсатым – ұлт болашағына алаңдайтын ұлы тұлғалар тәрбиелеу. Міндетім – тәліммен қоса тәрбиені де қатар беру. Еңбек еткен ұстаздық жолымда қанша шәкіртке бағыт-бағдар бердім. Білім бәйгесінде баптағандарым бүгінде бір отбасының ұйтқысы, бір елдің белді азаматы болып отыр. Мамандықпен мақтану әсте әбестік емес. Өйткені, мұғалімнің қашанда рөлі шынайы, болмысы биік. Педагогика мен психологияны қатар алып жүру кім-кімнің болсын қолынан келе бермейді. Ұстаздық жолында одан бөлек, қоғамнан да хабарың болуы маңызды. Демек, әлеуметтану да артықшылық етпейді. Философия да ұстаздың басты қаруы. Ұстаз – осындай әмбебаптықты талап ететін күрделі мамандық. Мен Ұстазбын. Ертеңгі күннің еңселі ұрпағын саналылыққа қарай бағыттау басты міндетім. Ол үшін білім де, әдіс пен тәсіл де, арнайы дәреже де маңызды емес. Ең әуелі адамдықтың шынайы бейнесін шәкіртке көрсете білу қажет. Мейірімге мұқтаж мына заманда мұғалімнің берері мол. Қаталдық қағидасы бұл күнде өз мәнісін жойған. Себебі, бүгінгі қоғам тым күрделі. Оқушы психологиясы да соған сай қиындау. Ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнату, оқушымен тіл табыса білу, түрлі методика арқылы қызығушылықты арттыру – ұстаздың жетістігі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Би өнерінің бала тәрбиесіне әсері мен маңызы»
Би өнерінің бала тәрбиесіне әсері
Балабақшада жас жеткіншектерді өнерге баулып, оларға эстетикалық тәрбие беруде бидің маңызы зор. Ол баланы музыка тыңдауға, ырғақты сезініп, мәнерлі қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеп, дене бітімінің сымбатты болып өсуіне жол ашады. Мектеп жасына дейін хореографиялық негіз алған балалар жеткілікті түрде мықты қимыл-қозғалыс дағдысы мен қабілетін меңгерумен қатар, жақсы есте сақтау, зейін , ұшқыр қиялмен ерекшеленеді. Баланың эстетикалық, физикалық және рухани ойлау қабілеттерін тәрбиелеуге би өнері қомақты әсерін тигізеді. Би тек сұлулыққа ғана қызмет етпейді. Ол дененің физикалық дамуына да ықпал етіп, дене иілгіштік қасиетін дамытады. Олай болса, хореография іс-әрекеті баланың белсенді қимылдауын шығармашылық тұрғыда іске асырып қана қоймай, әр-түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы ерте жаста ырғақты сезіну ет пен дене бітімін күшейту мен дамытуға әкелетінін де атап өтуге болады .Бала бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар. Сол қасиеттерді дамыту ісі дәл балабақшада басталмақшы.
Спасибо, объявление скрыто.
Мектепке дейінгі тәрбиеленіп отырған балалар үшін би өнері көңілді де қызықты болуы шарт. Ең алдымен биді билеуге үйрету үшін ән мен күй тыңдауы, оны түсіндіру қажет. Сол себепті көңілді-көңілсіз, шапшаң-жай ырғақтарын таныстыра отырып, балаалрға би қимылдары үлгі арқылы үйретіледі. Би қимыл элементтері негізінен үш жастан бастап үйретіледі. Би қимылдарын оларға белгілі бір құралдармен ойыншықтармен үйреткен анағұрлым жеңілірек. Ал жоғары топтарда көбіне қазақтың ұлттық билерін және басқа ұлттардың билерін үйретуді қолға аламыз. Бұл топтарда асатаяқ, домбыра, даңғыра кесе, орамал, қамшы, қылыш т.б құралдар қолданылады. Көпшілігі аяқ, қол, иық қимылдарына арналған. Бұл билердің барлығы балаларға өте қызық, орындауға жеңіл. Би ырғағымен үйлесе билеу үшін, балаларда белгілі бір қимыл қоры болуы тиіс. Ол дене жаттығу қимылдарынан алынады. Сондай ақ, гимнастикалық жаттығу қимылдары да қолданыс табады. Аталған қимылдар доп, құрсау, лента заттармен күрделеніп,ортаңғы және мектепке даярлық топтарда үйретіледі.
Іс-әрекет үстінде әрбір дененің бар қимылдарын орындап қана қоймай биге қызығушылығын ынталандыра, музыка ырғағына сәкес,мәнерлі көрсетеді. Би қимылдары ең бір күтпеген ойлардан , кейбір қоршаған ортадағы жағдайларды бақылаудан пайда болады.
Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі хореография іс-әрекеті мына міндеттерді іске асырады:
— Бала денсаулығын нығайтуды;
— Музыкалық ырғақты,қарқынды сезінуді, биді мәнерле орындауды, олардың жекелеген элементтерін меңгеруді;
— Әдемі жүріс-тұрыс дене сымбаттылығын ептілікті қалыптастыруды, мәнерлі дене қозғалысымен мен қалпын ұстауды үйретеді.