Просмотр содержимого документа
«"Балабақша бастауы"»
Спортты ал серікке ...
Тақырыбы: Спортты ал серікке ...
Мақсаты:І. Білімділік
Қызметкерлердің жеке денсаулығы мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру
және дене шынықтыру пәніне қызығушылықтарын арттыру
ІІ. Дамытушылық
Қызметкерлерді тез әрі орнықты қимыл – әрекетке жаттықтыру, психологиялық процестер мен адамдық қасиетті дамыту.
ІІІ. Тәрбиелік
Қызметкерлердің ойын кезінде өзін – өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу..
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Қажетті құрал – жабдықтар: доп, кедергілер, секірме, төсеніш, стол Өтілетін орын: спорт зал
Спортты ал серікке ...
(спорттық жарыс)
Барысы: 1. Кіріспе сөз;
2. Спорттық жарыс;
3. Қорытынды сөз, марапаттау.
Жарысқа қатысатын «Қыран» балабақшасының қызметкерлерінен құралған команда. Әр команданың өз аттары, өз ұрандары бар.
«Жасқыран» командасы
«Сұңқар» командасы.
Жарысты өткізу ережелері:
А) Топты өз орындарына тұрғызу;
Ә) Әділ қазылар сайлау.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым «Қыран» балабақшасының қызметкерлері. Бүгінгі «Спортты ал серікке ...» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттен аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін «Қыран» балабақшасының қызметкерлері арасында спорттық сайыс өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші: Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз,
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйер де, төреші де өзіңіз.
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен танысайық.
Ал ендеше сайысымыздың шарттары мен таныстырып өтейін.
Спорттықжарысойыныныңшарттары:
Таныстыру. Әр команда өздерін таныстырады.
Мәреге кім бұрын?
3 – ші адам артық.
Кім мерген?
Допты ойын.
Секіртпе мен секіру.
Кім жылдам?
Ептілік
Ал, қызметкерлер сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Денсаулық – шексіз бақыт,
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда, - деп, алғашқы ойынымызға көшейік.
«Мәрегекімбұрын?»
Ойыншарты: Мұғалімнің берген бұйрығы бойынша сөре сызығына жүгіріп шығып жалаушадан айналып, шеңберден өтіп, тура жүгіріп келіп екінші ойыншыға таяқшаны береді. Ол таяқшаны алысымен сөреден жүгіріп шығып, ойынды бірінші ойыншы сияқты жалғастырады. Қай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.
Жүргізуші:Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Сайысымыздың келесі бөлімі «3 – шіадамартық»
Ойыншарты: Ортаға 3 стол қойылады. Әрбір командадан 2 адамнан шығады. Столды айнала жүріп, ысқырған кезде орындыққа тез отыру керек. Отырып үлгермеген ойыншы ойыннан шығады. Столды кеміте отырып ойынды жалғастырамыз.
«Кіммерген?»
Ойыншарты: Алдыда тұрған 5 – 6 метр қашықтықтағы шарды жару керек. Ол үшін алдымен кедергілер арасынан жүгіріп келіп шарды жарады. Қанша шар жарылса, сонша ұпай жазылу керек.
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,
Бой күйез болма, еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық еңбекпен.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Доптыойын»
Ойыншарты: Бір адам допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады..
«Секіртпеменсекіру»
Ойыншарты: Белгі бойынша кедергілер арасынан секіріп барып, секіріп қайтады. Ойыншы сөре сызығына секіріп жетіп екінші ойыншының қолына секіртпені береді. Ойын солай жалғаса береді. Қай команда бұрын келсе, жеңімпаз атанады.
Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
«Кімжылдам?»
Ойыншарты: Төсеніштен жүгіріп барып домалау, қайтарда тура қайту.
«Ептілік»
Ойыншарты: Екі адам допты аяқтарының арасынан түсірмей бір – біріне беру керек, қайтар жолда допты бастарының арасынан ұстап кедергілер арасымен келіп ойыншыларға тапсырады. Олай болса қатысушылар сіздерге сәттілік!
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Спортты ал серікке ...» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.